ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Құқық Президенттің жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының насихатталуы бойынша ақпарат

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының насихатталуы бойынша ақпарат

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының насихатталуы бойынша ақпарат

(ІІІ тоқсан)

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінде аудан әкімінің өкімімен 45 адамнан жасақталған 8 насихаттық құрылды. Олардың құрамында мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар көшбасшылары қамтылған.

Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы 1 - кезең бойынша 27 есепті кездесулер өткізіліп, оған 8856 тұрғын қатысты.

2-кезең жер мәселесіне қатысты әлеуметтік қауырттылық туындау барысында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 21 кездесу ұйымдастырылып, 7 мыңға жуық адам қамтылды.

Жалпы, Жолдауды насихаттауға арналған аудан бойынша 53 кездесу, 7 дөңгелек үстел өткізілген.

Негізінен, Елбасы Жолдауын қолдау мақсатында аудандық газеттерде арнайы айдарлар ашылып, халықтың түрлі топтарының үнқосулары жариялануда. Бүгінгі күнге дейін аймақтық «Тұран-Қазалы» және аудандық «Қазалы» газеттерінде Елбасы Жолдауын қолдауға арналған 200-ден аса материал жарияланды. Сондай-ақ, «Серік ТВ» телеарнасы арқылы 38 сюжет көрсетілді.

Жолдаудың ізгі жолдарына үн қосқан  мұндай материалдар алдағы уақытта да ұдайы жарияланатын болады.

Кіру