ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Білім Хабарландыру (Білім)

Хабарландыру (Білім)

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Қазалы аудандық білім бөлімі  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес №1 қосымшада берілген білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы жайлы хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.

      Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

      1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

      Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

      2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

      3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

      4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

      6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

      7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

      9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

      10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

      Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстар Қазалы аудандық білім бөліміне, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмағанбетұлы көшесі №112 мекен-жайы бойынша қабылданатындығы жайлы хабарлайды.

 
 Қосымша №1

 

 «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне

қарасты ұйымдардың тізбесі

 

         1. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

         2. «Қызылорда облысының білім басқармасының Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№7 арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Отбасы үлгісіндегі  балалар  ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 9 дарынды балаларға арналған облыстық  «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. «Қызылорда облысының білім басқармасының «№ 10 дарынды балаларға арналған облыстық  «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Кіру