ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар «ШАПАҒАТ» – МЕМЛЕКЕТТІК ПРЕМИЯНЫҢ ИЕГЕРІ

«ШАПАҒАТ» – МЕМЛЕКЕТТІК ПРЕМИЯНЫҢ ИЕГЕРІ

06.12.2018 19:44:02

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысының қатысуымен осы жылдың 27-28 қарашасында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» VIII Азаматтық Форумы болып өтті. Оған біздің ауданнан делегат ретінде «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы қоғамдық қорының директоры Шынаркүл Жеңсікбаева қатысты.

Қазақстанның VIII Азаматтық Форум шеңберінде Қазақстанның «Таным» республикалық қоғамдық сыйлығын табыстау және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары арасында сыйлықтың құрметті лауреаты атағын беру үшін конкурс жарияланды.
Сыйлықтың мақсаты – Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуына және дамуына баға жетпес үлес қосқан ҮЕҰ мүшелерінің қызметіндегі жетістіктерді көпшілік алдында мойындату.

Аталған шара барысында ауданымызда 23 жылдан бері даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы қоғамдық қоры үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақының лауреаты, «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау» номинациясы бойынша марапатталды. 
«Шапағат» ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі:

Кіру

×