ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Ішкі саясат

Ішкі саясат

«Қазалы ауданның ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

(IІ квартал 2017 жыл)

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.

Аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру бағытында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. 2016 жылы Кеңестің кезекті екі отырысы өткізіліп, күн тәртібінде аудандағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында атқарылған шаралар, «Қызылорда облыстық «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің жай-күйі туралы мәселелер талқыланды.

Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Кеңес құрамы 2017 жылдың 17 наурызында аудан әкімінің №66 қаулысымен қайта бекітіліп,  Кеңестің кезекті отырысы үстіміздегі жылдың шілде айының екінші онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.

Қазалы аудандық Әділет басқармасының мәліметі бойынша ауданда 39 қоғамдық ұйымдар мен қорлар есепке алынған. (Оның ішінде қоғамдық қорлар-5, қайырымдылық қорлар-4, корпоративтік қорлар-2, қоғамдық бірлестіктер-28)

Олардың ішінде 19 ұйым қоғамдық шараларға белсене атсалысады. Осы 19 бірлестіктердің (аудандық қоғамдық бірлестіктер саны – 15, облыстық қоғамдық бірлестіктердің аудандағы өкілдіктер саны - 4) 100-ден астам қоғамдық негіздегі бастауыш ұйымдары бар.

2017 жылға аудандық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 8  жобаға 19 635 000 бөлінген.

Сондай-ақ, Қазалы ауданында 4 саяси партия өкілдері бар. Олар, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Жалпыұлттық социалды демократиялық партияларының Қызылорда облысы бойынша өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда. 

Діни бірлестіктермен жұмыс

Аудандық ақпараттық-түсіндірмелік тобының 2017 жылға арналған  жұмыс жоспары бекітіліп, бекітілген жоспарға сәйкес аудан орталықтарында, базарлармен теміржол, авто вокзалдар аумағында облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығынан алынған 7210 дана  үнпарақтар мен жаднамалар таратылды.

 Анықтамалық: «Діни экстремизмге жол жоқ!», «Такфир жамағатынан сақ болыңыз!», «Қазақ хандығы кезеңіндегі ислам», «Мәзhаб мұсылмандық мәйегі», «Дәстүрлі дін бейбітшілікке жетектейді», «Ғаламтордағы діни ағымдардан сақ болыңыз!», «Зайырлылық – мемлекетпен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры», «Қыздар – олар мейірімді, игі жандар», «Суицид – тығырықтан шығар жол емес» тақырыптары бойынша.   

2017 жылға «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы ақпарттық жұмыстарды күшейту» бағытындағы аудандық бюджеттен 3 000,0 мың теңге бөлініп, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігімен тиісті жұмыстар басталып кетті. Оның ішінде, «Суицид-тығырықтан шығар жол емес!» тақырыбында акция, елді мекендерде «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың теріс идеологиясы» аты жоғары сынып оқушылармен кездесулер, мешіт намазхандары арасында «Әдемі әуезді азаншы» атты азан айту, «Құранды өте анықтап оқы» атты құран оқу жарыстары, спорт түрлерінен арқан тарту, қол күрес, батпан көтеру, асық ату секілді сайыстар ұйымдастырылды.

Жастар саясаты

Қазіргі таңда аудан халқының 26.8 пайызы, яғни 20 359 жастар. (Олардың 9669-і әйелдер,  10690-і ерлер) 

Аудан жастарының қоғамдық-саяси өмірге қатысуы мен оларға патриотизм мен парасаттылық нормалары негізінде тәрбие беру, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында «Жас Отан» жастар қанаты, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ–сі жанынан Жастар Парламенті, Қазалы ауданы бойынша Қазақстан студенттер Альянсымен, Достық түрлі ұлт жастары клубы, «Достар алаңы», «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі сонымен бірге аудандық мәслихат депутатынан сайланған 1 жас депутат ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасап келеді.

Жастармен жұмысты үйлестіру үшін жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен жастармен жұмыс жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды. ЖастарсаясатынжүзегеасырумақсатындаҚазалы ауданының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де 1 директор, 1 ағакеңесші, 1 кеңесші,                            1 инспектор, 1 есепші ауылдық округтерде 19, Қазалы қаласында 1, Әйтеке би кентінде 1 әкімшілік қызметкерлерінің бас мамандарына қосымша жүктелген.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайтылып келеді. 2014 жылы 5 млн, 2015 жылы 10 млн теңге бөлінсе, 2016 жылға 10 млн. 700 мың теңге қаржы бөлінді.  

 Сонымен бірге 2017 жылға  жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында  5 млн. (теңге) қаржы бөлініп, аталғанжобаның жеңімпазы «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс бастап кетті.

Қазалы ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық суйемелдеу жөніндегі

іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың 6 ақпаны күніаудан әкімімен бекітілген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтсақ, 2017 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында аудан тұрғындарының арасында Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, насихаттау мақсатында халықпен 170-ке жуық кездесу өткізілді. Оның ішінде 35-ке жуығы аудандық мәслихат депутаттары елді-мекендерді аралап үгіт-насихат жүргізді, 15-кездесуде облыстық ақпараттық топ мүшелері аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізді, 75-ке жуық кездесу ауданға қарасты мекемелер, кәсіпорындар, білім беру ұйымдарында өзара ұжымдық кездесу өткізді, 25-і аудандағы үш арнаулы орта колледждерінде жастармен кездесулер, қалған 20 кездесу аудан жастарының көшбасылары ауылдық елді-мекендерге іссапарда болып ауыл жастарына Жолдаудың бағыт бағдарын түсіндірді.

Бұдан бөлек Жолдауды насихаттау мақсатында қоғамдық жерлерде, стадион, саябақтар, қоғамдық көлік, вокзал, мәдениет үйлері және оқу ғимараттарында Қазалы ауданы бойынша 70-ге жуық билбордтар орналастырылды. Қазақстан Республикасы парламент мәжіліс бастаған топ мүшелері алдымен «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиялында қоғамдық қабылдау өткізіп, және ауданға қарасты ауылдық округтер тұрғындарына Жолдаудың негізгі жолдарын түсіндірді. Аудан бойынша 4 мыңға жуық адам қатыстырылды. 

«Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша

(I квартал 2017 жыл)

1. Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.

Аудандағы үкіметтік емес ұйымдардардың жұмысын жандандыру бағытында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. 2016 жылы Кеңестің кезекті екі отырысы өткізіліп, күн тәртібінде аудандағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында атқарылған шаралар, «Қызылорда облыстық «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің жай-күйі туралы мәселелер талқыланды.

Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Кеңес құрамы 2017 жылдың 17 наурызында аудан әкімінің №66 қаулысымен қайта бекітілді.

Қазалы аудандық Әділет басқармасының мәліметі бойынша ауданда 39 қоғамдық ұйымдар мен қорлар есепке алынған. (Оның ішінде қоғамдық қорлар-5, қайырымдылық қорлар-4, корпоративтік қорлар-2, қоғамдық бірлестіктер-28)

Олардың ішінде 19 ұйым қоғамдық шараларға белсене атсалысады. Осы 19 бірлестіктердің (аудандық қоғамдық бірлестіктер саны – 15, облытық қоғамдық бірлестіктердің аудандағы өкілдіктер саны - 4) 100-ден астам қоғамдық негіздегі бастауыш ұйымдары бар.

2016 жылға үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға 5 жоба бойынша аудандық бюджеттен 17751,8 мың теңге бөлініп, мәдени көпшілік іс-шаралар, спорттық жарыстар, түрлі байқаулар ұйымдастырылды. 

2017 жылға аудандық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 5 жобаға 12285,0 мың теңге бөлінген.

Сондай-ақ, Қазалы ауданында 4 саяси партия өкілдері бар. Олар, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Жалпыұлттық социалды демократиялық партияларының Қызылорда облысы бойынша өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда. 

2. Діни бірлестіктермен жұмыс

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық насихаттық іс-шараларды ұйымдастыруға» аудандық бюжеттен 3090.0  мың теңге бөлініп, жобаның жеңімпазы болып танылған «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жоба аясында мекеме кәсіп орындарында , ауылдық округтерде кездесу жиындары, мешіт жамағаттары арасында түрлі бағыттарда сайыстар және де республикаға, облысқа белді теолог мамандарды ауданға  тартып, дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы жастармен кездесулер және оның алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу жиындарын өткізді. Жалпы барлығы 100 ге жуық шара ұйымдастырылды.

 2017 жылға «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы ақпарттық жұмыстарды күшейту» бағытындағы аудандық бюджеттен 3 000,0 мың теңге бөлініп, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлескен жұмыстар басталды.

3. Жастар саясаты

Қазіргі таңда аудан халқының 26.8 пайызы, яғни 20 359 жастар. (Олардың 9669-і әйелдер,  10690-і ерлер) 

Аудан жастарының қоғамдық-саяси өмірге қатысуы мен оларға патриотизм мен парасаттылық нормалары негізінде тәрбие беру, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында «Жас Отан» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қазалы аудандық бөлімшесі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ–сі жанынан Жастар Парламенті, Қазалы ауданы бойынша Қазақстан студенттер Альянсымен, Достық түрлі ұлт жастары клубы, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі сонымен бірге аудандық мәслихат депутатынан сайланған 1 жас депутат ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасап келеді.

Жастармен жұмысты үйлестіру үшін жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен жастармен жұмыс жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығында» 1 бөлім басшы, 1 аға кеңесші, ауылдық округтерде 19, Қазалы қаласында 1, Әйтеке би кентінде 1 әкімшілік қызметкерлерінің бас мамандарына қосымша жүктелген.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайтылып келеді. 2014 жылы 5 млн, 2015 жылы 10 млн теңге бөлінсе, 2016 жылға 10 млн. 700 мың теңге қаржы бөлінді.  

 Сонымен бірге 2017 жылға  жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында  5 млн. (теңге) қаржы бөлініп, аталған жобаның жеңімпазы «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс бастап кетті.

    4. Жолдаудың орындалуы

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының насихатталуы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінде аудан әкімінің өкімімен 45 адамнан жасақталған 8 насихаттық құрылды. Олардың құрамында мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар көшбасшылары қамтылған.

Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы 1 - кезең бойынша 27 есепті кездесулер өткізіліп, оған 8856 тұрғын қатысты.

2-кезең жер мәселесіне қатысты әлеуметтік қауырттылық туындау барысында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 21 кездесу ұйымдастырылып, 7 мыңға жуық адам қамтылды.

Жалпы, Жолдауды насихаттауға арналған аудан бойынша 53 кездесу,                         7 дөңгелек үстел өткізілген.

Негізінен, Елбасы Жолдауын қолдау мақсатында аудандық газеттерде арнайы айдарлар ашылып, халықтың түрлі топтарының үнқосулары жариялануда. Бүгінгі күнге дейін аймақтық «Тұран-Қазалы» және аудандық «Қазалы» газеттерінде Елбасы Жолдауын қолдауға арналған 200-ден аса материал жарияланды. Сондай-ақ, «Серік ТВ» телеарнасы арқылы 38 сюжет көрсетілді.

Жолдаудың ізгі жолдарына үн қосқан  мұндай материалдар алдағы уақытта да ұдайы жарияланатын болады.

5. БАҚ

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бағытында аймақтық «Тұран Қазалы», аудандық «Қазалы», «Тәуекел туы» газеттері және «Серік ТВ» телеарнасы жұмыс жасайды. Оның ішінде, аймақтық «Тұран Қазалы» газеті 9744 дана, аудандық «Қазалы» газеті 7388 дана, «Тәуекел туы» газеті 1000 дана таралыммен «Серік ТВ» телеарнасы күніне 8 сағат жұмыс жасайды.

Жегрілікті басылым беттерінде арнайы айдарлар ашылып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ақпараттық қолдау көрсетілген.

Ақпарат құралдарының  атауы

Директоры немесе бас редактор

Байланыс түрлері

1.

Аймақтық «Тұран Қазалы» газеті

Әлмәмбет Әлішев

21-7-49, 24-7-77

2.

Аудандық «Қазалы» газеті

Омаров Дәурен

23-4-21, 23-8-09,23-8-04

3.

Аудандық «Тәуекел туы» газеті

Көптілеуов Марат Сыдықұлы

24-1-11, 8701-458-52-18

4.

Жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы

Есмаханов Сабырхан

8701-130-73-05

Кіру