ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Қоғам Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту

Қазалы аудандық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  бойынша 2019 жылдың                                  І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы  анықтама

 

Мүгедектермен жұмыс секторы бойынша

 

Жекелеген санаттар үшін әлеуметтік көмектер

 

 

Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 ақпандағындағы №274 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес жекелеген санаттар үшін Жеңістің 74 жылдығы мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмектерге 2019 жылға облыстық бюджеттен 53505,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 4823,0 мың теңге барлығы 58328,0 мың теңге қаралды. Сонымен қатар ҰОС-ның  бес мүгедектері мен қатысушыыларға облыстық бюджеттен әр қайсысына 303,0 мың теңгеден барлығы 1515,0 мың теңге қосымша қаржы қаралды.

 2019 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шектелген контингентерінің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шығарылуына 30 жыл толуына орай Ауғанстан соғысының қатысушыларына әлеуметтік қолау мақсатында 28 азаматқа облыстық және аудандық бюджеттен барлығы  4949,0 мың теңге тағайындалып төленді.

Қазақстан Республикасының құрметті атағын алған 5 адамға әрқайсысына ай сайын 7575 теңге (3,0 есе АЕК) әлеуметтік көмек төлену үшін 2019 жылға 455,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың алты айында 5 адамға 227,3мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

 

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты

атқарылған жұмыстар

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей белсене қатысуына мүмкіндіктер жасауға арналған жұмыстар атқарылуда.

2019 жылдың 6 айында «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне жеке оңалту парағы бойынша жолдамамен 27 мүгедек дем алуға жіберіліп, өз денсаулықтарын жақсартты.

 2019 жылға Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен 30968,0 мың теңгенің және жергілікті бюджеттен 23557,0 мың теңге қаржы қаралып, жеке оңалту парағы толтырылған барлығы 666 гигиеналық құралдар тоқсан сайын таратылып берілуде; оның ішінде жөргек (памперс) – 337,сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 122 адамға, иісті бейтараптандырғыш – 9 адамға, сіңіргіш ұнтақ (ОПА) – 9 адамға, теріні тазартқыш 94 адамға, стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик – 8 адамға, несепқабылдағыш – 6 адамға, нәжісқабылдағыш – 7 адамға, қорғаныш крем –8 адамға, санитарлы құрылғысы бар кресло орындық – 59 адамға  таратылды.

Мүгедектердің жеке оңалту парағына сәйкес протезді-ортопедиялық: таяқ – 55, балдақ – 9, үлкендерге және балаларға арналған жетек арба – 20, жейде киюге арналған құрылғы – 10, колготки киюге арналған құрылғы – 9,  түйме тағуға арналған құрылғы – 2 адамға,белсенді ұстағыш – 9 адамға, барлығы – 114 құрылғылар  таратылды.

Тифлотехникалық: сөз шығаратын термометр – 8, сөз шығаратын тонометр – 2, ине сабақтағыш - 4  адамға,Диктафонды телефон-11,соқырларға арналған сағат-5,плеер-5, зағиптар таяғы-2, Кешенді ноутбук-15,оқу машинасы-3 адамға барлығы 51 құрылғы таратылып берілді.

Арнаулы жүріп-тұру құралдары: үлкендерге арналған бөлмелік кресло-арба – 13, серуендік үлкендерге-5 адамға,балаларға арналған серуендік-3, бөлмелік-2 барлығы – 23 жүріп-тұру құралдары таратылып берілді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөнінде бекітілген іс-шаралары  бойынша  2019 жылға 30 мүгедек жоспарланған. Аудан бойынша мүгедектердің  жұмыс іздеуші ретінде хабарласқаны жалпы саны 49 мүгедек, оның ішінде11 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, 2 мүгедекке шағын несие берілсе, 19 мүгедек  ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 мүгедек жастар тәжірибесіне, 5 мүгедек әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

 

Мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыруға байланысты

атқарылған жұмыстар туралы

Мүгедектердің, оның ішінде кресло-арбамен жүретіндердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында181 нысанға кезең-кезеңімен түгендеу (паспорттау) жүргізілді.

Түгендеу жүргізілген нысандардың ішінен қазіргі кезде 165 бейімдеуге жататын мекеме мен кәсіпорындардың тізімі нақтыланып, мемлекеттік стандартқа сәйкес пандустар және қабылдауға келген мүгедектерге бөлім қызметкерлерін шақыру үшін арнайы мүгедектерге арналған шақыру тетігі орнатылып, кедергісіз орта қалыптастырылған.

2019 жылдың 29 наурызында «Ауданда мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудан әкімі жанындағы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы» үйлестіру кеңесінің отырысы аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізіліп, тиісті бөлімдер мен кәсіпорындарға тапсырмалар берілді.

 

Әлеуметтік қолдау

2019 жылдың 6 айында аудан бойынша жинақталған мәәліметтерге сәйкес 2254 аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедектерге 16728,7 мың теңгеге қаржылай және азық-түлі, қатты отыннан  беру,тұрғын үй баспасөз газеттеріне және кәсіпкерлердің демеушілігімен басқа да қайырымдылық көмектері көрсетілді.

1 – наурыз «Алғыс айту» күніне орай Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы мешітінде «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы өткізіліп, 101 тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылары, жетім, жартылай жетім, толық емес отбасыларына әр қайсысына 20,0 мың теңге, барлығы 2,0 млн.теңге көлемінде   қайырымдылық көмек көрсетілді.

8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты аудандық Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде  «Ана – өмір шуағы» атты салтаннатты шара болып өтті. Салтанатты шараға 200-ден аса әйелдер, олардың ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, Еңбек ардагерлері, Батыр аналар, білім және денсаулық саласының ардагерлері, түрлі салада еңбек етіп жүрген аналар қатысты. Қатысушылардың барлығына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары табыс етілді.

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында  мүгедек бала тәрбиелеп отырған 3 отбасындағы аналарды  құттықтап, олардың әрқайсысына 8,0 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасады.

Сонымен бірге «Мейірім» қайырымдылық клубы мүгедек бала асырап отырған 23 ананы қайырымдылық дастарханына шақырып, 60 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасады.

Әйтеке би кенті әкімдігінің  ұйымдастыруымен 18 тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларына кәсіпкерлердің демеушілігімен 360,0 мың теңге көлемінде азық-түліктен және 2  отбасына әрқайсысына 1 тоннадан 32,0 мың теңгеге қатты отыннан қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қайырымдылық көмек сұраған 3 тұрмысы төмен   отбасына 70,0 мың теңге көлемінде қаржылай және азық-түліктен мекемелер қайырымдылық көмек жасады.Сондай-ақ Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешіті жанынан 2018 жылы  «Асыл-Иман-Ихсан» қоғамдық қоры ашылып, 1 отбасының тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалынса, 1 отбасына 2 бөлмелі үй салып берген. Бірқатар тұрмысы төмен жандарға азық-түлікпен көмек көрсетіп, баспана мәселесі қиын жандарға қол ұшын берген.

Сонымен бірге  Әйтеке би кентінен тұрмысы төмен, тұрғын үйге мұқтаж 5 отбасының әр қайсысына 40 шаршы метрден баспанамен қамтамасыз ету бағытында барлығы 200 шаршы/метрге жатақхана салып 2019 жылдың 6 маусымында салтанатты түрде табыс етті.

Оған, қордың есебінен шамамен 10млн.теңге, қаржы жұмсалған.

Аталмыш тұрғын үй тұрмысы төмен Әйтеке би кентінің тұрғындары Утенов Кумекбайға және Жусупова Акбота Заркумкызына және көпбалалы аналар Канаева Айгул Кабылбековна, Нургалиева Нургуль Амирбековна, Өтжан Перизат Әлімжанқызына табыс етілді.

Осындай игі бастамаларды алдағы уақытта жалғастыруды көздеп отыр.

 

                          Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс

2019 жылы мүгедектерді тасымалдау үшін «Инватакси», жүріп–тұруы қиын                 І–топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметін және ымдау тілі маманының қызметіне қызметіне бөлінген қаржыға «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес «Қазақ соқырлар қоғамы Қазалы соқырлар қоғамдық бірлестігі» жеңімпаз болып, төмендегідей жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылға «Инватакси» қызметіне 2634,0 мың теңгеге қаржы қаралып, 2019 жылдың 6 айында  мүмкіндігі шектеулі жандардан 1066 тапсырыс қабылдап, 1203,8 мың теңгенің қызметін көрсетті. 

Жүріп – тұруы қиын І – топтағы  мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметіне 2019 жылға 47666,0 мың теңге қаралып, алты айында келісім шарт арқылы                         жүріп – тұруы қиын І – топтағы 146 мүгедекке 139 жеке көмекшінің қызметіне 24799,9 мың теңге төленді.

Ымдау тілі маманының қызметіне 2019 жылға Республикалық бюджеттен-2005,0 мың теңгеге, аудандық бюджеттен 2087,0 мың теңге барлығы 4092,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың 6 айында 9 естуі бойынша мүгедектерге көрсетілген  ымдау тілі маманының қызметіне 1013,3  мың теңге қаржы төленді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік жағдайы жағынан төмен отбасыларын қолдау мақсатында шаралар ұйымдастыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, 2019 жылдың 21 наурыз мерекесінде 300 отбасына 150,0 мың теңгеге Наурыз көже қайырымдылық дастарханы ұйымдастырылды. Осы жылдың сәуір айында «Наурыз» кенттік клубында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (дойбыл, тенис, қол күрестен )спорттық ісшара -207,0 мың тегеге ұйымдастырылып  және жүлделі орындар бөлісіп сый- сиапаттар табысталды.2019 жылдың 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне және Жеңістің 74 жылдығына орай тұрмысы төмен отбасыларына сондай ақ Ұлы Отан соғысының                                      5 ардагерлеріне құрмет көрсетіп шапан жауып, барлығы 273,0 мың теңгеге іс-шара өтқізілді. 2019 жылдың 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің Қазақстаным» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында сурет байқауы 14 балаларды қатыстырып ұйымдастырылды.Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық қолдауға бағытталған «Бәрімен бірдейміз» атты өнерпаздардың өнер фестивалі өткізілді.Осы іс-шара барысында жүлделі орындар белгіленіп, барлығы 201,0 мың теңге Дипломдар,қаржылай  және сыйлықтар тапсырылды.

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік

қызмет көрсету бөлімшесі бойынша атқарылған жұмыстар

 

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға 8 қызмет түрі көрсетіледі.

         «Мүгедектерді оңалту бағдарламасына» сәйкес жеке оңалту парағы берілген 134 мүгедек балаға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

           Жыл басынан бері жеке оңалту парағы берілген  19 мүгедек бала есепке алынып, олардың әрқайсына айқындау  және бағалау қорытындысына сәйкес және баланың қабілетіне қарай жеке жеке жұмыс жоспары жасалып бекітіліп берілді.

        Ай сайын жасалынған жеке жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын жеке жұмыс жоспарындағы өзгерістердің қорытындысын алып мониторинг жасалып  отырады.

        Аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің ұйымдастыруымен үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін балалар арасында «Ән мен күй – халық қазынасы» атты ән байқауы ұйымдастырылып, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 5 бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

     30-мамыр күні балаларды қорғау күні қарсаңында жеке кәсіпкер М.Рысбаева «Рау-Илья»  мейрамханасында үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін  балаларға арнап  қайырымдылық дастарханын жайды.

       1-маусым күні балаларды қорғау күні мерекесіне орай  «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Менің Қазақстаным » атты  суретшілер байқауы өткізілді.

        12-маусым күні Әйтеке би кенті аппаратының «Кенттік клубы » және «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Бәріміз бірдейміз» атты өнер фестивалі өткізіліп, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушы балалар қатысып, өз өнерлерін ән айту, би билеу, көркем сөз оқудан көрсетті.

Кадр жұмысы және қызметкерлердің

білімін  көтеру  туралы

  2019 жылдың І жартыжылдығында «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалына» сектор меңгерушілері Ө.Кетебай «Жобалық басқару. Scrum әдістемесі», Г.Тынымбаева «Мемлекеттік сектордағы тиімділікті басқару» тақырыбында, бас маман А.Жумагулова «Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттіліктері» тақырыбында, жетекші маман Ж.Сырымова «Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында, әлеуметтік қызметкерлер Г.Жалмагамбетова, Д.Турумбетова, Э.Кожасова «Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары туралы» тақырыбында оқу семинарына қатысып келді.

   

Әлеуметтік төлемдер секторы бойынша

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 755143,0 мың теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында   атаулы әлеуметтік көмек 882 отбасының                        5154 мүшесіне 201318,1 мың теңге тағайындалып, 867 отбасының 5059 мүшесіне 201254,0 мың теңге төленді.

Аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасыларына  тұрғын үй көмегіне                      2019 жылға 13394,0 мың теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың  І жартыжылдығында   тұрғын үй көмегіне 69 отбасына 2214,0 мың теңге  тағайындалып, төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға  берілетін әлеуметтік көмекке 2019 жылға 36663,0 мың теңге қаржы қаралып, үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында   141 азаматқа 12986,6 мың теңге тағайындалып, төленді.

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырып, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмектер сатып алу үшін 2019 жылға 921,0 мың теңге қаржы қаралып,  үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында   115,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін                      2019 жылдың І жартыжылдығында   63 балаға 1979,9 мың теңге тағайындалып, төленді.

 

Жұмыспен қамту секторы бойынша

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауларында халықтың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік қорғалуын, еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне айрықша мән беріп, елдегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға баса назар аударып келеді.

Бүгінде тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруда халықты еңбекпен қамту, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік әріптестікті дамыту басым бағыттарының біріне айналды.

Ауданда осы бағытта бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қызылорда облысының сатистика департаментінің мәліметіне сәйкес ауданда жұмыспен қамтылған халық саны 33 446 адамды құрап, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер саны -16863 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтар саны – 16583 адам, жұмыссыздар – 1722 адам.

Қазалы ауданы бойынша  Халықты жұмыспен қамтудың 2019 жылға арналған Кешенді жоспары жасалып, облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.

Жыл басында берілген жоспарға сәйкес аудан бойынша 850 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып, 2019 жылдың  1-ші шілдесіне  469 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2019 жылдың 1-ші шілдесіне жұмыс іздеуші ретінде 1468 адам хабарласып, тұрақты жұмысқа 460 адам  орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 613 жұмыссыз адам жіберілді. Жастар тәжірибесіне 149 адам және әлеуметтік жұмыс орнына 96 адам жіберілген.

 

Еңбек қатынастарының жай-күйі және айлық жалақы бойынша

қарыздар туралы

Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі арқылы ай сайын 62 мекемеден (жұмысшы қызметкерлер саны – 3061) 3-ТН есебі алынып тұрады.

Жинақталған мәлімет бойынша 2019 жылдың 1-ші шілдесіне еңбек ақыға қарызы бар  мекемелер жоқ екендігі анықталып отыр.

 

Бірыңғай жиынтық төлем туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілді.

Қазіргі таңда аудан бойынша «Мониторинг» дерекқорында (базада) бірыңғай жиынтық төлем төлейтін азаматтардың тізімі жасақталып, аудан әкімінің орынбасарымен бекітіліп, 2019 жылға барлығы  840 адамға жоспар құрылып,  қала, кент және ауылдық округтер бойынша  төлемдер жүргізілуде. Соған сәйкес күнделікті қала, кент және ауылдар бойынша мәлімет жинақталып,   бүгінгі   күнге     барлығы  348 адамға бірыңғай жиынтық төлем аударылды.

 

Ұжымдық шарт туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы: «Азаматтық қоғамға ықпал ететін құралдардың бәрінен де кәсіподақтардың рөлі ерекше маңызды. Күшті кәсіподақ ұйымын құра отырып, жұмысшылар жұмыс берушімен тепе-тең сөйлесе алады»-деп «Ұжымдық шарт жасаңыздар!» атты жалпы республикалық акцияға бастама көтерді.

Акцияға байланысты мекемелер мен кәсіпорындарда, кәсіпкерлік субьектілерінде өткен жылы 2016-2019 жылдарға арналған   ұжымдық шарттар 220 мекемеде  жасалынды.

Қабылданған ұжымдық шарттарда міндеттемелер, бақылау және тараптар жауапкершілігін мекеме және кәсіподақ  шартты орындауды, тартысты болдырмауды, түсініспеушілікпен қарауды міндетіне алып, келісім комиссиясы арқылы сөйлесу және кеңес арқылы шешу көрсетілген.  

Аудан әкімдігі жанынан әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы құрылған. Аудан әкімінің өкімімен бекітілген әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 2 рет отырыс өткізілді.

Қазалы ауданында қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қазалы ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органы құрылған, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері 2 рет кезекті отырыстары өткізіліп, 2019 жылға жұмыс жоспары бекітіліп, аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша белгіленген квотаға сәйкес және квотадан тыс жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету, спорттық мәдени шараларға қатыстыру және әлеуметтік көмек көрсетіп отыру жұмыстары тапсырылып, жұмыстар жүргізілуде.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 5 азамат және жазасын өтеп келген                          1 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

 Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 4 азамат және жазасын өтеп келген 1 азамат ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа жіберілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясындағы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жазасын өтеп келген 1 азамат қайтарымсыз грант алды.

Алдағы уақытта, жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыруға болмаса, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберуге және бағдарламаға қатыстыруға жұмыстар жүргізіле беретін болады.

 

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы бойынша

 

АХАТ секторымен 2019 жылдың І жартыжылында тіркелген азаматтық хал актілерінің жалпы саны - 1375,  оның ішінде туу - 794, қайтыс болу - 224,  неке қию - 255, неке бұзу - 59, әкелікті анықтау - 34, бала асырап алу - 3, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту– 6,  кәмелетке толмаған балалардың тегін, атын өзгерту -  5, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу – 10,  азаматтық хал актілерін жою – 1, қайталама куәліктер мен анықтамалар -  282, ЭҮП арқылы - 116, өндірілген баж алымы – 1 272 439 тг .

 Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы 10 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, туу, қайтыс болу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қалпына келтіру, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру, азаматтық хал актілерін жою.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына беру бойынша пилоттық жобасы шеңберінде өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тәртібі бойынша АХАТ секторының 1 қызметкері 2018 жылдың мамыр айының 16-нан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қазалы аудандық бөлімінде туу, қайтыс болу, некені бұзу, тегін,атын, әкесінің өзгерту туралы акт жазбалары тіркеліп, 28.06.2019 жылы пилоттық жоба аяқталды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет.

        Қызмет түрі

Қазалы

 

 

2019 жылдың І жартыжылдығы

 

барлығы

оның ішінде

 

 

ГО

ЦОН

ПЭП

туу

803

0

593

210

неке қию

255

64

0

191

неке бұзу

103

0

100

3

асырап алу

3

3

0

0

әкелікті анықтау

34

34

0

0

Т.А.Ә.атын өзгерту

8

0

8

0

қайтыс болу

228

0

228

0

қайталама

442

0

330

112

қалпына келтіру

0

0

0

0

азаматтық хал актілерін жою

0

0

0

0

БАРЛЫҒЫ

1876

101

1259

516







     

       Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасарымен бекітілген  «АХАТ ТП»  ақпараттық  жүйесіне тіркелген мәліметтерді өзектендіру жөніндегі жол картасы (одан әрі-Жол картасы) негізінде «Е-АХАТ» электронды мұрағаты жазбаларына өзектендіру жұмыстарын жүргізу ағымдағы жылдың шілде айының 31-іне аяқтау жөнінде тапсырма берілді.

      Түзету – өзектендіру жұмыстары аяқталғаннан  кейін, азаматтардың жеке деректері мемлекеттік органдардың «АХАЖ АЖ-не» және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен ықпалдастырылған ақпараттық жүйелеріне берілетін болады.

      1938-2008 жылдар аралығында 303 452 акт жазбаларын  «Е-АХАТ» электронды мұрағат қорын дайындауға сканерленген  жазбалардың дұрыс енгізілмеуіне байланысты, өзектендіру- түзету жұмыстары күн сайын жүргізіліп, қазіргі уақытта 65% өзектендірілді. Сонымен қатар, тізімнен қалған және тағы да келген               74478 акт жазбасына өзектендіру-түзету жұмыстары жүргізілуде.


2018 жылы жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту мәселесі бойынша» атқарылған жұмыстардың барысы туралы анықтама 

 

2019 жылдың 01 қаңтарына аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 2864 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасқаны барлығы – 2125, тұрақты жұмысқа 1806 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 3,0 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздар саны – 1055 адамды құрауда.

Аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде                 29 жасқа дейінгі 1296 жұмыссыз жастар хабарласқан. Одан жұмысқа орналасқаны 692 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 138 жас, әлеуметтік жұмыс орнына 25 жас, жастар практикасына 218 жас мамандығы бойынша жіберілсе, 72 адам қайта даярлау курсына, 126 адам кәсіпкерлік негізде оқытылды.

2018 жылы 19 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 83 жұмыс берушілерден 460 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге 738 жұмыссыз адам қатысты, одан 460 адам тұрақты жұмысқа, 10 адам әлеуметтік жұмысқа, 85 адам жастар практикасына, 76 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 107 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2018 жылға 970 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, 2018 жылы 1050 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 1037 адам, уақытша жұмысқа 13 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 149, өнеркәсіп – 35, құрылыс – 8, көлік және қоймалау – 136, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға –240, білім беру саласы бойынша – 140, денсаулық саласы бойынша – 69, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 260 орын.

2018 жылы 84 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, тіркелген. Одан тұрақты жұмысқа орналасқаны 43, оның 2 несие алған мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 10 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 6 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 6 мүгедек жіберілсе, 2 мүгедек қайта даярлау курсына, 17 мүгедек кәсіпкерлік негізде оқытылуда.

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 21 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Одан 12 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам өз бетінше жұмысқа орналасса, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 2 адам қайта даярлау курсына «Автокөлік жүргізуші» мамандығы бойынша оқуға жіберілсе, 2 адам кәсіпкерлік негізде оқуға өтініш білдірді, ал, 1 адамның отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.

 

 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                     2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша анықтама

 

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылы Аудандық білім бөлімі арқылы кәсіптік оқуға 150 адамды қыркүйек айынан бастап оқыту көзделіп, аудандағы және Қызылорда қаласындағы колледждерге 12 мамандық бойынша 58 адам 2 жыл 10 ай мерзімге кәсіптік оқуға жіберілді.

Қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 6 айға жоспар бойынша 150 адамды 6 ай оқытуға бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралды.

Қаралған қаржыдан 33480,0 мың теңгеге «Аспаз» мамандығы бойынша 26 адам, «Автокөлік жүргізуші» мамандығына 20 адам, «Кондитер» мамандығына 24 адам, «Оператор ЭЕМ» мамандығына 21 адам, «Шаштараз» мамандығына  31 адам, «Киім пішу» мамандығына 28 адам, барлығы 150 адамға оқу орындарымен келісім шарттар жасалып, оқуға жолдама беріліп, оқытылды. Одан оқуын аяқтаған 133 адамнан жұмысқа орналасқаны 102 адам, яғни 76,7 пайыз.

Колледж атауы

Оқытылатын мамандық атауы

Оқытыла-

тын адам

саны /жоспар/

Оқуға жолданған

адам саны

Оқу мерізімі, ай

Оқуын аяқтаған адам саны

Жұмысқа орналас-қаны

Қазалы аграрлы техникалық колледжі

Аспаз

26

26

3

25

23

Автокөлік жүргізуші

20

20

6

15

14

Қазалы көлік

техникалық колледжі

Кондитер

24

24

3

22

11

Оператор ЭЕМ

21

21

3

19

15

«Санжар» ЖШС» оқу орталығы

Шаштараз

31

31

3

27

24

Киім пішу

28

28

6

25

15

Барлығы:

150

150

-

133

102

 

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 100 адамға несие беру жоспарланған. 2018 жылы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 59 адамға 195,6 млн.теңге, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микроқаржы ұйымы» арқылы 45 адамға 136,6 млн.теңге, "Сырдария-1" кредиттік серіктестігі" ЖШС-нен 1 адам 6,0 млн.теңге, барлығы 105 адамға  338,2 млн.теңге несие берілген. Несие алған кәсіпкерлер 110 адамды жұмыспен қамтылып отыр.

Бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (стартап) алуға 25 адам халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, 240500 теңгеден мемлекеттік грант алып өз кәсіптерін ашуда.

2018 жылға кәсіпкерлік негізде оқытуға 230 адам жоспарланып, 5 топ бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен 247 адам кәсіпкерлік негізде оқуға жолданып, одан 220 адам оқуын бітіріп, 170 адам жобаларын қорғап шықты. Одан 50 адам несие алса, 12 адам мемлекеттік грант (стартап)  иегері атанып отыр.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2018 жылы әлеуметтік жұмыс орнына 55 адамға жалақыны субсидиялауға 17021,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 24 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 101 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. Одан жұмыспен қамтылғаны 35 адам, яғни 34.7 пайызды құрауда.

Жастар тәжірибесіне 140 жас мамандарды жіберуге 50506,0 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға қазіргі таңда 218 адам жастар тәжірибесіне өз мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге жолдама арқылы жіберілді. Одан жұмыспен қамтылғаны 38 адам, яғни 17,4 пайыз.

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберуге жергілікті бюджеттен 55628,0 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда 500 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, одан жұмыспен қамтылғаны 53 адам.



2018 жылдың 01 қазанына жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту мәселесі бойынша» атқарылған жұмыстардың барысы туралы анықтама 


2018 жылдың 01 қазанына аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 2050 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасқаны барлығы – 1019 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі                3,9 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздар саны – 1369 адамды құрауда.

Аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде                 29 жасқа дейінгі 890 жұмыссыз жастар хабарласқан. Одан жұмысқа орналасқаны 423 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 120 жас, әлеуметтік жұмыс орнына 22 жас, жастар практикасына 192 жас мамандығы бойынша жіберілсе, 72 адам қайта даярлау курсына,              61 адам кәсіпкерлік негізде оқытылуда.

Жыл басынан бері 15 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 65 жұмыс берушілерден 365 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге              465 жұмыссыз адам қатысты, одан 365 адам тұрақты жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмысқа, 20 адам жастар практикасына, 35 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 43 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2018 жылға 970 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, 2018 жылдың 01 қазанына 963 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа                    950 адам, уақытша жұмысқа 13 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 141, өнеркәсіп – 19, құрылыс – 8, көлік және қоймалау – 121, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға –236, білім беру саласы бойынша – 17, денсаулық саласы бойынша – 66, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 242 орын.

Осы жылдың 01 қазанына 55 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, тіркелген. Одан тұрақты жұмысқа орналасқаны 22 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 9 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 6 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 5 мүгедек жіберілсе, 2 мүгедек қайта даярлау курсына, 11 мүгедек кәсіпкерлік негізде оқытылуда.

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 18 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Одан 10 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам өз бетінше жұмысқа орналасса, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 2 адам қайта даярлау курсына «Автокөлік жүргізуші» мамандығы бойынша оқуға жіберілсе, 1 адам кәсіпкерлік негізде оқуға өтініш білдірді, ал, 1 адамның отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде.


 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                     2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша анықтама

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылы Аудандық білім бөлімі арқылы кәсіптік оқуға 150 адамды қыркүйек айынан бастап оқыту көзделсе, қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 6 айға жоспар бойынша            150 адамды 6 ай оқытуға бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралды.

Қаралған қаржыдан 20880,0 мың теңгеге «Аспаз» мамандығы бойынша 26 адам, «Автокөлік жүргізуші» мамандығына 20 адам, «Кондитер» мамандығына 24 адам, «Оператор ЭЕМ» мамандығына 21 адам, «Шаштараз» мамандығына  31 адам, «Киім пішу» мамандығына 28 адам, барлығы 150 адамға (72-сі жастар)  оқу орындарымен келісім шарттар жасалып, оқуға жолдама беріліп, оқытылуда . одан оқуын аяқтағаны 93 адам, жұмысқа орналасқаны 42 адам.

Колледж атауы

Оқытылатын мамандық атауы

Оқытыла-

тын адам

саны /жоспар/

Оқуға жолданған

адам саны

Оқу мерізімі, ай

Оқуын аяқтаған адам саны

Жұмысқа орналас-қаны

Қазалы аграрлы техникалық колледжі

Аспаз

26

26

3

25

13

Автокөлік жүргізуші

20

20

6



Қазалы көлік

техникалық колледжі

Кондитер

24

24

3

22

5

Оператор ЭЕМ

21

21

3

19

6

«Санжар» ЖШС» оқу орталығы

Шаштараз

31

31

3

27

18

Киім пішу

28

28

6



Барлығы:

150

150

-

93

42

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды несиелендіруге 2018 жылы 463853,0 мың теңге қаржы қаралып, 100 адамға несие беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 52 адамға (18 жас) 176100,0 мың теңге, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микроқаржы ұйымы» арқылы 5 адамға 9,0 млн.теңге несие берілсе, қалған өтініш берген азаматтардың құжаттары несие ұйымдарына тапсырылып, несие беру жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға 25 адамға 6,0 млн.теңге қаражы қаралып отыр. Қазіргі таңда 6 адамның жобасы Облыстық кәсіпкерлер палатасына тапсырылып, осы жылдың 25 қыркүйек күні комиссияда ұміткерлер өз жобаларын қорғады, комиссия қорытындысы күтілуде.

2018 жылға кәсіпкерлік негізде оқытуға 230 адам жоспарланып, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген жұмыссыз адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы «Бастау-Бизнес» жобасымен осы жылдың сәуір айымен қараша айында барлығы 6 топ бойынша оқыту көзделген болатын. Бүгінгі күнге,1 топ бойынша 52 адам кәсіпкерлік негізінде оқуға осы жылдың 16 сәуірі күні жолданып, одан 46 адам бітіріп, оның 39 өз жобаларын қорғап сертификаттарын алса;

2 топ бойынша 44 адам осы жылдың 28 мамыры күні кәсіпкерлік негізде оқуға жолданып, одан 32 адам бітіріп, өз жобаларын қорғап сертификаттарын алды;

3 топ бойынша 29 адам осы жылдың 09 шілде күні кәсіпкерлік негізде оқуға жолданып, 18 адам өз жобаларын қорғап, сертификаттарын алған.

Ал, 4 топтан бастап кәсіпкерлік негізде оқыту қаражат болмауына байланысты осы жылдың тамыз айыннан бастап тоқтап тұр.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2018 жылы әлеуметтік жұмыс орнына 55 адамға жалақыны субсидиялауға 17021,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 23 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 95 адам (21 жастар,           5 мүгедек) әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Жастар тәжірибесіне 140 жас мамандарды жіберуге 50506,0 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға қазіргі таңда 192 адам (5 мүгедек) жастар тәжірибесіне өз мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге жолдама арқылы жіберілді. Жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың басым көпшілігі білім саласы мен денсаулық саласын бітіргендер.

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберуге жергілікті бюджеттен 28761,0 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда 468 адам ақылы (96 жастар, 9 мүгедек) қоғамдық жұмысқа жіберіліп отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 2018 жылдың



01 сәуіріне атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылы кәсіптік оқуға 150 адам оқыту көзделсе, қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 1 айдан 6 айға дейін жоспар бойынша 150 адамға бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралып отыр.

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды несиелендіруге 80 адам жоспарланса, Кәсіпкерлік негізде оқытуға 230 адам жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда кент, қала, ауылдық округтерден «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізде оқуға 236 адам өтінштерін беруде.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2018 жылы әлеуметтік жұмыс орнына 55 адамға жалақыны субсидиялауға           17021,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға бүгінгі күнге 17 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 79 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Жастар тәжірибесіне 130 жас мамандарды жіберуге 46897,5 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға қазіргі таңда 76 адам жастар тәжірибесіне өз мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге жолдама арқылы жіберілді, Жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың басым көпшілігі білім саласы мен денсаулық саласын бітіргендер.

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберуге жергілікті бюджеттен 28761,0 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда 282 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп отыр.

2018 жылдың 01 сәуірінде аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 714 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасқаны барлығы – 334 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздық саны – 940 адамды құрауда.

Жыл басынан бері 5 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 12 жұмыс берушілерден 60 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге  97 жұмыссыз адам қатысты, одан 60 адам тұрақты жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмысқа, 5 адам жастар практикасына, 10 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе,                 20 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2018 жылға 970 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, 2018 жылдың 01 сәуіріне 279 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 279 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 44, өнеркәсіп – 1, құрылыс – 1, көлік және қоймалау – 20, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға – 85, білім беру саласы бойынша – 27, денсаулық саласы бойынша – 22, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша –79 орын.

Осы жылдың 01 сәуіріне 17 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, тіркелген. Одан жұмысқа орналасқаны 3 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 6 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 3 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 5 мүгедек жіберілді.




Жұмыспен қамту


(2017 жыл)

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауларында халықтың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік қорғалуын, еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне айрықша мән беріп, елдегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға баса назар аударып келеді.

Бүгінде тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруда халықты еңбекпен қамту, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік әріптестікті дамыту басым бағыттарының біріне айналды.

Ауданда осы бағытта бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қызылорда облысының сатистика департаментінің мәліметіне сәйкес ауданда жұмыспен қамтылған халық саны 34475 адамды құрап, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер саны-15923 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтар саны-18552 адам, жұмыссыздар-1833 адам.

         Қазалы ауданы бойынша  Халықты жұмыспен қамтудың 2017 жылға арналған Кешенді жоспары жасалып, облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды.

Жыл басында берілген жоспарға сәйкес аудан бойынша 950 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып, 12 айда  1257 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2017 жылдың 12 айында жұмыс іздеуші ретінде-2976 адам хабарласып, жұмысқа 1177 адам  орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 477 жұмыссыз адам жіберілді

 

Жұмыс беруші мекемелерден қызметкерлер санының немесе штат қысқартуға байланысты

 

Аудан бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28 бап 2 тарау 2-ші тармақшасында

2) жұмыс беруші — заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші — жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетін өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі кезінде алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына толық көлемде ақпарат беруге-деп көрсетілгендей жұмыс беруші мекемелерден қызметкерлер санының немесе штат қысқартуға байланысты мәліметтер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне беріп тұрады.

2017 жылдың 28 сәуірінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалынан 1 адамның  жұмыстан қысқарып, жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде өтініш білдірді.

Жұмыстан қысқарып өтініш білдірген әрбір азаматқа Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы түсіндіріліп, оларға мекемелер мен кәсіпкерлерден түскен бос жұмыс орындары бойынша жұмыстар ұсынылып, сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына қатысуға ұсыныстар жасалады.

Жұмыстан қысқарған Аяпбергенова Рима қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, зейнетақы төлем орталығы арқылы әлеуметтік төлемдерін алды.

Сонымен қатар Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясынан 2 жұмыскерлер штатының, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының-«ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалынан  алдағы уақытта (Қазалы ауданының тұрғыны) 2 жұмыскерлер штатының  2017 жылдың 31 тамызынан бастап қысқарту қаупінде тұрғандығы жөнінде мәлімет келіп түсті. 

Бұл қысқартылатын 4 адамның  қазіргі күнге қайтадан басқа жұмысқа ауыстырылып, аталған мекемелерге жұмысқа алынып қалынған.

Ал, 2018 жылдың  қазан айында Қазалы аудандық медициналық жедел жәрдем стансасының бөлім меңгерушісі С.Қазыбаевтан арнайы хат алынды. Онда 2017 жылдың 18 қазан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Көрегенов, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері А.Д.Құрманғали, аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев, жұмыспен қамту орталығының директоры М.Бекмамбетов, аудандық аурухананың бас дәрігері К.Абилов, теміржол тораптық аурухананың бас дәрігері Қ.Ршымбетовтер жедел жәрдем қызметкерлерінің қатысуымен отырыс өткізген.

Отырыста мекемедегі барлық жұмыс атқаратын 25 кіші мейіркештің  тұрмысы төмен отбасы ретінде 10-ы  аталған мекемеде  қалдырылатын болып шешілген.

2017 жылдың 12 желтоқсаны күні «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның кадр жөніндегі маманы (Е.Досымбетов) алдағы  уақытта қалған 10 кіші мейіркеш  аудандық ауруханаға және оның құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс жасауға ауыстырылса, қалған 5 кіші мейіркешке жұмысқа орналастыру қарастырылуда екендігін мәлімдеді.

Қазалы аудандық медициналық жедел жәрдем стансасынан жұмыстан қысқарған азаматтар  халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде өтініш білдірген жағдайда оларға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша таныстырылып, өз кәсіптерін жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.


Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша


(ІІ тоқсан) 

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2017 жылы кәсіптік оқуға 150 адам оқыту көзделсе, қайта даярлау курсына 150 адамға бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралған. Қаралған қаржыға «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту» мамандығы бойынша 40 адам, «Слесарь-сантехник» мамандығына 30 адам, «Ветеринарлық санитар» мамандығына 25 адам, «Аспазшы» мамандығына 37 адам, «Даяшы» мамандығына 18 адам оқыту жоспарланса, қазіргі таңда барлығы                   150 адамға толығымен жолдама беріліп, аталған мамандықтар бойынша оқытылуда.



Колледждердің атауы

Оқытылатын мамандық атауы

Оқытылатын адам саны /жоспар/

Оқуға жолданған адам саны

Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі

Компьютерлік сауаттылыққа оқыту

40

40

Қазалы аграрлы техникалық колледжі

Слесарь-сантехник

30

30

Ветеринарлық санитар

25

25

Қазалы көлік техникалық колледжі

Аспазшы

37

37

Даяшы

18

18

Барлығы:

150

150

 

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды несиелендіруге 2017 жылы 281715,3 мың теңге қаржы қаралып отыр. атап айтқанда «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 165945,2 мың теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 115770,1 мың теңге несие тарату жоспарлануда.

Қазіргі таңда, «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізінде оқып өз жобаларын қорғап шыққан 52 адамға, яғни «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микроқаржы ұйымы» 13 адамға,  «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы 39 адамға несие беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәсіпкерлік негізде оқытуға 2017 жылы 221 адам жоспарланса, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген жұмыссыз адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы «Бастау-Бизнес» жобасымен осы жылдың сәуір айымен қараша айында барлығы 6 топ бойынша оқыту көзделіп отыр.

Қазіргі таңда бірінші топ 5 сәуірде 40 адам оқуға жіберіліп, 5 мамыр күні оқуын бітіріп, 11 мамырда 34 адамның жобалары қорғалды. Қалған 6 адам белгісіз есептермен оқудан шығарылды. Жобаларын қорғап шыққан азаматтарға осы жылдың 29 мамыр күні аудан әкімінің қолымен арнайы сертификаттары табысталды.

Екінші топ – осы жылдың 15 мамырында 42 адамның тестілеу жұмыстары аяқталып, 23 мамырдан бастап кәсіпкерлік негізде оқытылып, 25 адам өз жобаларын қорғап шығып сертификаттарын алды.

Үшінші топ – осы жылдың 23 маусымында 43 адам тестілеуге қатысып, 38 адам тестілеуден өттіп, 03 шілдеден бастап оқытылады. Қалған азаматтар топтар бойынша кезең-кезеңімен оқытылатын болады.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2017 жылы  әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақыны субсидиялауға 15132,0 мың теңге бөлінді. (Бір айға орташа жалақы 65311 теңге. Жалақыға субсидия (35 пайыз) 22859 теңге құраса, (65 пайыз) яғни 42452 теңгені жұмыс беруші төлейді.) бөлінген қаржыға бүгінгі күнге 13 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 67 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді, 6607,6 мың теңге игерілді.

100 жас мамандарды жастар тәжірибесіне жіберуге 34020,0 мың теңге қаралды. (Жалақы мөлшері 1 айға бір адамға 56725 теңге (25 АЕК). Қаралған қаржыға қазіргі таңда 118 адам жастар тәжірибесіне өз мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге жолдама арқылы жіберілді. Жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың басым көпшілігі білім саласы мен денсаулық саласын бітіргендер. Игерілген қаржы 19158,0 мың теңге. Келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін 7 жас маман өз мамандығы бойыеша жұмысқа орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 200 адам жіберуге жергілікті бюджеттен 27133,0 мың теңге қаржы қаралды. Бір айдағы жалақы 24459 теңге. Қазіргі таңда   245 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп отыр. Игерілген қаржысы 12458,0 мың теңге. Келесім-шарты біткеннен кейін 2 жұмыссыз адам жұмысқа орналасқан.

2017 жылдың 01 шілдеге аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 1315 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 856 адам хабарласқан. Жұмысқа орналасқаны барлығы – 508 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,7 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздық саны – 604 адамды құрауда.

Жыл басынан бері 11 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 38 жұмыс берушілерден 271 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге 402 жұмыссыз адам қатысты, одан 271 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам әлеуметтік жұмысқа, 23 адам жастар практикасына, 18 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 85 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2017 жылға 950 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, осы жылдың 01 шілдесіне 503 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 470 адам, уақытша жұмысқа 40 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 76, өнеркәсіп – 5, құрылыс – 12, көлік және қоймалау – 15, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға – 267, білім беру саласы бойынша – 34, денсаулық саласы бойынша – 7, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 47 орын.

Осы жылдың 01 шілдесіне 27 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, одан жұмысқа орналасқаны 2 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені  7 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 6 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына  3 мүгедек жіберілсе, қайта даярлауға 5 адам, кәсіпкерлік негізде 4 мүгедек оқытылуда.

 

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 10 адам хабарласып, одан 9 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 6 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама арқылы жіберілсе, 1 адам кәсіпкерлік негізде оқытылды, ал, 3 адам  орталық мамандар ұсынған жұмысқа барудан өз еріктерімен бас тартып қол хаттарын беріп отыр.

Ауданда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тартылатын адамдардың мәртебесін (статусын) анықтау жөнінде мемлекеттік органдардың дерекқорларымен сәйкестендіре отырып жұмыстар жүргізілді.

            Осыған байланысты мәлімет бойынша дерекқордағы зейнеткерлер, мүгедектер және әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтардың тізімі аудандық зейнетақы төлеу орталығына, қоныс аударған мен көшкендердің тізімі аудандық ішкі істер бөліміне, қайтыс болғандардың тізімі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жоланып, дерекқор бойынша анықталған санаттағы азаматтардың сәйкестігі анықталды.

Атап айтқанда, ауданы бойынша 20102 адамның мәртебесін (статусын) анықтау қажет болса, бүгінгі күнге 20102 адам (100,0 пайыз), оның ішінде 2412 жұмыс істейтін азаматтар, өз бетінше жұмыс жасайтындар 200 адам, әлеуметтік төлемдер алатындары 139 адам, студенттер 492 адам, көшіп кеткендер 134 адам, қайтыс болғандар 68 адам, тіркелмеген жұмыссыздар 5830 адам, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар 4265 адам және басқада санаттар бойынша 369 адамның статусы анықталып, дерекқорға салынуда.

            Сонымен қатар, аудан бойынша статусы анықталған  өзін-өзі жұмыспен қамтыушы 200 адамның мекен-жайына Кірістер басқармасына тіркелу керектігі жөнінде хат арқылы қағаз жіберілді.




«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 01 сәуіріне атқарылған жұмыстар туралы анықтама


 

«Қазалы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының» КММ–нің 2017 жылғы қаржылық жоспарында 104534,0 мың теңге қаралып, 01 сәуірге жоспар 20041,0 мың теңге, одан 19934,5 мың теңге игеріліп, бюджеттік қаржының атқарылуы  99,5% құрады.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2017 жылы кәсіптік оқуға 150 адам оқыту көзделсе, қайта даярлау курсына бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралған.  Қаралған қаржыға 150 адам оқыту жоспарлануда. Атап айтқанда, осы жылдың 03 сәуірден бастап аспазшы мамандығына – 38 адам, компьютер ЭВМ мамандығына – 20 адам, 15 сәуірден бастап компьютер ЭВМ – 20 адам, даяшы мамандығына – 15 адам оқтылатын болса, мамыр айынан бастап ветеринариялық санитар мамандығына – 22 адам, сантехник мамандығына – 35 адам оқыту көзделіп отыр.

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2017 жылы 34 адамға мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен, жүк көлігі тасымалымен, жолаушылар тасымалымен айналысу үшін несие беру жоспарлануда.

Кәсіпкерлік негізде оқуға 221 адам жоспарланса, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген кәсіпкерлер мен жұмыссыз адамдардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Қазіргі таңда барлық ауылдық округтерді арлауға орталықтан бір маман бөлініп, кәсіпкерлік палатасы арқылы оқытылатын адамдардың тізімдері жинақталуда, осы жылдың 4 сәуірінен бастап 37 адам кәсіпкерлік негізде оқытылады.

Жалпы, аталған бағдарлама шеңберінде 2011-2016 жылдары 491 адамға 1 млрд. 166 млн.теңге несие беріліп, несие алған кәсіпкерлер 279 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Несие алғандардың ішінде Мемлекеттік кірістер басқармасына кәсіпкер ретінде 486 адам тіркелді.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2017 жылы  әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақыны субсидиялауға 15132,0 мың теңге бөлінді. Бір айға орташа жалақы 65311 теңге. Жалақыға субсидия (35 пайыз) 22859 теңге. Осы жылдың 01 сәуіріне 13 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 63 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді және  2240,2 мың теңге қаржы игерілді (97,8 пайыз).

2017 жылы 100 жас мамандарды жастар тәжірибесіне жіберуге 34020,0 мың теңге бөлінді. Жалақы мөлшері 1 айға бір адамға 56725 теңге (25 АЕК). Осы жылдың 01 сәуіріне 69 адам жастар тәжірибесіне жіберілді және 4866,1 мың теңге қаржы игерілді (99,7 пайыз).

2017 жылы 200 адам ақылы қоғамдық жіберуге жергілікті бюджеттен 27133,0 мың теңге қаржы қаралды. Бір айдағы жалақы 24459 теңге. Осы жылдың 01 сәуіріне 139 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді және 4892,0 мың теңге қаржы игерілді (100 пайыз).

2017 жылдың 01 сәуіріне аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 778 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 491 адам хабарласқан. Жұмысқа орналасқаны барлығы – 310 адам (39,8 пайыз). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,0 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздық саны – 377 адам.

Жыл басынан бері 5 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 18 жұмыс берушілерден 119 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге 178 жұмыссыз адам қатысты, одан 119 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 11 адам жастар практикасына, 10 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 35 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2017 жылға 950 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, осы жылдың 01 сәуіріне 224 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 194 адам, уақытша жұмысқа 30 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 15, өнеркәсіп – 2, құрылыс – 1, көлік және қоймалау – 1, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға – 140, білім беру саласы бойынша – 24, денсаулық саласы бойынша – 2, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 9 орын.

Осы жылы 11 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, одан жұмысқа орналасқаны 2 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 6 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 1 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 2 мүгедек жіберілді.

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 4 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 3 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама арқылы жіберіліп отыр.


Кіру

×