ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Басты бет Жаңалықтар ЖАЗУШЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

ЖАЗУШЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

16.10.2018 10:46:43

Аудандық мәдениет орталығында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, көрнекті жазушы, эколог, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Тағдыры теңізбен тамырлас» атты оқырмандармен кездесу кеші болып өтті. Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Ә. Жарылқағанов ашып, аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Қазақы дәстүрмен шапан жапты. Сондай-ақ жазушыға қазалылық замандастары ыстық лебіздерін білдірді. Арал теңізінің мәселесін арқау еткен «Абыржы» романымен елімізге есімі белгілі жазушы С.Жұбатырұлы Қазалы ауданының жұртшылығына өз ризашылығын білдірді. Кеш соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты

Ақпарат көзі:

Кіру

×