ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Құқық Президенттің жолдауы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат

(2018 жылдың І тоқсаны)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Жолдауды насихаттау және түсіндіру жөнінде аудан әкімінің 2018 жылғы 2 наурыздағы №111 өкімімен құрамында 40 мүшесі бар ауданда 8 ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, аралау кестесі бекітілді. Топ құрамына мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері, жастар көшбасшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.

2018 жылдың ақпан - наурыз айлары аралығында аудан тұрғындарының арасында Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, насихаттау мақсатында халықпен 15-ке жуық кездесу өткізіліп, 5480 тұрғын қамтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында 2018 жылдың 22 ақпанында Республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Асавбаев  Әсет  Асанұлы келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізді. Аталған жиынға 130 адам қатысып, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Дүйсен Майлкайдар, аудандық мәслихат депутаты Сарабеков Әділбек, Қазалы ауданы «Жас Орда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Әлібек өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, жауабын алды.

Кіру

×