ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Инфрақұрылым Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

«Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдарыбөлімі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың  айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы


          «Қазалы  аудандық  тұрғын  үй   коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және  автомобиль  жолдары бөлімі» КММ-сі аудан көлемінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, қоғамдық көліктерге және автомобиль жолдарының дамуына жалпы басшылық жасау, сумен жабдықтау, кәріз, жылу, электр қуаты, газбен жабдықтау саласы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың сапалы, үздіксіз және тиімді жұмыс жасауына басшылық жасауды қамтиды. Жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау және саланы дамыту бағдарламаларын әзірлеу, инженерлік жүйелер мен иммараттардың, тұрғын үй қорының нормативке сай күтіп ұсталуын, техникалық пайдалануына және жөндеу  жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылауды  жүзеге асырады.

 Ауданның коммуналдық  меншігінде барлығы 402 км аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар, оның ішінде: 137 км асфальтты, 184 км қиыршықтасты және 81 км топырақты жолдар.

Бүгінгі күні Қазалы ауданында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және  елді мекен ішілік автомобиль жолдарының барлық ұзындығы 349,645 шқ-ді құрайтын 424 көше жол тораптары бар. Оның ішінде:

Әйтеке би кентінде барлығы 185 көше-жол тораптары орналасқан. Барлық ұзындығы 121,45 км-ді құрайды. Оның 32 көшесі толық асфальттаудан өткізіліп (33,7 км), қалған 153 көше (87,75 км) қиыршықтасты жәнетопырақ қабатына жатқызылған.

Қазалы қаласы бойынша барлығы 49 көше-жол тораптары бар. Барлық ұзындығы 45,475 км-ді құрайды. Оның 15 көшесі (14,2 км) асфальттанған, қалған 34 көше (31,275 км) қиыршық тасты және топырақ қабатты.

Елді мекендер бойынш абарлығы 190 көше-жол тораптары бар. Барлық ұзындығы 182,72 км-ді құрайды. Оның 24 көшесі (22,49 км) асфальттанған, қалған 179 көше (160,23 км) қиыршық тасты және топырақ қабатты.

Кент, қала, ауылдық округтердің көше жолтораптары жағдайының бүгінгі күнгі көрсеткіші: Жақсыжағдайда – 20 (71,6 км) пайызды, қанағаттанарлық жағдайда – 6 (21,08) пайызды, нашар жағдайда 74 (259,85 км) пайызды құрап отыр.

Жоғарыда аталған елді мекен ішілік көше автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында жыл сайын облыстық, республикалық бюжеттерге тиісті ұсыныстар беріліп келеді. Бүгінгі күнге аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге, қайта жаңғыртуға барлығы  365 063,0 мың тенге бөлініп отыр. (барлық ұзындығы 10шқ. құрайды).

2017жылы іске асырылып жатқан,  жоспарланған жобалар.

Облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылған «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-22 шқ. темір бетон көпірінің құрылысына  103323,0 мың теңге қаржысы   бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «Жылу-ХХІ» ЖШС-мен 2017 жылдың 5 шілдесінде келісім шарт жасылып құрылыс жұмыстары басталуда..

- Өркендеу ауылына кіре беріс автомобиль жолының 0-5,65 шқ. қүрделі жөндеуге (жоба құны -352 090 мың тенге). -184,756 млн. тенге. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

- «Қазалы-Қожабахы-Бозколь-Каукей» автомобиль жолының 30-45 шқ. орташа жөндеу  жұмыстарын аяқтауға -35,666 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «СтройМодул-Астана» ЖШС-мен 2017 жылдың  20 маусымында келісім шарт жасылып  жөндеу жұмыстары басталуда.

-Қазалы ауданы Түктібаев ауылының  Айдай Жұбатырова, Жаңабасшылық, Алға, Әбдіразақов, Жаңа көшелерін  орташа жөндеуге-  56777,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Қазалы қаласының 13 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 108 000,0 мың теңге қаржы бөлініп,  бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Аудандық бюджеттен  Жалаңтөс батыр ауылындағы Жалаңтөс, Ыбыраев көшелерін орташа жөндеуге- 22000,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «СтройМодул-Астана» ЖШС-мен 2017 жылдың  25 маусымында келісім шарт жасылып  жөндеу жұмыстары басталуда.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 80,436 млн. теңге қаралып,бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.  

Оның ішінде:

  3 850,0 мың тенге Аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы Абай ауылының тұсынан өтетін Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірді күтіп ұстау жұмыстарына «Димаш Строй-Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.

15650,0 мың тенге  «Қазалы-Көларық-Бекарыстанби-Жаңақұрылыс» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-33 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

25668,0 мың тенге  «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңыздағы автомобиль жолының 0-30 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

10112,0 мың тенге «Әйтеке би -Басықара» 0-23шқ., «Бекарыстан би –Майдакөл» 0-12шқ. аудандық маңыздағы автомобиль жолының ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

5250,0 мың теңге қаржысы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қысқы маусымда күтіп ұстау жұмыстарына қаралып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Аудандық маңыздағы жолдарының бойына, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласының көшелеріне жол қауіпсіздік белгілерін орнату мен жол жолақтарын сызуға 5206,0 мың тенге және жол кедергілерін орнатуға 4550,0 мың тенге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған «Ақберген» ЖШС-мен 2017 жылдың  10 маусымында келісім шарт жасылып жол белгілерін орнату жұмыстары басталды.

 Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 10150,0 мың тенге қаралып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Жоба сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен:

- «Әйтеке би кентінен салынған РЗА мал фермасына сыртқы ИКИ-мен қамтамасыз ету» ЖСҚ мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге-13537,7 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

-  Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен салынатын «Көлік логистикалық сауда орталығы құрылысы» жобасы және ИКИ-мен қамтамасыз ету ЖСҚ мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге-5 757,0 мың теңге бөлініп, мемелкеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз болып танылған «Сыр-Жоба» ЖШС, «Димаш-Сервис» ЖШС жоба-сметалық құжатын әзірлеп бүгінгі күнге мемелкеттік сараптадан өткізілуде.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және  өмір сұру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларын іске асыруға республикалық (684,0 мың тенге), облыстық (684,0 мың теңге)  бюджеттен барлығы -1368,0 мың теңге қаралып,  бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Қазалы ауданында автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау жұмыстары туралы

Қазіргі таңда аудан көлемінде жолаушылар тасымалы сегіз тасымалдаушы қызмет көрсетуде. Олардың ішінде: Қазалы ауданынан жеке кәсіпкер С.Айтжанов, «Талап и К» және «Қазалы такси» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері, ал қалған тасымалдаушылар басқа аудандар мен Қызылорда қаласынан.

Ауданда барлығы- 29 тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары қызмет көрсетуде. Оның ішінде: Әйтеке би кентінде  7 қалаішілік (кентішілік), аудан көлемінде 17 ауданішілік, 4 ауданаралық және 1 қалааралық маршурттар. Ауданішілік және қалаішілік (кентішілік) маршруттарда: барлығы-45 автобустар мен 100 шағын автобустар жұмыс жасауда.

Аталған тасымалдаушылар бекітілген қозғалыс схемалары мен кестеге және жол жүру ақысының тарифіне сәйкес тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Аудандағы 16 ауылдық округте 27 елді мекенмен және Қазалы қаласымен аудан орталығы арасында тұрақты көлік қатынасы орнатылып отыр.

         Жылу маусымына дайындық

        «2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау барысына жедел басшылық жасау, ұйымдастыру және бақылау жөнінде аудан әкімінің 5 мамыр 2017 жылғы №122 өкімімен штаб құрылып, өз жұмысын атқарып келеді.

        Негізінен алдағы жылу беру маусымына аудан бойынша барлығы 172 нысан дайындыққа келтірілген. Оның ішінде 58 білім беру, 52 мәдениет,41 денсаулық сақтау нысандары мен 21 басқару аппараттарының нысандары.

         2017 жылға жылу беру маусымына отын қорын жасақтауға барлығы 346,1 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 37,9 млн. теңге қаржысы қатты отынға, 284,0 млн. теңге қаржысы сұйық отынға, электр қуатымен жылытылатын нысанға 6,8 млн. теңге және орталықтандырылған жылу қуатына 17,4 млн. теңге. Қазіргі таңға барлық нысандар бойынша келісім шарттар жасалып, отын қоры толығымен жасақталған.

          «Қазалы-Теміржолжылу» МКК-ның орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы Әйтеке би кентінде жылу энергиясын алатын барлығы 64 мекеме, оның ішінде 11 теміржол және 38 тараптық мекемелер, 15 бюджетке қарасты мекемелер бар. Үш 5-қабатты, он бір 2-қабатты тұрғын үйлер және 166 жеке тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі.

        Әйтеке би кентінде орналасқан «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының бу қазандықтарындағы пайдаланатын негізгі отын қоры – газ болып табылады. Сонымен қатар  мазут отының пайдалану мүмкіндігі бар.

      Газдандыру: Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес 2015  жылы  4 аудан орталығына және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен кварталішілік газ құбырларының құрылысын салу жоспарланып, кент бойынша     «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасына сәйкес барлық ұзындығы 382,4 шақырым болатын газ құбырлары жүргізілді. Оның ішінде жоғарғы қысымды – 10,2 шақырым, орташа қысымды – 30,2 шақырым және төмен қысымды – 342,0 шақырым газ құбырлары. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ-ның бас мердігер мекемесі- «Зенит ТВК» ЖШС-гі мен қосалқы мердігерлер  мамандары тұрғын үйлерге газ желісін монтаждау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге 3076 тұрғыннан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын сұрау туралы өтінішіне сәйкес 2985 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен  жоба дайындалып, құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Кредиттік жүйе мүмкіндігін 43 адам және бөліп төлеу жүйесін пайдаланған  255 адам.

        120 мекеме (16 мемлекеттікмекеме, 4 емхана, 4 мектеп, 3 спорт кешені, 5 балабақша, 88 кәсіпкерлік нысан) газ құбырына қосылуға тиісті құжаттарын тапсырып, техникалық шарттарын алған. Оның ішінде Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік- мәдени нысандардың  (барлығы 12 нысан : 5- балабақша, 4- мектеп, 1-музей, 1-мәдени орталық, 1-спорт кешені) бу қазандықтарын газ өнімдеріне бейімдеу жұмыстарына байланысты. Бүгінгі күні аталған 12 нысан бойынша газ отынына ауыстыру ға қажетті бюджет қаражатының көлемі анықталған (барлығы жоба құны -128,894 млн. тенге). Ағымдағы жылы  барлығы 9 нысанға-82,258 млн. тенге бөлінді. Бүгінгі күнге №11 «Балапан», «Алпамыс» балабақшаларына мемлекеттік сатып алу процедуралары аяқталып, «Байтерек-групп++АА» ЖШС-гі мердігер ретінде танылып, жұмыстарын бастады. Қалған нысандар бойынша мердігерді анықтауға бағытталған мемлекеттік сатып алу жұмыстары  жүргізілуде.

       Қазіргі таңға 42 –ГРПШ (газ реттеуіш пункт шкафты) іске қосылып, тұрғындарды газбен қамтамасыз етіп отыр.Газ қызметін пайдаланып отырған 2705 тұрғын  үй. Магистральді газ құбыры толық тартылып, кент ішілік тарату жүйесіне ГРП, ШРП арқылы қосылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасының» ауданда жүзеге асыру барысы туралы

        «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша 2017 жылы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесі шешілмей, ағымдағы жылы аудандық бюджеттен кемінде 2 үйді жөндеуден өткізуге қаражат қарастыру ұсынды.    Бағдарлама шеңберінде  күрделі жөндеуге ұсынылған  12 көпқабатты тұрғын үйлердің  Жанқожа №143 (жоба құны-5477,0 мың теңге),  №145 (жоба құны-5551,0 мың теңге) екі қабатты тұрғын үйлерді  жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттік өтінім жасалғанымен, қолдау таппай отыр.  Аталған нысандарға  2015 жылы энергоаудит сараптамасы жасалынған.  Жанкожа батыр көшесі №143,№145 екі қабатты тұрғын үйлерді күрделі  жөндеу жұмыс жобасына 13.12.2013 жылы берілген сараптамалық қорытындысының мерзімі ескіріп  отыр.    Қалған үйлерге  сараптамалық қорытындылары 2014 жылдың қырқүйек  айында берілген. Сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жоба-сметалық құжаттамасы ескірген болып есептеледі. Сондықтан Бағдарлама аясында  көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге  аудандық бюджет есебінен  жөндеуден өткізуге қаражат бөлуге ықпал ету сұратылды.  2016 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға В. Счастнов көшесі №1 және В. Счастнов көшесі №3 екі қабатты тұрғын үйлерге энергоаудит жүргізілген. Алдағы уақытта осы  үйлерді  (В.Счастнов №1- 4339,0 мың тенге, В.Счастнов №3-4272,0 мың тенге ) күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу туралы ұсыным жасалады.

         2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін көп қабатты тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 400,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға Әйтеке би кенті Желтоқсан көшесі №46, №54 Б көппәтерлі тұрғын үйлерге энерго аудит жүргізу межеленуде.

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй беру және есепке қою туралы

         Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес   мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде «бөлімнің» есепке алу және кезекке қою базасында бүгінгі күні 4 санат бойынша кезекке тіркелген. Атап айтатын болсақ, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны-193, Ұлы Отан соғысының қатысушысы саны-1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар-327 бюджеттік сала қызметкерлері -91 азамат. Барлығы 612 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

          2017 жылдың  6  айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматта рретінде барлығы 52 азамат тіркелді.  

Елді мекендерде санитарлық тазарту,көркейту және көгалдандыру жұмыстары туралы

          Облыс әкімінің «Облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» 2017 жылғы 01 наурыздағы № 497-ө өкімімен 2017 жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында өткізілетін болып белгіленген. Сонымен бірге аталған жұмыстар ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін жалғасын тапты.

        Осыған сәйкес «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің 2017 жылғы 6 наурызында №64 өкімі шықты.

        Аудан бойынша елді мекен аумақтарының санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру іс-шаралары бекітілді, осыған байланысты барлық ауылдық округтерде іс-шаралар қабылдап жұмыстар атқаруда және 2017 жылдың 01 сәуірі «Көктемгі ағаш отырғызу» акциясына меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар мен өңір тұрғындары жұмылдырылды.

Елді мекендердің тазалығын қамтамсыз ету үшін 47202,0 мың теңге бөлінген.



«Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы

Жылу маусымына дайындық

«2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау барысына жедел басшылық жасау, ұйымдастыру және бақылау жөнінде аудан әкімінің 19 мамыр 2016 жылғы №185 өкімімен штаб құрылып, өз жұмысын атқарып келеді.

Негізінен алдағы жылу беру маусымына аудан бойынша барлығы 172 нысан дайындыққа келтірілген. Оның ішінде 58 білім беру, 52 мәдениет,41 денсаулық сақтау нысандары мен 21 басқару аппараттарының нысандары.

2017 жылға жылу беру маусымына отын қорын жасақтауға барлығы 346,1 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 37,9 млн. теңге қаржысы қатты отынға, 284,0 млн. теңге қаржысы сұйық отынға, электр қуатымен жылытылатын нысанға 6,8 млн. теңге және орталықтандырылған жылу қуатына 17,4 млн. теңге. Қазіргі таңға барлық нысандар бойынша келісім шарттар жасалып, отын қоры толығымен жасақталған.

 «Қазалы-Теміржолжылу» МКК-ның орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы Әйтеке би кентінде жылу энергиясын алатын барлығы 64 мекеме, оның ішінде 11 теміржол және 38 тараптық мекемелер, 15 бюджетке қарасты мекемелер бар. Үш 5-қабатты, он бір 2-қабатты тұрғын үйлер және 166 жеке тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі.

Әйтеке би кентінде орналасқан «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының бу қазандықтарындағы пайдаланатын негізгі отын қоры – мазут болып табылады. 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына жоспар бойынша қажетті 5015  тонна мазут отынына Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырыс берілді. Бүгінгі таңда кәсіпорын қоймасында 48 тонна қалдық мазут отыны сақтаулы.

Газдандыру: Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес 2015  жылы  4 аудан орталығына және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен кварталішілік газ құбырларының құрылысын салу жоспарланып, кент бойынша     «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасына сәйкес барлық ұзындығы 382,4 шақырым болатын газ құбырлары жүргізілді. Оның ішінде жоғарғы қысымды – 10,2 шақырым, орташа қысымды – 30,2 шақырым және төмен қысымды – 342,0 шақырым газ құбырлары. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ-ның бас мердігер мекемесі- «Зенит ТВК» ЖШС-гі мен қосалқы мердігерлер  мамандары тұрғын үйлерге газ желісін монтаждау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге 3064 тұрғыннан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын сұрау туралы өтінішіне сәйкес 2759 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен  жоба дайындалды. 2759 үйге құрылыс монтаж жұмыстары атқарылды. Кредиттік жүйе мүмкіндігін пайдаланған 43 адам.

73мекеме (16 мемлекеттікмекеме, 4 емхана, 4 мектеп, 3 спорт кешені, 5 балабақша, 41кәсіпкерлікнысан) газ құбырынақосылуғатиістіқұжаттарынтапсырып, техникалықшарттарыналған. ОныңішіндеҚазалыауданыӘйтекебикентіндегіәлеуметтік- мәденинысандардың  (барлығы 12 нысан : 5- балабақша, 4- мектеп, 1-музей, 1-мәдени орталық, 1-спорт кешені)буқазандықтарын газ өнімдерінебейімдеужұмыстарынабайланысты.Бүгінгікүніаталған 12 нысанбойынша газ отынынаауыстыруғақажетті бюджет қаражатыныңкөлеміанықталып(барлығыжобақұны -128,894 млн. тенге)оның ішндегі5 әлеуметтік нысанның бу қазандығын газ өніміне бейімдеу үшін, облыстық бюджеттен 69 410,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Қазіргі таңға 42 –ГРПШ (газ реттеуіш пункт шкафты) іске қосылып, тұрғындарды газбен қамтамасыз етіп отыр.Газ қызметін пайдаланып отырған 2705 тұрғын  үй. Магистральді газ құбыры толық тартылып, кент ішілік тарату жүйесіне ГРП, ШРП арқылы қосылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасының» ауданда жүзеге асыру барысы туралы

2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін көп қабатты тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 400,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға Әйтеке би кенті Желтоқсан көшесі №46, №54 Б көппәтерлі тұрғын үйлерге энерго аудит жүргізу межеленуде.

 

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй беру және есепке қою туралы

          Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес   мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде «бөлімнің» есепке алу және кезекке қою базасында бүгінгі күні 4 санат бойынша кезекке тіркелген. Атап айтатын болсақ, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны-192, Ұлы Отан соғысының қатысушысы саны-1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар-310 бюджеттік сала қызметкерлері 82 азамат Барлығы 585 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

2017 жылдың  3  айында мемлекеттік тұрғынүй қорынан тұрғынүйге мұқтаж азаматтар ретінде барлығы 26 азамат тіркелді.  

Елдімекендердесанитарлықтазарту, 

көркейтужәнекөгалдандыружұмыстарытуралы

 

Облыс әкімінің «Облыс елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» 2017 жылғы 01 наурыздағы № 497-ө өкімімен 2017 жылдың 11 наурызы мен 10 мамыры аралығында өткізілетін болып белгіленген.

Осыған сәйкес «Аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің 2017 жылғы 6 наурызында №64 өкімі шықты.

Аудан бойынша елді мекен аумақтарының санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру іс-шаралары бекітілді, осыған байланысты барлық ауылдық округтерде іс-шаралар қабылдап жұмыстар атқаруда және 2017 жылдың 01 сәуірі «Көктемгі ағаш отырғызу» акциясына меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар мен өңір тұрғындары жұмылдырылды.

Елді мекендердің санитариясын қамтамсыз ету үшін 47202,0 мың теңге бөлінген.

Кіру