ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Туризм Қызылорда облысындағы тарихи-танымдық туризмнің даму мүмкіншіліктері

Қызылорда облысындағы тарихи-танымдық туризмнің даму мүмкіншіліктері

Қызылорда облысындағы тарихи-танымдық туризмнің даму мүмкіншіліктері  

Қызылорда облысында туризм индустриясын дамытуға арнайы бірнеше бағдарламалар қабылданған. Облыс аумағында табиғи рекреациялық және танымдық бірнеше туристік нысандар (Қамыстыбас, Байқоңыр т.б.) орналасқан. Ресми ақпараттар бойынша облыс аумағында әртүрлі тарихи кезеңдермен, дәуірлермен (неолит дәуірі,б.з.д. ІҮ-ІІІ мыңжылдық, кейінгі қола дәуірі б.з.д. ІХ-ҮІІІ ғғ. ерте темір дәуірі б.з.д. І мыңжылдықтың ортасы - б.з. І мыңжылдығы, ортағасырлар Ү-ХІХ ғғ.) мерзімделетін 500-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет тарапынан қорғау тізіміне енгізілген.




Қызылорда облысының туристік маршруты  

«Қорқыт ата» әуежайы Қызылорда қаласынан 30 км. қашықтықта орналасқан. «Қорқыт Ата» әуежайы қайта жарақтандырудан өткізілген соң сағатына 500 жолаушыға дейін қызмет көрсетуге және Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен қалары мен Дубай, Ашғабат, Қытай елдерінің бірқатар қалаларына тікелей рейстер ашылатын болады. Облыс орталығы Қызылорда қаласында шет елдік туристерді қабылдауға үш-бес жұлдызды қонақ үйлермен қамтамасыз етілген. Қызылорда қаласынан «Батыс Европа –Батыс Қытай» автомагистральі арқылы Шымкент және Ақтөбе қалалары арқылы Ресей, Өзбекстан елдері бағытында қалааралық автокөлік байланысы жүргізілген. «Батыс Европа –Батыс Қытай» автомагистральінің 812 шақырымында Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Байқоңыр қаласы, Қазалы, Арал аудандарының аумағынан жүріп өтеді. «Батыс Европа –Батыс Қытай» автомагистральінің бойында орналасқан негізгі тарихи-мәдени кешендердің бірі Қорқыт ата мемориалдық кешені. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне енгізілген нысандардың бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы шет елдік туристердің негізгі тамашалайтын нысаны болмақ. Байқоңыр ғарыш айлағында тікелей «Крайний» әуежайы арқылы Москва-Байқоңыр әуе рейсі ұшады. Ежелгі оғыз мемлекетінің астанасы болған «Жанкент шаһары» Байқоңыр ғарыш кешенінен 120 шақырым қашықтықта Қазалы ауданының аумағында орналасқан. Бұл нысан өз кезегінде бүкіл түркі тілдес мемлекеттерде тұратын туристердің қызығушылығын туғызатын болады.


Қазалы ауданындағы тарихи-танымдық туризмнің даму мүмкіншіліктері  

Қазалы ауданының географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік береді. Аудан арқылы облыс көлемінде туристік кластерін дамытуға басымдық беріліп отырған «Қамыстыбас» туристік аймағы мен «Байқоңыр» ғарыш айлағына теміржол және автокөлік жолдары жүргізілген. Тамыры-терең, тарихы-кенен қасиетті Қазалы жерінде 5 республикалық дәрежедегі, 60 жергілікті санат берілген және 22 алдын-ала есепке алынған ескерткіштер бар. Қазіргі уақытта Қазалы ауданында орналасқан Жанкент қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Ғанибай мешіті, Ғанибай Үйі, Ғ.Мұратбаевтың мұражайы, Сараман Қоса мұнарасы, Ақтан батыр кесенесі, Мірәлім (Нұралы) мешіті, Әйтеке би ескерткіші, Мүсірәлі кесенесінің объектілерін туристік маршрутқа енгізуге жұмыстар жасалуда. Қазалы ауданында ХХ ғасырдың басында Орынбор-Ташкент теміржол құрылысымен қатар бой көтерген архитектуралық ескерткіш теміржол вокзалы бар. Қазалы темір жол вокзалынан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бағытындағы поездар қатынайды. Қазалы ауданында Ақсай-Қуаңдария көлдер жүйесінде 9007 га жерде 16 су айдыны орналасқан. Бұл өз кезегінде аудан көлемінде экологиялық туризмді дамытуға зор мүмкіндік тудырады. Аудан орталығында бір мезгілде 80 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар 5 қонақ үйлер мен 3 демалыс үйлері орналасқан.
Кіру