ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Білім

Қазалы аудандық білім бөлімі  бойынша 2017 жылдың  І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

  Мектепке дейінгі тәрбие беру.

   Аудан бойынша 29 балабақша (19 мемлекеттік, 10 жеке) және 32  шағын орталық,( толық күн болатын шағын орталық саны-16) барлығы  61 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 29 балабақшада 2520 бала, 32 шағын орталықта 2159 бала, барлығы 5039 бала мектепке дейінгі  тәрбиемен қамтылған. Аудан бойынша 1-6 жастағы 10642 бала, 3-6 жастағы 4610 бала бар. 3-6 жастағы 4610 баланың   4610-ы балабақша мен шағын орталықтарда  тәрбиеленуде.   Мектеп жанындағы шағын орталықтарда 5-6 жастағы 2220  баланың 100 пайызы мектепалды даярлықпен қамтылып отыр

  2016  жылы әрқайсысы 75 орынға арналған «Нұрай», «Әбілмансұр» жеке балабақшалары жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде ашылып жұмыс жасауда. Жалаңтөс батыр ауылынан  апаттық жағдайдағы №14 «Сәуле» балабақшасының орнына 90 орынға арналған жаңа балабақша құрылысы салынып, 30 орынға 2 топ қосымша қосылды.

2017 жылдың  қаңтар айының 18-і күні № 16 мектеп-лицей базасында «Юный математик» тақырыбында орыс кластары арасында математикадан командалық сайыс өткізілді. Сайысқа 2,3,4 сынып оқушылары қатысты. Сайыс қорытындысымен № 266 мектеп-лицей командасы жүлделі І орын иеленсе, ІІ орынды № 16 мектеп-лицей командасы орын алды. Сонымен қатар, қаңтардың 20-сы күні № 165 мектеп базасында жаңартылған білім беру мазмұны аясында жұмыс жасап жатқан 1-сынып мұғалімдері арасында «Ықшам сабақтар шеруі» сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың қорытындысы бойынша № 226 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абдразақова Адия жүлделі І орынмен марапатталды.

2017 жылдың  ақпанның 20-сында «Функционалдық сауаттылық:  бастауыш сынып  оқушыларының  оқу, жазу сауаттылығын  дамыту  жолдары» атты  аудандық  семинар  болып өтті.

2017 жылға дейін  білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілік арттыру курстарынан жалпы 509 мұғалім, оның ішінде 185 бастауыш сынып мұғалімі курстан өтсе, 2017 жылға жоспарланған 98 бастауыш сынып мұғалімінің 75-і  біліктілік курсынан өтті. Сонымен қатар, 12 мектеп директоры білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектептегі педагогикалық жүйені басқару бойынша біліктілік курсынан өтті.

       Орта білім беру

Аудан бойынша 36 мектеп жұмыс жасайды. Оның 3-уі негізгі мектеп болса, 33-і орта мектептер. Мемлекеттік бағдарламадағы апаттық және үш ауысымда білім беретін мектептерді 2019 жылға дейін толық жою мүмкіндіктері қаралған болса, ауданымызда апаттық жағдайдағы №№93, 98, 102, 134, 259 мектептердің жаңа ғимараты 2017 жылдың көлемінде пайдалануға беріледі.

Жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау, ұлт жоспарының 76 қадамы негізінде адам капиталының сапасын көтеру  арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу білімді де білікті мамандар дайындауды талап етеді.Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210.  Жоғары санатты-135, (6%), І санатты–641 (27,4%), ІІ санатты - 916 (39,2%), Cанатсыз-644 (27,5%). Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 33,4 пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210.  Жоғары санатты-135, (6%), І санатты–641 (27,4%), ІІ санатты - 916 (39,2%), Cанатсыз-644 (27,5%). Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 33,4 пайызды құрайды.

Бағдарламада жоғары және І санатты ұстаздардың үлесін 2017 жылы 52 пайызға жеткізу міндеті қойылған, ендігі кезекте осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.

Үстіміздегі жылдың 24 наурыз күні «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық байқаудың аудандық іріктеу кезеңі болып өтті. Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жас педагогтар, психологтар қатысып, байқаудың шарттарына сәйкес жұмыстар көрсетті. Нәтижесінде №249 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанәбілова Әйгерім І орынды иемденіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Сәуір айының 3 күні облыстық кезеңі өтіп, Жанәбілова Әйгерім ІІ орын иемденіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

№266 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі Махсұтова Жарқынгүл аудандық «Ең үздік география пәнінің мұғалімі-2017» байқауында бас жүлдені иемденіп  облыстық кезеңінде ІІ орын  алды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  80 жылдығына орай олимпиадада №249 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары  Нағи Гүлнұр, Төлеген Айтолқын  ІІІ орын иеленді, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Шохан Ботагөз.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының оқытушылары Ж.А.Исаева, Е.Қ.Саниязовалар Қазалы ауданында құқықтық білімді насихаттау мақсатында «Жасы кәмелетке толмағандардың құқықтық жауаптылық мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинар жұмысында сонымен бірге Қазақстан заңнамаларындағы  соңғы өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, семинар жұмысына барлық білім беру ұйымдарының  9-11 сынып оқушылары және құқық пәнінің мұғалімдері қатысып сертификатталды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы бағдарламалар» бойынша біліктілік  арттыру курстарынан бүгінгі күнге дейін 48 мектеп басшылары, 483 пән мұғалімдері өтті.  2017 жылы деңгейлік бағдарлама бойынша 65,  білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 496, робототехника бойынша 21 педагог біліктілігін арттырады.

Сонымен қатар, облыс бойынша 22  инновациялық мектептер қатарына  біздің ауданымыздағы №266,249,16 мектеп- лицейлер мен №226 гимназия кіріп отыр. Бұл 4 мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқыту жұмыстары бойынша тиісті қаржылар бөлініп, 2016 жылдың қаңтар айынан басталып та кетті. Аталған мектептерде апталық оқу жүктемесінің артықшылығы: бейінді пәндер үшін қосымша-4 сағат; үйірмелер үшін-4,5 сағат; келісім шарт негізінде жеке курстар мен лекциялар үшін-1500 сағат. Осы жеке курстар мен лекциялар үшін Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің мұғалімдерімен келісім-шарт жүргізіліп, қазіргі таңда университет мұғалімдері аудан мектептеріндегі оқушыларға келіп дәріс беруде.

Аудан бойынша үштілділік саясатын жүргізуге байланысты ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесін енгізу мақсатында «SPEAK ENGLISH KAZAKHSTAN» ағылшын тілінде оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері жоспарға сай тілдік біліктілікті арттыру курстарынан өткізілуде. Атап айтар болсақ, Америкадан келген әдіскермен ауданымыздан 55 ағылшын тілі пән мұғалімі және жоғары сыныптардағы жаратылыстану бағытындағы пәндерден сабақ беретін 20 мұғалім қысқа мерзімді курстан өтті. Әйтеке би кентінде  сураныс білім бөлімінің ұсынысымен «SNAP ENGLISH» орталығы ашылып, онда 80 оқушы тереңдетілген ағылшын тілін үйренуде.  Сонымен қатар, «Арман» оқу орталығында 108 оқушы тереңдетілген ағылшын

Ұлттық біріңғай тестілеу   

Ауданы бойынша 33 орта мектептен  713 оқушы бітіргелі отыр.          Қазіргі таңда бітіруші 713 оқушының 513-і (72%) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіріп отыр.

          Барлық мектептерде бітіруші оқушыларға, олардың ата-аналарына, пән мұғалімдеріне «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Оқушылардан мектепте, ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының №71 филиалы арқылы жүйелі түрде айына 4 реттен байқау тест алынып, қорытындылары педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында талқылануда. Соның ішінде ұлттық тестілеу орталығында айына 2 реттен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен осы кезге дейін 12 рет сынама тесттер өткізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын оқушыларды тасымалдауға 700 000 теңге, тамақтандыруға және жатын орнына 1 млн 300 мың теңге аудандық бюджеттен барлығы  2 000 000 теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар әр оқушыдан 3 реттен тегін сынама тест алу үшін 2264 дана 2017 жылғы тест кітапшаларын сатып алуға аудандық бюджеттен 795 000 теңге қаржы бөлініп, кітапшалар сатып алынды.

Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығында дайындық жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен барлығы 500 оқушыға 12 млн 500 мың теңге бөлініп қазіргі таңда 280 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізді. Алдағы Сәуір, мамыр айларында қалған 220 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

ҰБТ ны өткізу үшін жаңадан аркалы металіздегіш, ұялы телефон тұншықтырғыш құрылғыларын сатып алуға 2 млн 489 мың теңге қаржыға және 4 каналды бейнебақылау алуға 440 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

Наурыз айында алынған байқау сынағының қорытындысымен бітіруші 713 оқушыдан 441 оқушы (62%) ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, аудан бойынша орташа балл 88,6 балды құрап отыр.

27 мектептен 85 үміткер «Алтын белгі» белгісіне, 8 мектептен 16 үміткер «Үздік аттестатқа»  барлығы 101 оқушы үміткерлікке ұсынылып отыр.

Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Алтынсарин-2017» олимпиадасының қорытындысымен №249 мектеп-лицейден 2 оқушы, №170 орта мектептен 1 оқушы, №266 мектеп-лицейден 1 оқушы осы университеттің грант иегері атанды.

Қазіргі таңда 11 сыныпқа сабақ беретін 398 мұғалімнен 2 рет онлаин тесттілеу арқылы сынама тест алынды.

Олимпиада, түрлі жарыстар

Олимпиада қорытындысымен облыстық олимпиаданың іріктеу турына 10-11 сыныптардан 11 пәннен І орын алған 19 оқушы ұсынылды.

Ең көп оқушы ұсынған №249 және №266 мектеп-лицейлерден 5 оқушыдан, №226 мектеп гимназиядан 4 оқушы, №16 мектеп-лицейден 1 оқушы, №91, 70, 165, 204  мектептерден 1 оқушыдан ұсынылды.

Республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі 2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері Қызылорда қаласында №264 мектеп-лицей базасында өткізілді.

Облыстық олимпиада қорытындысымен қатысқан 19 оқушының 10 оқушысы жүлделі орындарға ие болып Қазалы ауданы аудандардың арасында жоғары жетістікке жетті. Олимпиаданың Республикалық кезеңіне №249 мектеп-лицейден Жәли Гүлсезім 11 сынып Құқық негіздері пәні бойынша пән мұғалімі Изжанов Жанболат, Талғатбекова Алтынай 11 сынып Орыс тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында пәні бойынша пән мұғалімі Тухватулина Фатима, №16 мектеп лицейден Шадымұратова Динара 10 сынып Қазақ тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында пәні бойынша пән мұғалімі Абдуллаева Алия барлығы 3 оқушы Республикалық олимпиадаға қатысып келді.

Бұқаралық спортты дамыту.

2017 жылдың 24 наурыз-4 сәуір аралығында спорттың 6 түрінен өткізілген  мектеп оқушыларының облыстық көктемгі  спартакиадасында Қазалы ауданының  командасы жалпы командалық есепте  І орынды  жеңіп алды.

Облыстағы білім беру мекемелеріндегі денешынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында өткізілген   «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2017» облыстық байқауында №249 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еркебаев Серік  ІІ орын иеленді.

2017 жылдың І тоқсанында білім беру мекемелерінде «Мен - чемпион»  балалар  спорттық  ойынының  аудандық   жарысы өткізілді. Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толуына орай қол добынан  оқушылар арасында жарыс, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толуына орай   Н.Әзиевті еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан аудандық турнир. Халықаралық әйелдер күніне орай «Мерген  ару-2017» пневматикалық мылтық атудан оқушылар арасында жарыс ұйымдатырылды.

Қаржының игерілуі        

Аудандық білім бөлімі  бойынша 2017 жылдың 3 айына 1570073,0 мың теңге қаралып, қаралған қаржы 1569088,7 мың теңгеге, яғни  99,9  пайызға орындалды.          

 

Кіру