ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

12.10.2018 15:01:21

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға іріктеу жүргізетін конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Совет Кеңесұлы Бабанаев аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Совет Бабанаев – 1965 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды кооперативтік институтын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау», Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қазалы аудандық дайындау кеңсесінде қосалқы ауылшаруашылығының есепшісі болып бастап, 1988 жылдың маусым айына дейін Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген. 1988-1992 жылдары Қазалы аудандық Тұтынушылар одағының бас бухгалтер орынбасары, Қызылорда облыстық көтерме балық қоймасының бас есепшісі, 1992-1999 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, салық комитетінің сектор меңгерушісі, аудит және өндіріп алу басқармасының бөлім бастығы, 1999-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Қазалы, Арал, Жалағаш аудандарында салық басқармаларының бастығы, 2014-2016 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Ақпарат көзі:

Кіру

×