ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Әлеуметтік қолдау

Әлеуметтік қолдау

Аудандық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  бойынша 2017 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

 

Жоспарлау еңбек қатынастары, кадр жұмысы және мүгедектер

 мен ардагерлер жұмысы секторы бойынша

 

Жекелеген санаттар үшін әлеуметтік көмектер

 

  Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 нурыздағы №89 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес жекелеген санаттар үшін Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмектер сәуір айында төленеді.

  Қазақстан Республикасының құрметті атағын алған 6 адамға әрқайсысына ай сайын 6807 теңге әлеуметтік көмек төленуде.

2017 жылға 490,0 мың теңге қаржы қаралып, (3,0 есе АЕК), 2017 жылдың І - тоқсанына  барлығы 122,8 мың теңге төленді.

 

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды

өтеу үшін берілетін әлеуметтік көмек

 

2017 жылға үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға 5865,0 мың теңге қаржы бөлініп,  І - тоқсанға  72 балаға 1425,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

 

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты

атқарылған жұмыстар

 

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей белсене қатысуына мүмкіндіктер жасауға арналған жұмыстар атқарылуда.

2017 жылдың 3 айында «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіне жеке оңалту парағы бойынша 17 мүгедек жолдамамен 2 зейнеткер дем алуға жіберіліп, өз денсаулықтарын жақсартты.

 «Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына сәйкес 25329,9 мың теңгенің гигиеналық құралдары алынып, жеке оңалту парағы толтырылған 281 мүгедекке ай сайын таратылып берілуде.

Протезді – ортопедиялық-15,  сурдо-техникалық-12, жүріп-тұру құралдары-6, тифлотехникалық құралдар барлығы 123 мүгедекке құрал – жабдықтар мүгедектердің жеке оңалту парағына сәйкес таратылып берілді.

Анықтамалық: Ортопедиялық құралдар:  таяқ-10, балдақ-2, жетек арба-3 адамға, берілген.

Жүріп-тұру құралдары: ересектерге арналған бөлмелік кресло-арба-5 адамға, серуендеуге-5 адамға;

Әлеуметтік қолдау

 

Наурыз мерекесіне орай «Мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық акциясында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер, аудандық мәслихат депутаттары, және кәсіпорындар мен мекемелер тарапынан Әйтеке би кенті бойынша 50 азқамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедектерге 750,0 мың теңгеге ақшалай және азық-түлік беру арқылы қайырымдылық көмектері жасалды. Аудандық мүгедектер қоғамы арқылы 50 тұрмысы төмен мүгедектер мен мүгедек балаларға 62,5 мың теңге қайырымдылық көмектері көрсетілді.

Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен аудандық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен аудандық оқушылар үйінде бөлім жанындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің мүмкіндігі шектеулі балаларға Наурыз мерекесіне арналған «Жаңа жыр сыйлар -Наурыз» атты іс-шарада 106 балаға арнап 106,0 мың теңгенің сый-сияпаттары жасалды.

22 наурыз күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және  туризм бөлімінің ұйымдастыруымен және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен  көше бойына үлкен шатыр тігіліп, тұрмысы төмен отбасыларынан 340 адам шақырылып, 550,0 мың теңгенің мерекелік дастарханы жайылып, наурыз көже таратылды.

Сонымен бірге 2017 жылдың 3 ай көлемінде 3127 адамға 3641,7  мың теңгенің ақшалай, заттай қайырымдылық көмегі жасалды.

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс

 

2017 жылы мүгедектерді тасымалдау үшін «Инватакси» қызметін ұйымдастыруға 4800,0 мың теңгеге «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Жас орда» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып, 2017 жылдың 3 айында  мүмкіндігі шектеулі жандардан 132 тапсырыс қабылдап, 446,8 мың теңгенің қызметін көрсетті.  

Жүріп – тұруы қиын І – топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін сатып алу бойынша бюджеттен 8595,0 мың теңге, «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік конкурс бойынша «Қазалы  - Самғау» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып, келісім шарт арқылы 73 жүріп – тұруы қиын І – топ мүгедегіне 51 жеке көмекшінің қызметіне 1560,0 мың теңге төленді.

Ымдау тілі маманының қызметіне 1501,0 мың теңге қаралып, 3 айда 10 естуі бойынша мүгедектерге қызмет көрсеткен 1 ымдау тілінің маманының жасаған қызметіне 272,0 мың теңге төленді.

  Мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік жағдайы жағынан төмен отбасыларын қолдау мақсатында шаралар ұйымдастыру үшін жыл көлемінде 2210,0 мың теңге қаржы қаралып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» бойынша Қазалы аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен 297,2 мың теңгеге келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілді.  

2017 жылы  жол белгілерімен  синхронды дыбысты бағдаршам орнату үшін  аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне республикалық бюджеттен 684,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 684,0 мың теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар аудан бойынша 1 топ мүгедектеріне қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылған.

  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша аудандық «Қазалы» газетіне (2017 жыл  4 наурыз №17) және аймақтық «Тұран Қазалы» газетіне (2017 жыл 29 наурыз №26-27) «Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары туралы»,«Аудан тұрғындарының назарына» атты мақалалар жарияланды.

 

Жұмысты  ұйымдастыру,  кадр жұмысы және қызметкерлердің

білімін  көтеру  туралы

 

  2017 жылдың І-тоқсанында Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік оқу орталығына мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері Б.Бердіжарова және Р.Кемал «Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары туралы» тақырыбында семинарға қатысып қайтты.

 

Әлеуметтік төлемдер секторы  бойынша

 

2017 жылға тұрмыстық жағдайы кедейшілік шегінен төмен отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу  үшін 154,0 мың теңге қаржы қаралды.

2017 жылға  балалы отбасыларына  берілетін жәрдемақыға 72688,0 мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың І-тоқсанында 863 отбасының 2944 баласына  20654,7 мың теңге тағайындалып, төленді.

Аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасыларына  2017 жылға тұрғын үй көмегіне 14884,0 мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың І-тоқсанында 245 отбасына 5771,5 мың теңге  тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға  берілетін әлеуметтік көмекке   20966,0  мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың І-тоқсанында 99 азаматқа  5347,2 мың теңге тағайындалып, 4727,0 мың теңге төленді.

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырып, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі –дәрмектер сатып алу үшін 2017 жылға 414,0 мың теңге қаржы қаралып,  2017 жылдың І-тоқсанында 51,7  мың теңге тағайындалып, төленді.

2017 жылы «Өрлеу» жобасы шартты ақшалай көмекке аудандық бюджеттен 1,0 млн тенге, республикалық бюджеттен 8327,0 мың теңге қаржы қаралды. 2017 жылдың  31 отбасы 196 адамға 1902,9  мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, төленді. Шартты акшалай көмек  алушылардың  66,3 пайызын 18 жасқа дейінгі балалар, еңбек жасындағысы -  18,4 пайызын, бала күтімінде отырған аналар 12,2 пайызын, студенттер 0,2 пайызын студеттер құрайды. Оның ішінде  7-уі тұрақты жұмысқа орналастырылса, 27 адам   ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. «Өрлеу» жобасын түсіндіру мақсатында  «Тұран-Қазалы» газетінің   2017 жылдың  18 ақпанындағы № 14 нөмірінде ««Өрлеу» жобасы  аясында берілетін шартты ақшалай көмектің (ШАК) түрлері және осы жобаға қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар»-  атты мақала жарияланды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша аймақтық «Тұран Қазалы» газетіне (2017 жыл 18ақпан №14) ««Өрлеу» жобасы аясында берілетін шартты ақшалай көмектің түрлері және осы жобаға қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар» атты  мақала жарияланды.

 

                                        Жұмыспен қамту секторы бойынша

 

Аудан бойынша жұмыс беруші мекемелерден қызметкерлер санының немесе штат қысқартуға байланысты мәліметтер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне беріліп тұрады.

 2017 жылдың 1 сәуіріне мекемелер мен кәсіпорындардан жұмысшы-қызметкерлердің жұмыстан қысқартылу жөнінде мәлімет түскен жоқ.

Жазасын өтеп келгендер:  2016 жылдан қалған және 2017 жылдың 1 сәуір айына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметтерінің есебінде тұрғаны   56-сотталған, оның ішінде: Тұрақты  жұмысы барлар-33 адам, қалған 23 адамның 1-адамы ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылса, тұрақты жұмысқа -1 адам орналасты. 2-ші және 3-ші топтағы мүгедек-1 адам, созылмалы журек ауруымен ауыратын-3 адам, бала күтімімен отырғандар 4-адам, зейнеткер-2 адам, жұмыссыздар -11 адам. 

2017 жылы  Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығына пробация қызметінің есебінде тұрған 5 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 1-уі ақылы қоғамдық жұмысқа,  1 адам тұрақты жұмысқа жіберілсе, 1 адам осы жылдың 3 сәуірде ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілетін болады 2 адам ұсынған жұмыстарға бара алмайтынын айтып, жазбаша түрде бас тарты.

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал етудің шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қазалы ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 28 наурызда кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібінде үш мәселе каралып, құзырлы мекемелерге тапсырмалар берілді.

Аудан әкімдігі жанынан әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы құрылған.

Аудан әкімінің өкімімен бекітілген әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 1 рет отырыс өткізілді.

Отырыста білім саласы бойынша жасалынған ұжымдық шарттарға сәйкес кәсіподақ бойынша және жұмыс берушілермен тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік еңбек шиеленістеріне жол бермеу және мекемеде еңбек ақыға қарыздарды болдырмау, жасалынған ұжымдық шарт тараптарының  орындалуы, жұмыстан қысқартылғандарды жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде қаралды.

Ауданда аудан әкімдігі, кәсіподақ ұйымы және жұмыс берушілер бірлестіктері арасында жұмысшы-қызметкерлерін жұмыстан босатпау жөнінде 62 шаруашылық субектілерімен  меморандум жасалды, ондағы жұмысшы-қызметкерлер саны – 4272. Сонымен бірге, әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек кепілдіктері жөніндегі қызметкерлердің құқықтары жөнінде, кәсіпорынның қызметіне қолайлы жағдай жасау мақсатында 220 мекемеде ұжымдық шарт жасалды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты аудан бойынша (қала, кент және 19 округтен) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, оның ішінде нәтижелі, нәтижесіз және  жұмыссыз азаматтардың тізімдері (аты-жөні, туған жылы, білімі, мамандығы, жас аралығы, еңбек өтілі) жинақталды. Нәтижелі жұмыспен қамтығандар қазіргі уақытта 4783 адам, нәтижесіз жұмыспен қамтығандар 3223 адам, ал жұмыссыздар 1460 адамды құрап тұр. Қала, кент бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ай сайын міндетті зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысушыларының төмендеуіне жол берген мекемелер және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны жөнінде мәліметтер жинақталуда.

Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі арқылы ай сайын 77 мекемеден 3-ТН есебі алынып тұрады. Жинақталған мәлімет бойынша 2017 жылдың 1 сәуіріне еңбек ақыға қарызы бар  мекемелер жоқ екендігі анықталып отыр.

         Бөлім арқылы   ауданның  2017-2019 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту картасы» жасалды. Сонымен қатар 2017 жылға арналған Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары және еңбек балансының ресурсы жасалып, облыстық басқармаға тапсырылды.

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету бөлімшесі бойынша

 

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес қызмет алушыларға 8 қызмет түрі көрсетіледі.

           Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіндегі жыл басындағы  қызмет көрсетілетін 166 балаға 2017 жылдың  І–тоқсанына   мониторинг жасалынды.  Жасалынған мониторинг бойынша  11 балада нәтиже болуына байланысты,  42 балаға жаңадан жеке жұмыс жоспары жасалынып дайындалуда.

Қаңтар, ақпан, наурыз айларында қабылданған 9 балаға жаңадан жұмыс жоспары жасалынып бекітілді.

             Аудандық денсаулық сақтау және білім бөлімдерімен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті әлеуметтік қызмет жасау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

            Бөлімшеде есепте тұрған әрбір баланың мүгедектік мерзімінің аяқталуына  сәйкес уақытылы есептен шығарылып,  емдеуші дәрігерлермен бірлесе отырып, ауданаралық медицианалық-әлеуметтік-сараптама комиссиясының мамандарына есепте тұрған қызмет алушылардың құжаттары дайындалып ұсынылады. Мүгедектік мерзімі аяқталатын адамдардың қайта  мүгедектікке өтуіне  жәрдем беріледі.

          22 – наурыз мейрамына орай аудандық оқушылар Үйінде өткізілген  «Жаңа жыр сыйлар-Наурыз» атты мерекелік іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар ата-анасымен бірге көрермен ретінде қатысып, концерттік бағдарламаларды тамашалады.

          Сонымен қатар 22- наурыз мейрамына байланысты Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін 106 мүгедек балаға аудандық мүгедектер қоғамынан сыйлықтар таратылды және 14 ауылдық округтер бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін 48 мүгедек балаға сыйлықтар берілді.

           Бекітілген кесте бойынша ақпан, наурыз айларында  үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлерін аралап, баланың хал-жағдайларын сұрап ата-аналарымен сөйлесілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша аудандық «Қазалы» газетіне (2017 жыл 25 ақпан  №15) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» туралы  мақала жарияланды

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы бойынша

 

               АХАТ секторымен 2017 жылдың І тоқсанында тіркелген азаматтық хал актілерінің жалпы саны -  676, оның ішінде туу - 340 , қайтыс болу - 146,  неке қию - 131, неке бұзу - 24, әкелікті анықтау -  25, бала асырап алу -  5, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту – 5,  кәмелетке толмаған балалардың тегін, атын өзгерту -  3, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу – 3, азаматтық хал актілерін жою - 2, қайталама куәліктер мен анықтамалар - 183, өндірілген баж алымы – 546782,40 тг .      

        Азаматтық хал актілерін тіркеу секторы  9 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, туу, қайтыс болу, неке қию, неке бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қалпына келтіру, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру. 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы, баламасыз негізде қабылданады. Атап айтқанда;

        

ХҚКО арқылы

МО арқылы

ЭҮП арқылы

Қабылданған

өтініштер

Көрсетілген

қызметтер

(орындалған)

Қабылданған өтініштер

Көрсетілген қызметтер (орындалған)

Қабылданған өтініштер

Көрсетілген қызметтер (орындалған)

Туу

Қайтыс болу

Некені бұзу

А.Т.Ә.А. өзгерту

Қайталама куәліктер мен анықтамалар

Туу

Қайтыс болу

Некені бұзу

А.Т.Ә.А. өзгерту

Қайталама куәліктер мен анықтамалар

Неке қию

Некені бұзу

әкеболуды анықтау

Бала асырап алу

Тууды қалпына келтіру

Неке қию

Некені бұзу

Әке болуды анықтау

Бала асырап алу

Тууды қалпына келтіру

Неке қию

Некені бұзу

Қайталама куәліктер мен анықтамалар

Неке қию

Некені бұзу

Қайталама куәліктер мен анықтамалар

349

146

25

5

229

338

146

25

5

202

23

5

25

5

2

18

5

25

5

2

110

3

22

80

1

22

 

       2017 жылдың І тоқсанында ТМД, басқа да облыс, аудандық, қалалық  АХАТ бөлімдерінен – 209 сұраныс хаттар, мемлекеттік органдардан АХАТ мәселелері бойынша - 135, облыстық Әділет Департаментінен – 19 сұраныстар мен тапсырмалар түсті. Жеке азаматтардан - 18 өтініш түсіп, мерзімінде орындалған. Барлық сұраныстарға Электрондық Құжат Айналымының Біріңғай Жүйесі (ЭҚАБЖ) арқылы жоба жасалып, жауап берілген. 2017 жылға арналған нарядтар іс номенклатурасына сәйкес ашылып, 2017 жылдың нарядтары түптеліп, тігіліп, мұрағатқа дайындалуда.

       2017 жылдың І тоқсанында аудандық «Тұран Қазалы» газетіне «Аудан тұрғындардың назарына» тақырыбында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес хабарландыру жарияланды.

 

Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша

 

«Қазалы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының» КММ–нің 2017 жылғы қаржылық жоспарында 104534,0 мың теңге қаралып, 2017 жылдың 01 сәуірге жоспар 20041,0 мың теңге, одан 19934,5 мың теңге игеріліп, бюджеттік қаржының атқарылуы  99,5% құрады.

Бағдарламаның бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 2017 жылы кәсіптік оқуға 150 адам оқыту көзделсе, қайта даярлау курсына бюджеттен 53648,0 мың теңге (оқуға ақы төлеу 21434 теңге, стипендия 25138 теңге, жол жүру ақысы 9076 теңге, үйді жалдауға 11345 теңге) қаржы қаралған.  Қаралған қаржыға 150 адам оқыту жоспарлануда. Атап айтқанда, осы жылдың 03 сәуірден бастап аспазшы мамандығына – 38 адам, компьютер ЭВМ мамандығына – 20 адам, 15 сәуірден бастап компьютер ЭВМ – 20 адам, даяшы мамандығына – 15 адам оқтылатын болса, мамыр айынан бастап ветеринариялық санитар мамандығына – 22 адам, сантехник мамандығына – 35 адам оқыту көзделіп отыр.

Бағдарламаның екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша  2017 жылы 34 адамға мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен, жүк көлігі тасымалымен, жолаушылар тасымалымен айналысу үшін несие беру жоспарлануда.

Кәсіпкерлік негізде оқуға 221 адам жоспарланса, орталық арқылы несие алуға өтініш білдірген кәсіпкерлер мен жұмыссыз адамдардың тізімдері аудандық кәсіпкерлік палатасына берілді. Қазіргі таңда барлық ауылдық округтерді арлауға орталықтан бір маман бөлініп, кәсіпкерлік палатасы арқылы оқытылатын адамдардың тізімдері жинақталуда, осы жылдың 4 сәуірінен бастап 37 адам кәсіпкерлік негізде оқытылады.

Жалпы, аталған бағдарлама шеңберінде 2011-2016 жылдары 491 адамға  1 млрд. 166 млн.теңге несие беріліп, несие алған кәсіпкерлер 279 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Несие алғандардың ішінде Мемлекеттік кірістер басқармасына кәсіпкер ретінде 486 адам тіркелді.

Бағдарламаның үшінші бағыты: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша  2017 жылы  әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақыны субсидиялауға  15132,0 мың теңге бөлінді. Бір айға орташа жалақы 65311 теңге. Жалақыға субсидия (35 пайыз) 22859 теңге. Осы жылдың             1 сәуіріне 13 жұмыс берушімен келісім шарт жасалып, барлығы 63 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді және  2240,2 мың теңге қаржы игеріліп, 97,8 пайызды құрады.

2017 жылы 100 жас мамандарды жастар тәжірибесіне жіберуге 34020,0 мың теңге бөлінді. Жалақы мөлшері 1 айға бір адамға 56725 теңге (25 АЕК). Осы жылдың 01 сәуіріне 69 адам жастар тәжірибесіне жіберілді және 4866,1 мың теңге қаржы игерілді (99,7 пайыз).

2017 жылы 200 адам ақылы қоғамдық жіберуге жергілікті бюджеттен  27133,0 мың теңге қаржы қаралды. Бір айдағы жалақы 24459 теңге. Осы жылдың  01 сәуіріне 139 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді және 4892,0 мың теңге қаржы игерілді (100 пайыз).

2017 жылдың 01 сәуіріне аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 778 адам хабарласса, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 491 адам хабарласқан. Жұмысқа орналасқаны барлығы – 310 адам (39,8 пайыз). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,0 пайыз болып отыр. Аудан бойынша жұмыссыздық саны – 377 адам.

Жыл басынан бері 5 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде 18 жұмыс берушілерден 119 бос жұмыс орындары түсіп, жәрмеңкеге  178 жұмыссыз адам қатысты, одан 119 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 11 адам жастар практикасына, 10 ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілсе, 35 адам мамандардан керекті консультацияларын алды.

Аудан бойынша 2017 жылға 950 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болса, осы жылдың 01 сәуіріне 224 жаңа жұмыс орны ашылып, одан тұрақты жұмысқа 194 адам, уақытша жұмысқа 30 адам жіберілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына – 15, өнеркәсіп – 2, құрылыс – 1, көлік және қоймалау – 1, көтерме және бөлшек саудамен айналысуға – 140, білім беру саласы бойынша – 24, денсаулық саласы бойынша – 2, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша – 9 орын.

Осы жылы 11 мүгедектер жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, одан жұмысқа орналасқаны 2 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 6 мүгедек, жастар практикасына жіберілгені 1 мүгедек, әлеуметтік жұмыс орнына 2 мүгедек жіберілді.

Қазіргі таңда, аудандық жұмыспен қамту орталығында жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 4 адам хабарласып, жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Оның 3 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама арқылы жіберіліп отыр.

 


Кіру