ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Ішкі саясат

Ішкі саясат

«Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша

(I квартал 2017 жыл)

 

1. Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.

Аудандағы үкіметтік емес ұйымдардардың жұмысын жандандыру бағытында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. 2016 жылы Кеңестің кезекті екі отырысы өткізіліп, күн тәртібінде аудандағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында атқарылған шаралар, «Қызылорда облыстық «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің жай-күйі туралы мәселелер талқыланды.

Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Кеңес құрамы 2017 жылдың 17 наурызында аудан әкімінің №66 қаулысымен қайта бекітілді.

Қазалы аудандық Әділет басқармасының мәліметі бойынша ауданда 39 қоғамдық ұйымдар мен қорлар есепке алынған. (Оның ішінде қоғамдық қорлар-5, қайырымдылық қорлар-4, корпоративтік қорлар-2, қоғамдық бірлестіктер-28)

Олардың ішінде 19 ұйым қоғамдық шараларға белсене атсалысады. Осы 19 бірлестіктердің (аудандық қоғамдық бірлестіктер саны – 15, облытық қоғамдық бірлестіктердің аудандағы өкілдіктер саны - 4) 100-ден астам қоғамдық негіздегі бастауыш ұйымдары бар.

2016 жылға үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға 5 жоба бойынша аудандық бюджеттен 17751,8 мың теңге бөлініп, мәдени көпшілік іс-шаралар, спорттық жарыстар, түрлі байқаулар ұйымдастырылды. 

2017 жылға аудандық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 5 жобаға 12285,0 мың теңге бөлінген.

Сондай-ақ, Қазалы ауданында 4 саяси партия өкілдері бар. Олар, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Жалпыұлттық социалды демократиялық партияларының Қызылорда облысы бойынша өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда. 

2. Діни бірлестіктермен жұмыс

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық насихаттық іс-шараларды ұйымдастыруға» аудандық бюжеттен 3090.0  мың теңге бөлініп, жобаның жеңімпазы болып танылған «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жоба аясында мекеме кәсіп орындарында , ауылдық округтерде кездесу жиындары, мешіт жамағаттары арасында түрлі бағыттарда сайыстар және де республикаға, облысқа белді теолог мамандарды ауданға  тартып, дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы жастармен кездесулер және оның алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу жиындарын өткізді. Жалпы барлығы 100 ге жуық шара ұйымдастырылды.

 2017 жылға «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы ақпарттық жұмыстарды күшейту» бағытындағы аудандық бюджеттен 3 000,0 мың теңге бөлініп, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлескен жұмыстар басталды.

3. Жастар саясаты

Қазіргі таңда аудан халқының 26.8 пайызы, яғни 20 359 жастар. (Олардың 9669-і әйелдер,  10690-і ерлер) 

Аудан жастарының қоғамдық-саяси өмірге қатысуы мен оларға патриотизм мен парасаттылық нормалары негізінде тәрбие беру, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында «Жас Отан» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қазалы аудандық бөлімшесі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ–сі жанынан Жастар Парламенті, Қазалы ауданы бойынша Қазақстан студенттер Альянсымен, Достық түрлі ұлт жастары клубы, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі сонымен бірге аудандық мәслихат депутатынан сайланған 1 жас депутат ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасап келеді.

Жастармен жұмысты үйлестіру үшін жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен жастармен жұмыс жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды. Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығында» 1 бөлім басшы, 1 аға кеңесші, ауылдық округтерде 19, Қазалы қаласында 1, Әйтеке би кентінде 1 әкімшілік қызметкерлерінің бас мамандарына қосымша жүктелген.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайтылып келеді. 2014 жылы 5 млн, 2015 жылы 10 млн теңге бөлінсе, 2016 жылға 10 млн. 700 мың теңге қаржы бөлінді.  

 Сонымен бірге 2017 жылға  жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында  5 млн. (теңге) қаржы бөлініп, аталған жобаның жеңімпазы «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс бастап кетті.

 

    4. Жолдаудың орындалуы

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының насихатталуы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінде аудан әкімінің өкімімен 45 адамнан жасақталған 8 насихаттық құрылды. Олардың құрамында мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар көшбасшылары қамтылған.

Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы 1 - кезең бойынша 27 есепті кездесулер өткізіліп, оған 8856 тұрғын қатысты.

2-кезең жер мәселесіне қатысты әлеуметтік қауырттылық туындау барысында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 21 кездесу ұйымдастырылып, 7 мыңға жуық адам қамтылды.

Жалпы, Жолдауды насихаттауға арналған аудан бойынша 53 кездесу,                         7 дөңгелек үстел өткізілген.

Негізінен, Елбасы Жолдауын қолдау мақсатында аудандық газеттерде арнайы айдарлар ашылып, халықтың түрлі топтарының үнқосулары жариялануда. Бүгінгі күнге дейін аймақтық «Тұран-Қазалы» және аудандық «Қазалы» газеттерінде Елбасы Жолдауын қолдауға арналған 200-ден аса материал жарияланды. Сондай-ақ, «Серік ТВ» телеарнасы арқылы 38 сюжет көрсетілді.

Жолдаудың ізгі жолдарына үн қосқан  мұндай материалдар алдағы уақытта да ұдайы жарияланатын болады.

5. БАҚ

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бағытында аймақтық «Тұран Қазалы», аудандық «Қазалы», «Тәуекел туы» газеттері және «Серік ТВ» телеарнасы жұмыс жасайды. Оның ішінде, аймақтық «Тұран Қазалы» газеті 9744 дана, аудандық «Қазалы» газеті 7388 дана, «Тәуекел туы» газеті 1000 дана таралыммен «Серік ТВ» телеарнасы күніне 8 сағат жұмыс жасайды.

Жегрілікті басылым беттерінде арнайы айдарлар ашылып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ақпараттық қолдау көрсетілген.

Ақпарат құралдарының  атауы

Директоры немесе бас редактор

Байланыс түрлері

1.

Аймақтық «Тұран Қазалы» газеті

Әлмәмбет Әлішев

21-7-49, 24-7-77

2.

Аудандық «Қазалы» газеті

Омаров Дәурен

23-4-21, 23-8-09,23-8-04

3.

Аудандық «Тәуекел туы» газеті

Көптілеуов Марат Сыдықұлы

24-1-11, 8701-458-52-18

4.

Жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы

Есмаханов Сабырхан

8701-130-73-05

 

 

Кіру