ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Спорт

Қазалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы  6 айында атқарған жұмысы туралы 

 

         Мемлекеттік органның негізгі функцияларынан туындайтын міндеттері мен ағымдағы жұмыстары.

Бөлім бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жыл басынан бері 170 – спорттық іс-шара өткізіліп, 15102 адам тартылды, 2017 жылдың алты айында Қазақстан Республикасының 5 спорт шебері, 11 Спорт шеберлігіне үміткер, 14 спортшы І-ші разряд нормативін және          1 Азия чемпионатының қола жүлдегері орындалды.

Ауданда дене шынықтыру және спортты дамытудың аймақтық  бағдарламасына сәйкес шеберлікті жетілдіру үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Спорт түрлері бойынша жерлестеріміз облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, 6 айда 17 алтын, 20 күміс, 26 қола медальға қол жеткізді.

Статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданды 90 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасайды. Бұл ұжымдарда дене шынықтыру және спортпен 19920 адам шұғылданады.

           Ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны былтырғы жылы 25 пайызды құрап 19084 адам қамтылса. Қазіргі таңда 19920 адамға жетіп,  яғни   26 пайыздық көрсеткіш көрсетіп отыр. Жыл соңына дейін 27 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Дене шынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, «Әйтеке  би» спорт клубы қоғамдық бірлестігінен қазіргі таңда ауылдық округтерге спорт нұсқаушыларымен қамтылып бұқаралық спортты дамыту мақсатында 29 бірлік бөлініп, 5220 адам спортпен тұрақты түрде шұғылдануда. Аталған спорт нұсқаушыларына елді мекендерде бос жүрген жастардының бос уақытын тиімді пайдалану үшін спортқа тарту жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында Қазалы қаласы, Әйтеке би кентіне, және ауылдық округтерге мұз айдыны жасалған болатын. Алайда биылғы қыс мезгілінің құбылмалы болуына байланысты келеңсіздіктер туғызды. Бұған дейін қысқы спорттық құрал – жабдықтар алынып, шаңғыдан және қысқы эстафеталық аудандық жарыстар өткізілді. Сонымен бірге, көктемгі мезгілде кәсіпкерлердің көмегімен ролик алаңы дайындалып, аудан тұрғындарын кешкі мезгілде спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Аудандық білім бөлімімен бірлесе отыра, оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында спорттың баскетбол, волейбол, футбол, дойбы, шахмат, стол теннисі, тоғызқұмалақ және қол добынан сыныптар арасында «Мектеп спорт лигасы» аудандық жарыстар тұрақты түрде өткізілуде.

Жасөспірімдердің жазғы уақытын тиімді пайдалану мақсатында жыл басынан бері аудандық ішкі істер бөлімі, білім бөлімі, ішкі саясат бөлімдерімен бірлесе отыра «Бәріміз футболға» атты аудан әкімінің ауыспалы кубогі 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдердің мөлтек аудандар және көше командалары арасында аудан біріншілігі ұйымдастырылуда. Маусым айының 28 жұлдызынан бастап Әйтеке би кенті әкімінің жүлдесі үшін футболдан жасөспірімдердің жарыстартары басталды. Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Сонымен бірге, «Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында» түрлі аудандық және облыстық спартакиадалар өткізілуде. Нәтижесінде ауданнан құралған мүмкіндігі шектеулі жандардың талпынысы айқын көрініп, жеңістерге қол жеткізуде. Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға яғни спортқа белсене атсалысып жүргендерге арнайы спорттық құрал жабдықтар мен киімдер қамтамасыз етілді.

Жыл сайын, дәстүрге айналып келе жатқан ауданда «веломарафон» жарысы өткізілуде. Аталмыш шараға демеуші есебінен «Заң-Заңғары» ЖШС-і атсалысып 100-ге жуық спортшы қатысып Басықара ауылынан бастап Кент орталығына дейін аймағы белгіленіп, жарыстар өткізіліп келеді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігімен  бірлесі отыра мешіт намазхандары арасында кіші футболдан, қазақ күресінен және гир спортынан аудандық жарыстар тұрақты өткізіліп, алдағы уақытта да бұл жарыстар жалғасын табатын болады.

Аудан бойынша барлық округдердерді қамти отыра Ардагерлер арасында түрлі спорт түрлерінен сайыстар тұрақты өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, ауданда шахмат (федерация президенті Қ.Ршымбетов), қол добына (фед.президенті Б.Жолтаев), батпан көтеру және қол күресінен (С.Сағымбаев) федерациялары ашылып спорт түрлері бойынша жарыстар мен түрлі шаралар өткізуге ат салысуда.

                 

 

Спортпен шұғылданушылар саны жайлы

2016 жылы дене шынықтыру және спорт пен айналысыушылар саны              19084 адамды құраса, 2017 жылы 19920 адамды құрап отыр, мектептерде                    92 оқушыға, спорт мектептерінде 86 спортшыға, мекемелерде 336 адамға артып отыр.

 

р/с

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

% 2017 жылға

 

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны – барлығы,  соның ішінде

19084

19920

106,47

 

жалпы білім беру мекемелерінде

5898

5990

94,0

мамандандырылған техникалық мектептер мен училищелерде

-

-

-

орта арнайы оқу орындарында

1030

1030

 

жоғары оқу орындарында

-

-

 

ұйымдарда

4860

5220

-

- балалар жасөспірімдер клубында

432

564

101,7

- қызығушылық бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубтарда

5148

5484

157,1

- кәсіби спорттық клубтарда

-

-

-

- балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiнде, олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектебiнде, олимпиадалық резерв даярлау орталығында

1716

1802

100,5

       

 

 

Мекеме ұжымдар бойынша

Бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында әлеуметтік тапсырыс арқылы спорт нұсқаушаларын ұстап тұруға облыстық бюджеттен 2017 жылы – 12543,0 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде жалпы білім беру мектептерінің спорт залдарында сабақтан тыс кешкі мезгілде елді мекен тұрғындары бекітілген спорт нұсқаушылары арқылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда.

 

 

Қазалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі



Қазалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы І - тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы

 

Бюджет. 2017 жылы «Қазалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жыл басында 187323.0 мың теңге қаржы бөлініп, 3 айдың қорытындысы бойынша 52668.0 мың теңге толық игеріліп, 99,9 пайызды құрады.

         Кадр жұмысы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы №304 қаулысы негізінде барлық штат              саны-3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3. Сонымен қатар, бөлімде  әдіскерлік және техникалық бағытта келісім шарт негізінде барлығы 16 адам жұмыс жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын сақтауда қызметшілердің іс-қимылында теріс қылықтың белгісі, Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексі талаптарын сақтауға байланысты бақылау кітабы мен сенім телефонына мәліметтер түскен жоқ.

Мемлекеттік органның негізгі функцияларынан туындайтын міндеттері мен ағымдағы жұмыстары. Бөлімнің негізгі бір бағыты ауданды бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Осы мақсатта, күнтізбелік жоспарға сәйкес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жыл басынан бері 38 - спорттық              іс-шара өткізілді. 2017 жылдың 3 айында Қазақстан Республикасының 2 спорт шебері және 4 спортшы ҚР чемпионатының жүлдегері болды.

Ауданда дене шынықтыру және спортты дамытудың аймақтық  бағдарламасына сәйкес шеберлікті жетілдіру үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Спорт түрлері бойынша жерлестеріміз облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, 3 айда 11 алтын, 15 күміс, 16 қола медальға қол жеткізді.

Сонымен бірге, аудан әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде қысқы спорт түрлерін дамыту үшін 20 х 40 көлемінде корт алаңына мұз айдыны жасалды. Коньки, шаңғы т.б спорт құралдары алынып, қыс айларында осы жұмыстар жүйелі атқарылды.

 

Алға қойылған міндеттер;

- Жанқожа батыр ауылына спорт кешенін салуға саулет жоспарлау тапсырмасы дайындалып, облыстық құрылыс басқармасына арнайы құжаттарының жобасы ұсынылып, құрылыс жұмыстары басталды.   

- Қазалы ауданы бойынша отызға жуық жасанды кіші футбол алаңы қамтылған. Бұлар спорт бөлімі, білім саласындағы мектептер және ауылдық округ әкімдіктерінің теңгеріміне берілген. Осы жасанды алаңның төсеніштері мен қоршау сеткілерінің тозығы жетуіне байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстарын жандандыру жопарлануда.

- Ауылдық округтердің әкімдері және жергілікті спорт нұсқаушыларымен  бірлесе келе ұлттық спорт түрлерін дамыту шараларын қолға алуды қарастыру. Мәселен ауыл жастарына үнемі әкімдік тарапынан насихаттар жүргізіп отыру және демеушілерді ұйымдастырып (көкпар, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, ләнгі, қазақ күресі т.б) жарыстарды жие өткізу. Осындай игі шараларды тұрақты ұйымдастырып, дәстүрге айналдыру үшін, аудан әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес көкпар аттарын, қазақ күресінің жаттықтырушыларының штат бірліктерін ұлғайтуда. Сонымен бірге көкпар аттарын сатып алуға ағымдағы жылы тиісті қаржы қаржы көздері бөлінуіне байланысты, оларды жандандыру жұмыстарының жобасы жасалуда.




Кіру