ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар «ШАҒАЛА» ЛАГЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

«ШАҒАЛА» ЛАГЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

06.06.2019 17:17:35

Жадырап жаз шығысымен балалардың барлығы жазғы тынығу лагерлеріне барып тынығады. Дәстүрге айналған мұндай тынығу мерзімі жыл айналып тағы да келді. Осыған орай Қазалыдағы «Шағала» балалар лагері 1 маусымнан бастап жазғы тынығу маусымына балаларды қабылдады.

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында өткен лагердьдің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады. Сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.

Қазіргі таңда лагерьдің бірінші ауысымында 125 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін 13 тәрбиеші барын салып жүр. Демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.

Жалпы, жазғы жеті ауысымда 875 бала тынығады. Оның ішінде тұрмысы төмен отбасылардың 480 баласы демалу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген.

Ақпарат көзі:

Кіру

×