ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика

Орындалуы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласы бойынша ақпарат

 

Ауданда қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласын іске асыру және ілгерілету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаны түсіндіру және халыққа кеңінен насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобымен Қазалы ауданының барлық елді-мекендерінде, мекемелерде 50-ден астам кездесулер ұйымдастырылды.

Ауданымыздағы жастар ұйымдары, білім беру мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар бағдарламада көзделген бағыттар бойынша жұмысты жандандыруға тартылуда. «Атамекен» өнер фестивалі, «Жастар. Қоғам. Болашақ» тақырыбында аудан жастарының жобалары, Бірлік, Жеңіс, Астана, Балаларды қорғау, Білім, Конституция күндеріне арналған мерекелік шаралар республикалық, облыстық және аудандық деңгейде  өткізілді.

Бірі – Шығыстың жарық жұлдызы, бірі – Шығыстың шынары атанған, өмірден тым жас кетсе де елдік мұрат жолындағы істерге ерте араласып, кейінгі ұрпаққа мәңгі өнеге болған  Ғани Мұратбаев пен Әлия Молдағұлованың өмір жолдарын насихаттаған жылжымалы көрме екі өңірдің халқына бір ай бойы қызмет етті.11 мамырда «Ұлы даланың рухани мұрасы» атты жылжымалы көрменің жабылу салтанаты өтті. Шарада Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында музейдің атқарып жатқан жұмыстарынан слайд дайындалып, қонақтарға көрсетілді. Шараға Ақтөбеден келген делегация, қала тұрғындары мен мектеп оқушылары, студенттер, музей жанынан ашылған «Өнеге» бірлестігінің мүшелері,»Жас ғанитанушылар» үйірмесінің оқушылары барлығы 165 адам қатысты.

Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өлке тарихын зерттеу, туған жердің мәртебесін көтеру, танымал тұлғалар өмірін насихаттау мақсатында да бірқатар шаралар орын алды. Атап айтар болсақ, Жалаңтөс Баһадүрдің 440 жылдығы (136,8 млн. теңге), Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл және  Қазалы қаласының атауына 150 жыл толуына (434,3 млн. теңге) орай шаралар жоғары деңгейде атап өтілді.

Сонымен қатар, өткен жылы КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 95 жылдығына орай «Ақмаңдайлым» ІІІ республикалық әншілер байқауы, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Мәдина Ерәлиева атындағы «Ақбаян» облыстық әншілер байқауы, «Жанкент – Қорқыт – Қобыз» атты облыстық қобызшылар байқауы бағдарлама аясында өткізілді.

Сонымен қатар мақаладан туындаған кіші бағдарламалар аясында түрлі форматтағы кездесулер, жиындар, сайыстар байқаулар, өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді. Нәтижесі бойынша облыстық жобалық офиске мерзімінде жолдануда.

Анықтама: «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша

«Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» тақырыбында арнайы жоба әзірленіп, ашық сабақтар мен интеллектуалды 42 - ашық сабақтар, 24 – лекциялық тыңдаулар, 16 - интеллектуалды ойындар, 38 - байқаулар, 8 - экскурсиялар, 28 - кездесулер жоспарға сәйкес өткізілді.

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша

Ерікті және белсенді жастарды тарта отырып, аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, толық емес отбасыларға, ардагерлерге әлеуметтік көмектер көрсетілді, атап айтқанда «Бәріде Рахмет үшін» акциясы аясында тұрғындардан 5000 жуық киімдер жиналып тұрмысы төмен отбасыларға таратылды және мектеп оқушыларына тұрақты түрде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша

  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Қасиетті Қазақстан» базалық бағытының аясында іске асырылатын «Қазалының қасиетті рухани құндылықтары» атты өлкетану музейлеріне, тарихи орындар мен ескерткіштерге танымдық экскурсиялар ұйымдастыру мақсатында кіші жобасы бойынша паспорты жасақталып, 36 білім беру ұйымдарынан 2000 кем емес оқушыларды тарта отырып, экскурсия ұйымдастыру үлкен  жоба қолға алынып отыр және Қазалы ауданынындағы 5 республикалық дәрежедегі ескерткіштер және 60 жергілікті санаттағы және 22 алдын-ала есепке алынған барлығы 87 ескерткіштер базасы жасақталуда.

№170 мектеп базасында «Рухани-адамгершілік білім беру бағытында» «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың тиімділігі тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2018 жылдың 20 сәуір күні №94 мектептің ұйымдастыруымен Болашақ мамандықты дұрыс таңдау, кәсіби білім беру мүмкіндіктерін алу, оқушыларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, «Еңбек адамы» имиджін қалыптастыру бағытында «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» атты жоғары деңгейде аудандық семинар өткізілді.

2018 жылдың 25 сәуір күні №249 мектеп лицейде,  27 сәуір күні  №165 орта мектепте «Латын әліпбиі: жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

2018 жылдың 04 мамыр күні №95 мектеп базасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар мен табиғат зерттеушілерінің  форумы ұйымдастырылды.

 Қазақ халқының ұлттық ойындары бойынша оқушылар арасында спартакиада, №14 Сәуле балабақшасында «Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде мектепке дейінгі» балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарының дамуы» тақырыбында педагогикалық оқулар,         «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты тарихи танымдық шарада туған өлкеміздің өркендеуіне қомақты үлес қосқан «100 жаңа есімге» енген Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнованың тұлғалық қасиеттерін және кәсіби жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында №16 мектеп-лицейдің оқушылары Есіркеп Дәурен, Бақытжанқызы Ақжан «Ақпаратты жүйелі үйлестіруші» бағамы және алғыс хаттармен марапатталды.

2018 жылдың 14 мамыр күні Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қаралы жылдар елесі» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.   

2017-2018 оқу жылында  Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласы аясында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Тәрбие және білім» бағыты бойынша  22 аудандық деңгейде іс-шара өткізіліп, 2000  адам қамтылды.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша

«100 жаңа есім» базалық жобасы бойынша өңірден шыққан, өз саласында жетістікке жеткен тұлғалар іріктеліп, олар туралы мәлімет облысқа жолданды. Бүгінгі күнге дейін «100 жаңа есім» базалық жобасы бойынша облысқа 30 тұлға ұсынылды. «100 жаңа есім» базалық жобасы бойынша кең түрде ауқымды ақпарат-насихаттық жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ауданымыздан облысқа ұсынылған тұлғалар жергілікті баспасөз беттерінде әлеуметтік желілерде жарияланды келеді. Жергілікті, облыстық, республикалық БАҚ құралдарында және жергілікті арнада «Туған жер» бағдарламасы аясында 5 - бейнесюжеттер көрсетілді.

«Бірлік бар жерде, тірлік бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы ел бірлігі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, жасампаздықтың негізі екенін мәлімдей отырып, алдағы уақытта да рухани жаңғыруда әрбір қазақстандық ел дамуына өз үлесін қосарына сенім білдірген еді. Осыған орай, аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Бірігу – бабалар өсиеті»  атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге «Тәуелсіздік  тірегі –бірлік» атты тақырыпта  библиографиялық шолу жасалынды. 

 Мақсаты ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

         Шараға №70 Жанқожа батыр атындағы мектептің 10 сынып оқушылары Тойбазарова Аймереке, Рахат Толғанай, Бейбіт Айгүл, Ұлықбаш Толқын, Абзалқызы Әлия және кітапхананың тұрақты, әрі белсенді оқырманы  Жүсіпбек Рысбек және өзге де оқырмандар  қатысып, кітап  көрмесімен  танысты. Барлығы 20 оқырман қатысты.

Аудандық балалар кітапханасының оқу залында  «Рухани жаңғыру –ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. 25 оқушы қатысқан көрменің мақсаты: рухани жаңғыру мақаласында насихатталған Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру. Осы көрме аясында«Ғасырға бергісіз жылдар» атты библиографиялық шолу ұсынылды.

 Еліміз тәуелсіздік алғалы бері дамудың даңғыл жолына түсіп күннен күнге көркейіп келе жатыр. Осы орайда елбасының латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдау мақсатында 11 сәуір күні ауылдық кітапханада «Дамудың даңғыл жолымен» атты көрме қойылып «Әрпім латын болғанмен, тілім қазақ» атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Латын әліпбиі туралы толық ақпараттармен таныстырып, жаңа әліпбидің халыққа пайдалы жағын түсіндіру. Түркі халықтарымен ғана емес жалпы әлем елдерімен рухани байланысты нығайтуға бастайтын әліпбиді қабылдауымыз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасын көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына мүмкіндік беретіндігін, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын  түпнұсқада оқуға жол ашылатындығын ұғындыру. Барлығы 12 адам қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламасы аясында жастардың бәсекелік қабілетін айқындайтын рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды патриотизмге және рухани мұраларды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық көзқарас, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында ауыл жастары мен студент жастар арасында «Ер Түріктің ұрпағымын» атты дебат өткізілді. «Эрудит» және «Болашақ» атты екі топқа бөлінген студенттер «Табысты болудың басты факторы – білім», «Рухани жаңғыру және діни сана», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыптары төңірегінде пікір таласты.

«Туған жер» жобасы бойынша Би, шешен Жетес би Қыстаубайұлының туғанына 190 жыл толу мерейтойына орай мамыр айының  28 жұлдызында ауылдық кітапханада «Атадан қалған  асыл сөз» атты библиографиялық шолу өткізілді.  Мақсаты: оқырмандарды өз заманында қара қылды кақ жара әділ билік айтып, ел намасын қорғаған, бұқара арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен Жетес би Қыстаубайұлының ғұмырнамасы жәніндегі дәйекті деректемелермен таныстыру. Ел аузында қалған тағылымы мол ұлағатты әңгімелерін оқырмандарға жеткізу. Барлығы 16 адам қатысты.

           

Елбамымыз Болашққа бағдар «Рухани – жаңғыру  аясындағы мақаласында Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық қорды сақтай білу онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.Жаңғыру атауы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерді насихаттап кейінгі жас буынға үлгі.Рухани жаңғыру аясында «Асыл әжем» атты аудандық әжелер байқауы 17 мамыр күні аудандық мәдениет Орталығының ұйымдастырылуымен өткізіліді.

Шараға 100-110 дай  астам адам қатысады

Қазалы ауданы бойынша «Қазақстанның киелі жерлердің географиясы» жобасы аясында жалпыхалықтық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Жанкент қалашығы мен Жанқожа батыр мазары енгізілді.

Өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Ноғай, Ғанибай, Қожаназар мешіттері, Ғанибай Үйі, Кескен күйік қалашығы, Қосым қожа, Мүсірәлі әулие кесенелері ұсынылды.

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі КММ арқылы «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын құру» жобасы әзірленді. Жобаға Қызылорда облысы бойынша 150 тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілген.

Соның ішінде Қазалы ауданы бойынша 6 республикалық, 15 жергілікті, 3 алдын-ала тізімге алынған, барлығы 24 тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілген.

Сонымен қатар, Елбасы мақаласында бағдарламаны жүзеге асыруға елім деген әр азаматтың үлес қосуы керектігі айтылған. Осы орайда, «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде «Туған жерге тағзым» акциясы Қазалы ауданында 2017 жылдың 14 қарашада басталып, желтоқсан айының 12-де қорытындыланды. Акция аясында «Мектепке тағзым», «Өмір баға жетпес сый» акциялары өткізілді. “Туған жерге тағзым” шаралар ұйымдастырылды. Қазалы ауданы бойынша соңғы 3 жылда қайырымдылық істерге 224 млн-нан астам  қаржы тартылған.

Одан бөлек, бағдарлама аясында ағымдағы жылы Ғ.Мұратбаевтың туғанына 116 жыл және Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінің 50 жылдығын атап өту жоспарлануда.

Жыл сайын дәстүрлі КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Р.Бағланованың 96 жылдығы, Мәдина Ерәлиева атындағы «Ақбаян», «Жанкент – Қорқыт – Қобыз» атты облыстық қобызшылар байқауы ұйымдастырылатын болады.

Қазалы ауданының 90 жылдығы, Өркендеу ауылының ірге тасының қаланғандығына 50 жыл толуына байланысты атаулы мерекелелік шаралар өткізілетін болады.
Кіру

×