ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Инфрақұрылым құрылыс, сәулет және қала құрылысы

құрылыс, сәулет және қала құрылысы

Қазалы ауданында құрылыс саласы бойынша 2019 жылдың 3 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

2019 жылға аудан көлемінде 11 нысанның (аудандық әкімшілік ғимараты, Әйтеке би кентінен көлемі 210 га және 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау, жолдар салу) құрылысын жүргізу, Әйтеке би кентінен салынатын 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысы және Қазалы қаласынан көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен қамту, газбен жабдықтау, жолдар салу) құрылысын жалғастыру сонымен қатар Қазалы қаласынан көлемі 81 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау, жолдар салу) құрылысын жүргізу, Көларық және Ғ.Мұратбаев ауылдық округінен мал қорымының құрылысын салу жоспарлануда.

Атап айтқанда:

1.   Аудандық әкімшілік ғимаратының құрылысы.

Жоба құны 1014,150 млн.теңге. Құрылысына қажетті қаржы 891,4 млн.теңге. Бас мердігері «ПромстройсервисЕ» ЖШС-і.

Құрылысын бастауға 2018 жылы 100,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілсе, 2019 жылға  өтінім тапсырылып, облыстық бюджеттен 795,184 млн.теңге қаржы бөлінді.

2. Әйтеке би кентінен көлемі 210 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау) құрылысы. Жоба құны 990,6 млн.теңге. Құрылысына қажетті қаржы 956,831 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлу мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынылып, 2019 жылдың қаржылық жоспарына енгізілді. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен 846,455 млн. теңге. облыстық бюджеттен 23,514 млн. теңге қаржы бөлінді. Бас мердігері «Мелеоратор» ЖШС-і. Бүгінгі күнге мердігермен келісім-шартқа отыру, құрылысына дайындық жұмыстары жүруде.

3. Әйтеке би кентінен көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу) құрылысы. Жоба құны 216,270 млн.теңге. Құрылысына қажетті қаржы 174,932 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлу мақсатында, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылып, 2019 жылға 211,27 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

4. Әйтеке би кентінен салынатын 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысы. Жоба құны 6 үйге барлығы 1061,4 млн.теңге.

Аталған нысанның құрылысын бастауға 2017 жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілдсе, 2018 жылға құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 434,767 млн.теңге, облыстық бюджеттен 16,062 млн.теңге, барлығы 480,829 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді. 2019 жылға республикалық бюджеттен 457,086 млн.теңге, облыстық бюджеттен 22,362 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүруде.

Бүгінгі күнге 4 үйдің (мердігері «Асар» ЖШС-і) 1а үйдің  іргетасы қаланып, 2 қабатының қабырғасы өрілді, 1б үйдің ірге тасы қаланып, 3 қабатының қабырғасы өрілді, 1 д үйдің  іргетасы қаланды, 1в (мердігері «Рза» АҚ-ы) үйдің ірге тасы қаланып, қабырғасы толық өрілді, төбесі жабылып, есік терезесі салынды, ішкі инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Қалған 1 үйдің мердігері «Жылу-ХХІ» ЖШС-мен соттың шешіміне сәйкес келісім шарты бұзылып, нәтижесінде «Бер-Нұр-Тар» ЖШС-і болып анықталды. Бүгінгі күнге келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

5. Қазалы қаласынан көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен қамту) құрылысы. Жоба құны 442,3 млн.теңге. Құрылысына қажетті қаржы 428,9 млн.теңге. Бас мердігері «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС-і.

2018 жылы нысанның құрылысын бастауға республикалық бюджеттен   50,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілсе, 2019 жылға республикалық бюджеттен 336,013 млн.теңге, облыстық бюджеттен 9,473 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылысы жүруде. Нысан 2018 жылдан өтпелі.

6. Қазалы қаласынан көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (газбен жабдықтау) құрылысы. Жоба құны 988,7  млн.теңге. Құрылысына қажетті қаржы 967,648 млн.теңге. Нысанның бас мердігері «МФК Туран» ЖШС-і. Нысан  2019 жылға өтпелі.

2018 жылы нысанның құрылысын бастауға республикалық бюджеттен   204,1 млн.теңге, облыстық бюджеттен 20,4 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілсе, 2019 жылға республикалық бюджеттен 666,132 млн.теңге, облыстық бюджеттен 19,263 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылысы жүруде. Нысан 2018 жылдан өтпелі.

7. Қазалы қаласынан көлемі 180 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу) құрылысы. Жоба құны 526,545 млн.теңге. Құрылысына қажетті қаржы 503,147 млн.теңге. бас мердігері «Аман-Құрылыс» ЖШС-і. Нысан   2019 жылға өтпелі.

2018 жылы нысанның құрылысын бастауға аудандық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілсе, 2019 жылға облыстық бюджеттен 300,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Нысан 2018 жылдан өтпелі.

8. Қазалы қаласынан көлемі 81 га жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу) құрылысы. Жоба құны 526,545 млн.теңге. Құрылысына қажетті қаржы 503,147 млн.теңге.

2019 жылға  қаржы бөлу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтың 2019 жылғы 18 қаңтардағы №04/1-6/304 санды хатымен ұсынылды) тапсырылды.

9. Қызылорда облысы Қазалы ауданының 2 ауылдық округінен (Ғ.Мұратбаев, Көларық) типтік жобадағы мал қорымдарының (биотермиялық шұңқыр) жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 4,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жоба әзірленді. Көларық ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 29 қазанында  №КССЭ-0075/18 санымен (жоба құны 22,306 млн.теңге), Ғ.Мүратбаев ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 29 қазанында  №КССЭ-0074/18 санымен сараптама қорытындысы алынды (жоба құны 22,250 млн.теңге). 2019 жылы құрылысына 2 нысанға 41,129 млн.теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсының процедуралары жүруде.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына сәйкес меншік иелері жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға өз бетiнше қабылдап, қабылдау актілерін аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне тіркеуде. Бөлімде аудан бойынша жаңадан қабылданған жеке тұрғын үйлердің тізімі жүргізіліп, ай сайынғы статистикалық есептілігі тапсырылып тұр. Жыл басынан бері аудан бойынша 43 жеке тұрғын үй, жалпы алаңы 7 000,0 ш/м қабылданды.

Сондай-ақ, мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру бойынша 225, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру бойынша 6, нысанның нобайлық жобасына келісім беру бойынша 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қазалы ауданы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының 2018 жылдың  қорытындысы  бойынша орындалуы туралы

         Аудан бойынша 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту нысаны бойынша  барлығы 20 нысанның құрылысы жүргізілуде.

         Атап айтқанда: білім саласы бойынша Әйтеке би кентінен 300 орындық мектептің құрылысын жалғастыру, Жанқожа батыр ауылынан спорт кешенінің құрылысын жалғастыру, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар (электрмен жабдықтау, жолдар салу) жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар және Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар, 81 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен, электрмен, газбен қамту) нысанының құрылысы, Әйтеке би кентінен салынатын  18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы және осы жобаның инженерлік инфрақұрылым жұмыстары.

Анықтамалық:

         1. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар (электрмен жабдықтау, жолдар салу) жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

-«Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» (жолдар салу) құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 2017 жылы 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,0 млн.теңге, барлығы 110,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоба құны 472,952 млн.теңге. Бас мердігер «Қазалы Жолшы» ЖШС-гі. 2018 жылға 265,012 млн. теңге, облыстық бюджеттен 30,456 млн.теңге, барлығы 295,468 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді, нысан 2018 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

-Осы жобаның электрмен жабдықтау құрылысына республикалық бюджеттен 104,632 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,463 млн.теңге . барлығы 115,095 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоба құны 195,126 млн.теңге. Бас мердігері «Строительная компания Орда Құрылыс» ЖШС-і. Келісім-шарт сомасы 140,000 млн. теңге. 2018 жылға республикалық бюджеттен 51,327 млн. теңге, облыстық бюджеттен 5,536 млн.теңге, барлығы 56,863 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді, нысан 2018 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.

 2. Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар және Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау) нысанының құрылысын жалғастыру.

- Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау) нысанының құрылысын бастауға 2017 жылы облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоба құны 160,4 млн.теңге. Бас мердігер «Рза» АҚ-ы. 2018 жылға республикалық бюджеттен 144,323 млн. теңге, облыстық бюджеттен 14,433 млн.теңге барлығы 158,756 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді, нысан 2018 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

- Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау) нысанының құрылысын бастауға 2017 жылы облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоба құны 114,951 млн.теңге. Бас мердігер «СМП-Қызылорда» ЖШС-і. 2018 жылға республикалық бюджеттен 103,456 млн. теңге, облыстық бюджеттен 11,495 млн.теңге барлығы 114,951 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді, нысан 2018 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.

- Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау) нысанының құрылысын бастауға 2017 жылы облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоба құны 205,052 млн.теңге. Бас мердігер «Нұр-Талап» ЖШС-і. 2018 жылға республикалық бюджеттен 184,547 млн. теңге, облыстық бюджеттен 18,457 млн.теңге барлығы 203,004 мың.теңге қаржы бөлініп, 155,056 млн.теңгесі игерілді. Нысанды тапсыру мерзімі 2018 жылдың қараша айы.

3. Әйтеке би кентінен алты 18 пәтерлі арендалық тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жылу, ауыз су, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) құрылысы. Жоба құны 239,882 млн. теңге.

- Әйтеке би кентінен алты 18 пәтерлі арендалық тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жылу, ауыз су, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) құрылысын бастауға 2017 жылы республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,0 млн.теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.  Бас мердігері «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі. 2018 жылға республикалық бюджеттен 115,894 млн. теңге, облыстық бюджеттен 11,906 млн.теңге барлығы 127,799 млн.теңге қаржы бөлініп, 22,654 млн.теңгесі игерілді.

4. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығын қосу мақсатында көлемі 440 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым құрылысын жүргізуге РБ-ке 3,3 млрд. теңге болатын 10 жоба ұсынылып, одан 2,3 млрд. теңге шешімін тапты  (5 жоба газбен жабдықтау – 1552,3 млн, 3 жоба электрмен жабдықтауға  - 618,1 млн, 2 жоба ауыз сумен жабдықтау – 1139,9 млн теңге). Облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге қоса қаржыландырылды.

Ұсынылған 10 жобаның 1-і 2017 жылдан өтпелі.

р/с

Атауы

Мердігер атауы

Бөлінген қаржы, млн.тг

Одан игерілгені, млн.тг

Ескертпе

1

Әйтеке би кентінен, 180 гектар жер учаскесін электрмен жабдықтау

«СМП Қызылорда» ЖШС

115,0

97,76

Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, шілде айында пайдалануға берілді.

Қалған 9 жобалар бойынша 8 жобаның (4 газбен, 2 ауыз сумен, 2  электрмен жабдықтау) жеңімпаздары анықталып, құрылысын бастады.

р/с

Атауы

Мердер атауы

Бөлінген қаржы, млн.тг

Одан игерілгені, млн.тг

1

Қазалы қ. көлемі 81 гектар жер  учаскесін газбен жабдықтау 

«Компания ГазСтрой» ЖШС

270,7

44,396

2

Әйтеке би кентінен 210 гектар жер учаскесін газбен жабдықтау

«Ремстрой» ЖШС

172,7

99,835

3

Әйтеке би-Басықара автожолы бағытынан 56 гектар жер учаскесін газбен жабдықтау

«Нур-Талап и К» ЖШС

84,8

41,250

4

Әйтеке би кентінен 180 гектар жер учаскесін газбен жабдықтау

"Ремстрой" ЖШС

166,4

43,685

5

Әйтеке би-Басықара автожолы бағытынан 56 гектар жер учаскесін ауыз сумен  жабдықтау

«Нур-Талап и К» ЖШС

170,1

30,044

6

Қазалы қ. көлемі 180 гектар жер  учаскесін электрмен жабдықтау 

«Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС

377,1

49,236

7

Қазалы қ. көлемі 180 гектар жер  учаскесін ауыз сумен жабдықтау 

«Еңбек» ЖШС

966,0

146,4

8

Қазалы қ. 180 га жер учаскесін газбен жабдықтау

Шағымдануға байланысты мердігер анықталған жоқ

224,462

-

9

Қазалы қ. 81 га жер учаскесін электрмен жабдықтау

«Агроспецмонтаж» ӨК

140,8

-

5. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен салынатын  18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысы» жобасы әзірленді. Жоба құны 6 үйге барлығы 1061,4 млн.теңге.

Аталған нысанның құрылысын бастауға 2017 жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді.

         2018 жылға аталған нысанның құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 110,2 млн.теңге,  облыстық бюджеттен 11,020 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. 5 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүруде. 1 үйдің құрылысы мемлекеттік сатып алу конкурсына байланысты сот шешімімен тоқтатылды.

Бүгінгі күнге 1 в үйдің мердігері «Рза» АҚ арқылы 1-3-ші қабаттарының терезісі орнатылып, ішкі сылақ жұмыстары, ауыз су, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі, жылумен қамту жұмыстары атқарылды. Бөлінген қаржы жеткіліксіз. Дегенмен мердігер өз қаржысы есебінен құрылыс жұмыстарын тоқтатпай атқаруда. Ал 4 үйдің (1а,1б,1д,1е) мердігері «Асар» ЖШС-і, бөлінген қаржыға сәйкес  жер қазу жұмыстарын аяқтап, ірге тасы қаланып, қаржы мәселесіне байланысты құрылысы тоқтатылды.

         Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы №1278 қаулысына сәйкес меншік иелері жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға өз бетiнше қабылдап, қабылдау актілерін аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне тіркеуде. Бөлімде аудан бойынша жаңадан қабылданған жеке тұрғын үйлердің тізімі жүргізіліп, ай сайынғы статистикалық есептілігі тапсырылып тұр. Үстіміздегі жылдың 9 айында аудан бойынша 134 жеке тұрғын үй жалпы алаңы 19647,6 ш/м қабылданды, 2017 жылымен (133 үй, алаңы 18841,7 ш/м) салыстырғанда жеке тұрғын үйлер құрылысы 104,3 % пайызға орындалып тұр.

           Қазіргі уақытта бөлім тарапынан мемлекеттік қызметтің төрт түрі көрсетілуде: жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөніндегі анықтамалары, сәулет-жоспарлау тапсырмалары, «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімдері, «эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»  Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылдануда.

           2018 жылдың 3 тоқсанында тұрғын үйдің, нысандардың, жер учаскелерінің реттік нөмірін анықтауға, мекен-жай анықтамаларын алуға 387 өтініш түсті. Осыған орай жер учаскелерінің басына барып, зерттеліп, реттік нөмірлері анықталып, барлық өтініштер бойынша тиісті бұйрықтары әзірленді.

          Үстіміздегі жылы жаңадан салынатын құрылыс нысандарына 50 сәулет-жоспарлау тапсырмалары берілді.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы   30 қарашадағы №750 бұйрығы бойынша тұрғын үй құрылысы жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай үстіміздегі жылдың 9 айында 185 нобайлық жобаларға келісім берілді.

           Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттері көрсетілген ақпараттық тақтасы ілініп, арыз шағым жәшігі орнатылған.

 Қазалы ауданы бойынша қала құрылыстық регламенттер талаптарының сақталуын - қызыл сызықты, сәулеттік келбетін бұзу, рұқсатсыз құрылыстар салу, жер телімдерін рұқсатсыз пайдалану және тағы басқа да заң бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, ауылдық округ әкімі аппараты, жер қатынастары бөлімімен бірлесіп елді мекендерде тексеру рейдтері жүргізілуде.


Кіру

×