ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

ҮЕҰ


Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

(ІІ тоқсан 2017 жыл)

Аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру бағытында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. 2016 жылы Кеңестің кезекті екі отырысы өткізіліп, күн тәртібінде аудандағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында атқарылған шаралар, «Қызылорда облыстық «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің жай-күйі туралы мәселелер талқыланды.

Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Кеңес құрамы 2017 жылдың 17 наурызында аудан әкімінің №66 қаулысымен қайта бекітіліп,  Кеңестің кезекті отырысы үстіміздегі жылдың шілде айының екінші онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.

Қазалы аудандық Әділет басқармасының мәліметі бойынша ауданда 39 қоғамдық ұйымдар мен қорлар есепке алынған. (Оның ішінде қоғамдық қорлар-5, қайырымдылық қорлар-4, корпоративтік қорлар-2, қоғамдық бірлестіктер-28)

Олардың ішінде 19 ұйым қоғамдық шараларға белсене атсалысады. Осы 19 бірлестіктердің (аудандық қоғамдық бірлестіктер саны – 15, облыстық қоғамдық бірлестіктердің аудандағы өкілдіктер саны - 4) 100-ден астам қоғамдық негіздегі бастауыш ұйымдары бар.

2017 жылға аудандық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 8  жобаға 19 635 000 бөлінген.

Сондай-ақ, Қазалы ауданында 4 саяси партия өкілдері бар. Олар, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Жалпыұлттық социалды демократиялық партияларының Қызылорда облысы бойынша өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда. 



Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

(І тоқсан 2017 жыл)


Аудандағы үкіметтік емес ұйымдардардың жұмысын жандандыру бағытында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. 2016 жылы Кеңестің кезекті екі отырысы өткізіліп, күн тәртібінде аудандағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында атқарылған шаралар, «Қызылорда облыстық «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің жай-күйі туралы мәселелер талқыланды.

Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Кеңес құрамы 2017 жылдың 17 наурызында аудан әкімінің №66 қаулысымен қайта бекітілді.

Қазалы аудандық Әділет басқармасының мәліметі бойынша ауданда 39 қоғамдық ұйымдар мен қорлар есепке алынған. (Оның ішінде қоғамдық қорлар-5, қайырымдылық қорлар-4, корпоративтік қорлар-2, қоғамдық бірлестіктер-28)

Олардың ішінде 19 ұйым қоғамдық шараларға белсене атсалысады. Осы 19 бірлестіктердің (аудандық қоғамдық бірлестіктер саны – 15, облытық қоғамдық бірлестіктердің аудандағы өкілдіктер саны - 4) 100-ден астам қоғамдық негіздегі бастауыш ұйымдары бар.

2016 жылға үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға 5 жоба бойынша аудандық бюджеттен 17751,8 мың теңге бөлініп, мәдени көпшілік іс-шаралар, спорттық жарыстар, түрлі байқаулар ұйымдастырылды. 

2017 жылға аудандық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 5 жобаға 12285,0 мың теңге бөлінген.

Сондай-ақ, Қазалы ауданында 4 саяси партия өкілдері бар. Олар, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Жалпыұлттық социалды демократиялық партияларының Қызылорда облысы бойынша өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда. 



Кіру