ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Мем. қызметтер ЖАО мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

ЖАО мемлекеттік қызметтер бойынша есебі


Қазалы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 2017 жылғы есебі


1. Жалпы ережелер

1.1 Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

  1. «Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. «Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8. «Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  9. Кент,қала және ауылдық округі әкімінің аппараты;

1.2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2017 жылы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтің 77 түрі көрсетілді. 2017 жылдың қорытындысымен жалпы ұсынылған мемлекеттік қызметтің саны 65568-ді құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 41 түрі көрсетіледі.

Жыл көлемінде мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 13477 қызмет ұсынылған.

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 77. Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны –3

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

Қағаз түрінде  – 23 қызмет.

Электрондық нысанда – 45 қызмет.

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламент саны

2017 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары саны – 77, регламенттер саны – 77.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (www.kazaly.gov.kz) орналастырылған. Онымен қоса, мемлекеттік қызметті ұсынушы жергілікті атқарушы органдарда арнайы ақпараттық тақталарда мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері туралы ақпараттар орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кздесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында аудандық интернет ресурсында және аудандық  Қазалы  газетіне 2 реттен түсіндірме мақалалар жарияланды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Есепті мерзімде мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау іс-шара жоспарына сәйкес 8 бөлімге ішкі бақылау  жүргізілді. Нәтижесінде кейбір мекемелерде  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустың болуы және әр сала бойынша ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты мақалалардың шығарылуы туралы ұсыныстар айтылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

-

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері

«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының директоры Ж.Түсмағанбетовтың «Жергілікті әлеуметтік тапсырыс» аясында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берген «Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкеріне және «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» коммуналық мемлекеттік мекемесінің қызметкеріне «ескерту» түрінде тәртіптік жазасы қолданылды. 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілген қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін арттыру және құжаттардың стандарт, регламент талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің интернет ресурсында, әлеуметтік желілерде және «Серік ТВ» телеарнасына материалдар шығарылды.

 



Кіру