ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Құқық Президенттің жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-насихаттық талдау жұмыстары туралы

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-насихаттық талдау жұмыстары туралы

Қазалы ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық суйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 (ІІ тоқсан 2017 жыл)


Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың 6 ақпаны күніаудан әкімімен бекітілген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтсақ, 2017 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында аудан тұрғындарының арасында Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, насихаттау мақсатында халықпен 170-ке жуық кездесу өткізілді. Оның ішінде 35-ке жуығы аудандық мәслихат депутаттары елді-мекендерді аралап үгіт-насихат жүргізді, 15-кездесуде облыстық ақпараттық топ мүшелері аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізді, 75-ке жуық кездесу ауданға қарасты мекемелер, кәсіпорындар, білім беру ұйымдарында өзара ұжымдық кездесу өткізді, 25-і аудандағы үш арнаулы орта колледждерінде жастармен кездесулер, қалған 20 кездесу аудан жастарының көшбасылары ауылдық елді-мекендерге іссапарда болып ауыл жастарына Жолдаудың бағыт бағдарын түсіндірді.

Бұдан бөлек Жолдауды насихаттау мақсатында қоғамдық жерлерде, стадион, саябақтар, қоғамдық көлік, вокзал, мәдениет үйлері және оқу ғимараттарында Қазалы ауданы бойынша 70-ге жуық билбордтар орналастырылды. Қазақстан Республикасы парламент мәжіліс бастаған топ мүшелері алдымен «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиялында қоғамдық қабылдау өткізіп, және ауданға қарасты ауылдық округтер тұрғындарына Жолдаудың негізгі жолдарын түсіндірді. Аудан бойынша 4 мыңға жуық адам қатыстырылды. 




«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-насихаттық талдау жұмыстары туралы

 (І тоқсан 2017 жыл)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінде республикалық, облыстық ақпараттық насихаттық топтар құрылған. Осындай ақпараттық-насихаттық топ мүшелері біздің ауданымызда болып, халықпен кездесулер өткізді. 

2017 жылдың І тоқсанында тұрғындарға Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, насихаттау мақсатында 160-қа жуық кездесу өткізілді. Оның 35-ке жуығы аудандық мәслихат депутаттары, 15 кездесу облыстық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен өткізілген. Ауданға қарасты мекемелер, кәсіпорындар, білім беру ұйымдарында өткізілген өзара ұжымдық кездесулер саны 65-ке жуықтаса, 25 аудандағы үш арнаулы орта колледждерінде жастармен кездесулер, қалған 20 кездесу аудан жастарының көшбасшылары ауылдық елді мекендерді аралап ауыл жастарына Елбасы Жолдауының бағыт бағдарын түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі бастаған топ мүшелері алдымен «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалында қоғамдық қабылдаулар өткізіп, одан қалды ауылдық округ тұрғындарына Жолдаудың негізгі жолдарын түсіндірді. Аудан бойынша жалпы 6 мыңға жуық адам қатыстырылды.

Жолдауды насихаттау және түсіндіру жөнінде аудан әкімінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №50 өкімімен ауданда 8 ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, қосымша аралау кестесі бекітілді. Олардың құрамында мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері, жастар көшбасшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.  

Ауданда өткізілген кездесу жиындары жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы арқылы ақпараттандырылып, аудандық, облыстық басылымдарда жарияланды.

Елбасы Жолдауын қолдау мақсатында аудандық газеттерде арнайы айдарлар ашылып, халықтың түрлі топтарының үнқосулары жариялануда. Бүгінгі күнге дейін аймақтық «Тұран-Қазалы» және аудандық «Қазалы» газеттерінде Елбасы Жолдауын қолдауға арналған 100-ге жуық материал жарияланды. Сонымен қатар, Жолдауды насихаттау шаралары жыл көлемінде жалғасын табатын болады.



Кіру