ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Көші-қон

Қазалы ауданы бойынша көші-қон мәселесіне қатысты ақпараттар

(2017 жылдың I тоқсан)


        

           Қазалы  ауданының  ішкі істер бөлімінің Көші-қон полиция бөлімшесіне 2017 жылдың наурыз айының 21-не дейін аудан көлеміне  42 шетелдік азаматтар 20 мекен жайға тіркелді, оның ішінде 2-Ресей Федерациясының, 3-Белоруссия Республикасының  және 37-Өзбекстан Республикасының азаматтары тіркелді. 1-шетел азаматы қайта тіркелген.

           Еңбекші көшіп келуші 16- шетелдіктер жұмысқа рұқсат алып, салық көлемі  186 058  теңгені құрады.  Аудандық соттан іздестіруге ұйғарым түскен жоқ.

          Заңсыз көші-қон арналарын анықтау, алдын алу, жолын кесу, болдырмау мақсатында шетел азаматтары болуы, келуі мүмкін дейтін жерлер, авто вокзал, Әйтеке би кентіндегі орталық базарлар, сауда орындары, темір жол вокзалы, қонақ үйлер, пәтер жалдайтын азаматтардың үйлері, құрылыс объектілері, жеке құрылыс нысандары көшелер мен қоғамдық орындарға күнделікті жедел шолу жұмыстары кезенде барлығы 77-құқық бұзушылық анықталды, оңын ішінде шетелдіктерге қатысты 66-құқық бұзушылық анықталып шара көрілді.

          Атап айтсақ: ҚР-ның халықтық көші-қоны саласындағы заннамасын бұзған Өзбекстан Республикасының азаматтарына байланысты 66-құқық бұзушылық анықталып, 30-азаматтына ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігімен, 1-азаматтына ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен, 35-азаматтына ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен және  2-азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабының 3 бөлігімен аудандық сотпен шара көріліп, 2- ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.

          ҚР-ның азаматтарына байланысты шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 1- азаматқа шара көрілді, ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабының 2 бөлігімен 11345 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

          Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған ҚР-ның азаматтарына байланысты 8- құқық бұзушылық анықталып, 2-азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабының 1 бөлігімен ескерту шарасы, ал 6- азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабының 2 бөлігімен айыппұл шарасы көріліп, салынған 47 646 теңге айыппұл салынды.

         Алдағы уақытта заңсыз көші-қондықты анықтау, алдын алу, жолын кесу мақсатында және борышкерлерді жедел іздестіріп анықтау, халықты құжаттандыру жұмыстарын жандандырып жұмыс жасауға, бөлімше қызметкерлеріне бағыт-бағдар беріліп, қатаң бақылауға алынып жұмыс жасалуда.

Кіру