ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Мәдениет


Қазалы ауданының мәдениет Үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығында  атқарылған жұмыстары туралы

 

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

 

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 18900,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде;

- Аудандық мәдениет Орталығына өнерпаздар киімдерін  алуға     3900,0 мың теңге;

- Ақсуат, Майдакөл, Абай, Тасарық, Лақалы ауылдық клубтары мен Бозкөл ауылдық мәдениет Үйіне аудандық бюджеттен әр кәсіпорынға 2,5 млн. теңгеден барлығы 15 млн. теңгеге музыкалық аппаратуралар, сонымен қатар Тасарық ауылдық клубына 100  орындықты театр креслосы сатып алынды.

 

Қайта салуға жатқызылған  Жалаңтөс батыр ауылына 150 орындықты типтік жобадағы клуб құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 203429,0 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды. Қазіргі таңда, клуб құрылысының 2-ші қабатының төбе шатырларын жауып, ауласына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 116 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1347 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге 8960,0 теңге бөлініп, ІІ тоқсанында 3005,7 мың теңге игерілді. Барлығы 495 мәдени шара өткізілді. Оған 71071 көрермен қатысты.

Жыл басынан бері Қазалы қаласының атауына 150 жылБасықара бабаның туғанына 260 жыл, Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының Батырлары Геннадий Шляпиннің туғанына 105 жылҮрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл, Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл, жазушы-публицист Қалжан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөріқұлақовтың туғанына 70 жыл, Қазақстан Жазушылар және Журналситер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының туғанына 65 жыл толуына және басқа да атаулы мерекелік күндерге орай мәдениет Үйлері мен клубтарда, кітапханалар мен музейлерде мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.

 

Ақылы қызмет көрсету жұмыстары 2017 жылдық ақылы қызмет жоспары 7248,6 мың теңге, І жартыжылдығындағы орындалуы 3623,0 мың теңге.

 

2017 жылға Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған Халық театрына 1,0 штаттық бірлікте режиссер, 1,0 штаттық бірлікте көркемдік жетекші штаты, Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы кезектен тыс ХІІ сессиясының №86 шешімі негізінде Қазалы аудандық мәдениет Орталығыжанындағы «Мелодия» орыс ұлт – аспаптар ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік жетекші, «Әуезовтер» отбаслық ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік штаты берілді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, кенттік, қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапхана бар. 2017 жылы қалған ауылдық кітапханаларға аудандық бюджеттен бөлінген 5,7 млн. теңгеге 30  дана компьютер жиынтықтары сатып алынды.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша 6019 келуші қамтылды, оның ішінде 3019-і оқушылар, 1563-і студент, оларға 370 экскурсия жүргізіліп, 9 мәдени шара ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрме залдарына экспозициялық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта аудан тарихына қатысты қажетті экспонаттарды жинақтап, ашылу жұмыстары қолға алынуда.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  2017 жылдың ІІ тоқсанында 13 бюст алдын-ала тізімге енгізіліп, теңгерімге алынып, бүгінгі күнге аудан бойынша барлық  ескерткіштер саны  104-ке жетті.

2017  жылға аудан  көлеміндегі  17 тарихи-мәдени ескерткіштердің төлқұжатын (паспортын) дайындауға 650,0  мың теңге және ескерткіштерді қорғау мақсатында  5 тарихи нысанға қорғау тақталарын орнатуға 350,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда 17 ескерткіштің төлқұжатын (паспортын) дайындау мақсатында ҚР мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес 04.04.2017 жылы  ашық конкурс жарияланды.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың ІІ тоқсаны бойынша аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде 9905 хат мемлекеттік тілде шығысталса, 16439 хат мемлекеттік тілде, 255 хат орыс тілінде кірістелді.

 Үстіміздегі жылдың 21-22  ақпан аралығында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Р.Тасыбаева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамыныңтөрайымы Н.Әшір, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ж.Ауезханның және «Жастар ресурстық» орталығының қатысуымен көрнекі ақпараттар мен жарнамалар көп шоғырланған Әйтеке би көшесі мен Жанқожа батыр, Қ.Пірімов, В.Счастнов көшелерінің бойындағыкәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түсіндіру туралы жазбаша парақшалар таратылды.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік ғимарат иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңға қайшы жарнамаларды ауыстыру қажеттігі ескертілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 15 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға 5 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2017 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 655,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша 572,0 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 9 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.Жоспарға сәйкес «Ой сана» орыс тілі білгірлерінің және Абай, Оралхан Бөкей, «Пушкинскиечтение»атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің жәнеүштілділікті насихаттауға байланысты «Көптілді меңгерген ұстаз», «Тіл шебері-2017» атты аудандық байқаулары өткізілді.

2017 жылы облыстық комиссияға 1 объектіге, 1 көпірге, 9 көшеге атау беру жөнінде облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар  берілді.


Қазалы ауданының мәдениет Үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы АНЫҚТАМА

 

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

 

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 18900,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде;

- Аудандық мәдениет Орталығына өнерпаздар киімдерін  алуға     3900,0 мың теңге;

- Ақсуат, Майдакөл, Абай, Тасарық, Лақалы ауылдық клубтары мен Бозкөл ауылдық мәдениет Үйіне музыкалық аппаратура сатып алуға аудандық бюджеттен әр кәсіпорынға 2,5 млн. теңгеден барлығы 15 млн. теңге бөлінді. Бұл заттар алдағы уақытта қаржы жоспарына сәйкес алынатын болады.

 

Қайта салуға жатқызылған  Жалаңтөс батыр ауылына 150 орындықты типтік жобадағы клуб құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 203429,0 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды.

 

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 116 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1347 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге 8960,0 теңге бөлініп, І тоқсанда 1100,1 мың теңге игерілді. Барлығы 220 мәдени шара өткізілді. Оған 31958 көрермен қатысты.

Жыл басынан бері жастардың би әлемін түсініп қабылдауға баулу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыру мақсатында аудандық мәдениет Орталығында «Айгөлек» атты аудандық бишілер байқауы, Көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысына бағыт-бағдар бере отырып үйірме жетекшілерінің шеберліктерін шыңдау мен біліктілігін арттыру және үйірме жетекшілеріне көмек көрсету мақсатында  «Таланттарды табу және оны тәрбиелеудегі үйірме жетекшілерінің міндеті туралы» атты тақырыпта аудандық семинар-кеңес, Әйтеке  би кенттік  клубының ұйымдастыруымен Халық  ақыны  Байназар Өтепұлын есте  қалдыру  мақсатында «Жырларың ғасырларға ұлассын!» атты аймақтық жас жыршы-термешілер  байқауы, Көктемнің нұрлы шуағымен бірге келген шұғылалы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде  «Ибалы келін» атты аудандық келіндер сайысы, Абай ауылдық клубында «ЭКСПО - 2017» көрмесі аясында «Әр үйдің төрінде текемет тұрса...» деген тақырыпта аудандық текеметшілер байқауы, Ақтан батыр ауылдық клубында Қазақстанның Халық әртісі, әнші Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Алтыным» атты аудандық әншілер байқауы өткізілді. Аудандық мәдениет Орталығында мәдениет қызметкерлерінің кәсіпқойлық деңгейін анықтау, белсенділігін арттыру, клуб қызметкерлері арасында іс-тәжірибе алмасу, заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді жұмысына енгізу, тұрғындардың талап-тілектеріне сай мәдени қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мақсатында клуб қызметкерлерінің командалық байқауы өткізілді. Нәтижесімен аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Руханият» командасы мен Басықара ауылдық клубы жанындағы «Шаңырақ» командасы облыстық байқауға жолдама алды.

Қазақ сатирасына елеулі үлес қосқан өнер тарланының есімін ұлықтау, бүгінгі жастар арасында сатира өнеріне деген оң көзқарасты қалыптастыру, әзіл-сықақ отауларының жұмысын дамыту, орындаушылық шеберліктерін арттыру мақсатында Қазалы аудандық мәдениет Орталығында «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ отауларының аудандық іріктеу туры өткізілді. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығынан арнайы келген сарапшының шешімімен аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Қазалы қалжыңы» әзіл-сықақ отауы және Бекарыстан би, Ғ.Мұратбаев, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйлері мен Өркендеу ауылдық клубы жанындағы әзіл-сықақ отаулары орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті мен шығарманы халыққа жеткізуі жағынан ерекшеленіп көзге түсті.

Алдағы уақытта Қазалы қаласының атауына 150 жылБасықара бабаның туғанына 260 жыл, Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының Батырлары Геннадий Шляпиннің туғанына 105 жылҮрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл, Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл, жазушы-публицист Қалжан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөріқұлақовтың туғанына 70 жыл, Қазақстан Жазушылар және Журналситер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының туғанына 65 жыл толуына орай мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады.

 

Ақылы қызмет көрсету жұмыстары 2017 жылдық ақылы қызмет жоспары 7248,6 мың теңге, І тоқсанындағы орындалуы 1650,0 мың теңге.

 

2017 жылға Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған Халық театрына 1,0 штаттық бірлікте режиссер, 1,0 штаттық бірлікте көркемдік жетекші штаты, Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы кезектен тыс ХІІ сессиясының №86 шешімі негізінде Қазалы аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Мелодия» орыс ұлт – аспаптар ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік жетекші, «Әуезовтер» отбаслық ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік штаты берілді.

 Сондай-ақ, «Қазалы аудандық «Жыраулар Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын ашу үшін 3 штаттық бірлік берілді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, кенттік, қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапхана бар. 2017 жылы қалған ауылдық кітапханаларға компьютер жиынтықтарын сатып алуға аудандық бюджеттен 5,7 млн. теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2017 жылдың І тоқсанында 2017 жылдың І тоқсаны бойынша 4380 келуші қамтылды, оның ішінде 1650-і оқушылар, 961-і студент, оларға 172 экскурсия жүргізіліп, 8 мәдени шара ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрме залдарына экспозициялық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта аудан тарихына қатысты қажетті экспонаттарды жинақтап, ашылу жұмыстары қолға алынуда.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың І тоқсаны бойынша аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде 8118 хат мемлекеттік тілде шығысталса, 13131 хат мемлекеттік тілде, 191 хат орыс тілінде кірістелді. Үстіміздегі жылдың 21-22  ақпан аралығында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Р.Тасыбаева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамыныңтөрайымы Н.Әшір, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ж.Ауезханның және «Жастар ресурстық» орталығының қатысуымен көрнекі ақпараттар мен жарнамалар көп шоғырланған Әйтеке би көшесі мен Жанқожа батыр, Қ.Пірімов, В.Счастнов көшелерінің бойындағыкәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылды.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік ғимарат иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңға қайшы жарнамаларды ауыстыру қажеттігі ескертілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 15 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға 5 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2017 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 655,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілібойынша 572,0 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 9 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.Жоспарға сәйкес«Ой сана» орыс тілі білгірлерінің және Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерініңаудандық байқаулары өткізілді.

2017 жылы облыстық комиссияға 1 объектіге, 1 көпірге, 9 көшеге атау беру жөнінде облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар  берілді. 

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  2017 жылдың І тоқсанында 13 бюст алдын-ала тізімге енгізіліп, теңгерімге алынып, бүгінгі күнге аудан бойынша барлық  ескерткіштер саны  104-ке жетті.

2017  жылға аудан  көлеміндегі  17 тарихи-мәдени ескерткіштердің төлқұжатын (паспортын) дайындауға 650,0  мың теңге және ескерткіштерді қорғау мақсатында  5 тарихи нысанға қорғау тақталарын орнатуға 350,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда 17 ескерткіштің төлқұжатын (паспортын) дайындау мақсатында ҚР мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес 04.04.2017 жылы  ашық конкурс жарияланды.


Кіру