ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Құрылыс


Қазалы ауданы бойынша  2017 жылға атқарылған  құрылыс-монтаж жұмыстары туралы

 

Қазалы ауданы бойынша құрылыс нысандарын салуға 2017 жылы барлығы  7344,161 млн. теңге қаржы бөлініп, 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде білім саласы бойынша 5 мектептің құрылысын жалғастыруға және 1 мектептің құрылысын бастауға, 1 мектепке қосымша құрылыс жүргізуге, денсаулық саласы бойынша 150 төсектік  орталық аудандық аурухана құрылысын жалғастыруға, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратының құрылысын жалғастыруға, спорт кешенінің құрылысы, Әйтеке би кентінен 4 нысанды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысы, Қазалы қаласынан жүгіру жолдары бар футбол алаңы мен 300 орындық трибуна құрылысы, Абай, Шәкен елді мекендерінде мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысы.

Атап айтқанда:

Білім саласы бойынша апаттық жағдайдағы 5 мектептің құрылысы жалғасын тауып және 1 мектепке қосымша құрылыстар салуға, 1 мектептің құрылысын салуға облыстық бюджеттен 2017 жылғы 2432,9 млн.теңге бөлінді.

Анықтамалық:

1. Майдакөл ауылындағы 200 орындық №98 мектеп құрылысына 255,9 млн. теңге. Бас мердігері «Өмірзақ» ЖШС-і. Жоба құны 439,679 млн.теңге.

2. Лақалы ауылынан 100 орындық мектеп құрылысына 243,6 млн. теңге. Бас мердігері «Жылу ХХІ» ЖШС-і. Жоба құны 374,897 млн.теңге.

3. Шилі ауылынан 20 орындық балабақшасы бар 50 орындық №259 мектеп құрылысына 305,2 млн. теңге. Бас мердігері МФК «Тұран» ЖШС-і. Жоба құны 332,097 млн.теңге.

4. Бірлік ауылындағы 140 орындық №102 мектеп құрылысына 492,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Бас мердігер «Аман-құрылыс» ЖШС-гі. Жоба құны 519,740 млн.теңге.

5. Шәкен ауылынан салынатын 100 орындық  мектеп-интернат ғимаратының құрылысына 636,7 млн. теңге. Бас мердігері «Өмірзақ» ЖШС-і. Жоба құны 669,796 млн.теңге.

6. Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыстар салуға 190,0 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 193,940 млн.теңге. Бас мердігері ПРК «Сапақ» ЖШС-і.

7. Әйтеке би кентінен 300 орындық мектеп құрылысын бастауға 308,702 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 883,050,0 млн.теңге. Нысан 2018 жылға өтпелі. Бас мердігері «Жабдықтау» ЖШС-і.

Бүгінгі күнге Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыстар салу жұмысы, Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекендеріндегі мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Спорт саласы бойынша Жанқожа батыр ауылынан салынатын спорт кешенінің құрылысына 50,0 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 194,807 млн.теңге. Бас мердігері «Намыс құрылыс» ЖШС-і. Нысан 2018 жылға өтпелі

Мәдениет саласы бойынша: Жалаңтөс батыр ауылынан 150 орындық ауылдық клуб құрылысы. Жалпы сметалық құны 219,484 млн. теңге. 2016 жылға бөлінген қаржы 9,787 млн. теңге, 2017 жылға бөлінген 203,429 млн.теңге қаржылар толығымен игерілді. Бас мердігері «Болашақ» ЖШС-і. Нысан үстіміздегі жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

Денсаулық саласы бойынша Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысына 3620,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоба құны 4285,313 млн.теңге. Бас мердігері «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС-і. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 2018 жылдың 10 қаңтарында ашу жоспарлануда.

Мемлекеттік мекемелер бойынша: Әйтеке би кентінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратының құрылысы жалғасын тауып, 2017 жылға 185,6 млн.теңге қаржы бөлінді. Жалпы сметалық құны 197,627 млн. теңге. Бас мердігері «Мейіржан» ЖШС-і, техникалық бақылаушысы «Қаймар Инжиниринг» ЖШС, авторлық бақылаушысы «АбзалПроектКонсалтинг» ЖШС-і. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 2018 жылдың 10 қаңтарында ашу жоспарлануда.

Аталған нысандардың тапсырысшысы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саласы бойынша 3 жаңа және 1 өтпелі нысанға 2017 жылға барлығы республикалық бюджеттен 404,632 млн.теңге, облыстық бюджеттен 42,186 млн. теңге  қаржы бөлінді. Оның ішінде:

1. Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау құрылысы жалғасын тауып, республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 11,723 млн.теңге қаржы бөлініп,толығымен игерілді. 2017 жылдың 30 маусымында пайдалануға берілді.

2. «Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» (жолдар салу) құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоба құны 472,952 млн.теңге. Бас мердігер «Қазалы Жолшы» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 392,0 млн. теңге Нысан өтпелі тапсыру мерзімі 2018 жыл.

3. Осы жобаның электрмен жабдықтау құрылысына республикалық бюджеттен 104,632 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,463 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоба құны 195,126 млн.теңге. Бас мердігері «Строительная компания Орда Құрылыс» ЖШС. Келісім-шарт сомасы 140,000 млн. теңге. Нысан өтпелі, тапсыру мерзімі 2018 жыл.

4. Әйтеке би кентінен алты 18 пәтерлі арендалық тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жылу, ауыз су, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржының 100,0 млн.теңгесі игерілді. Жоба құны 253,795 млн. теңге. Бас мердігері «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі. Нысан өтпелі, тапсыру мерзімі 2018 жыл.

Сонымен қатар, 2016 жылы «Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар және Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен, электрмен, жолдар салу)» жобасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 42,3 млн.теңге қаржы бөлініп, жоба әзірленді.

Атап айтқанда

1. Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысының ауыз сумен қамту жұмыстарының құны-160,4 млн.теңге, электрмен жабдықтау жұмыстарының құны-117,3 млн.теңге, жолдар салу жұмыстарының құны-206,5 млн.теңге, барлығы 484,2 млн.теңге. Жаңадан 260 жер учаскесі ашылады.

2. Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысы ауыз сумен қамту жұмыстарының құны-205,1 млн.теңге, электрмен жабдықтау жұмыстарының құны-437,6 млн.теңге, жолдар салу жұмыстарының құны-513,3 млн.теңге, барлығы 1156,0 млн.теңге. Жаңадан 607 жер учаскесі ашылады.

 Аталған нысандардың құрылысын бастауға Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына барлығы 30,0 млн. теңге қаржы бөлуге ұсыныс беріліп, қаржысы бөлінді.

Бүгінгі күнге Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен, электрмен жабдықтау, жолдар салу), Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен жабдықтау) нысандарының жеңімпазы анықталып, құрылысын бастады.

Ал Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау, жолдар салу) нысанына мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жарияланып, конкурстық процедуралары жүруде.

Сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен салынатын  18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысы» жобасы әзірленді. Жоба құны 6 үйге барлығы 1061,4 млн.теңге.

Аталған нысанның құрылысын бастауға 2017 жылы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 30,0 млн. теңге қаржы қаржысы бөлініп, игерілді. Бүгінгі күнге мердігер мекемелермен келісім шартқа отырып, құрылысын бастауға жұмыстар жүруде.

Жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша

Жаңадан ашылатын тұрғын аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Қазалы қаласынан көлемі 261 гектар, Әйтеке би кентінен көлемі 446 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу, ауыз сумен, электрмен, газбен жабдықтау)» жобаларын әзірлеп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 97,063 млн.теңге қаржы бөлініп, жобалар әзірленді және сараптама қарауына жолданды.

Анықтамалық:

«Әйтеке би кентінен көлемі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (ауыз сумен жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы КБ «МұнайГазИнжиниринг» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 3,685 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба әзірленді. Жоба құны 203,582 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына  қаржы бөлуге облыстық құрылыс, сәулет және қала қрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Әйтеке би кентінен көлемі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (газбен жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы КБ «МұнайГазИнжиниринг» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 3,961 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттар дайындалып,  ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

«Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (ауыз сумен жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы  «Сартөбе» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 8,005 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттар дайындалып,  ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

«Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (газбен жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы  «СырЖоба» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 7,582 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттар дайындалып,  ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

«Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (газбен жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы  «КАТЭК» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 9,296 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба әзірленді. Жоба құны 208,752 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына  қаржы бөлуге облыстық құрылыс, сәулет және қала қрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (газбен жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы  «КАТЭК» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 8,097 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттар дайындалып,  ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазалы қаласынан көлемі 81 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (жолдар салу) жұмыстары. Жобалаушы  «Сартөбе» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 3,827 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба әзірленді. Жоба құны 169,793 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына  қаржы бөлуге облыстық құрылыс, сәулет және қала қрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Қазалы қаласынан көлемі 81гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (ауыз сумен  жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы  «Сартөбе» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 3,878 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба әзірленді. Жоба құны 1078,121 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына  қаржы бөлуге облыстық құрылыс, сәулет және қала қрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Қазалы қаласынан көлемі 81гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (электрмен жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы  «СырЖоба» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 2,542 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба әзірленді. Жоба құны 149,139 млн.теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына  қаржы бөлуге облыстық құрылыс, сәулет және қала қрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Қазалы қаласынан көлемі 81 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» нысанының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу (газбен  жабдықтау) жұмыстары. Жобалаушы  «СырЖоба» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 4,894 млн. теңге. Бүгінгі күні жоба-сметалық құжаттар дайындалып,  ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

         Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Қазалы қаласында жүгіру жолдары бар футбол алаңы мен 300 орындық трибуна құрылысына 48795,4 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Бас мердігері «Намыс құрылыс» ЖШС-і. 2017 жылғы 23 қазанда пайдалануға берілді.

Қазалы ауданы Абай, Шәкен елді мекендерінде мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысына облыстық бюджеттен 23516,0 мың теңге қаржы бөлінді.Шәкен елді мекеніндегі мал қорымы құрылысының бас мердігері «Орда құрылыс» ЖШС-і. Қазіргі танда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, осы жылғы 30 қазанда пайдалануға берілді.

Абай елді мекеніндегі мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылысының бас мердігері «Аңсат құрылыс и С» ЖШС-і. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, осы жылғы 30 қарашада пайдалануға берілді.

Алдағы тұрған міндеттер:

Қазалы ауданы бойынша 2018 жылы барлығы  16 нысанның құрылысын жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда: білім саласы бойынша Әйтеке би кентінен 300 орындық мектептің құрылысын жалғастыру, Жанқожа батыр ауылынан спорт кешенінің құрылысын жалғастыру, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар (электрмен жабдықтау, жолдар салу) жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, Әйтеке би кентінен көлемі 180 гектар және Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз сумен, электрмен қамту, жолдар салу) нысанының құрылысын жалғастыру, Әйтеке би кентінен салынатын  18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысын жалғастыру жұмыстары.



Аудандық құрылыс бөлімі бойынша 2017 жылға жоспарланған жұмыстардың 2-тоқсанда атқарылуы туралы анықтама

 

 Қазалы ауданы бойынша құрылыс нысандарын салуға 2017 жылы барлығы  7344,161 млн. теңге қаржы бөлініп, 15 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде білім саласы бойынша 5 мектептің құрылысын жалғастыруға және 1 мектептің құрылысын бастауға, 1 мектепке қосымша құрылыс жүргізуге, денсаулық саласы бойынша 150 төсектік  орталық аудандық аурухана құрылысын жалғастыруға, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратының құрылысын жалғастыруға, спорт кешенінің құрылысы, Әйтеке би кентінен 4 нысанды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысы.

Атап айтқанда:

Білім саласы бойынша апаттық жағдайдағы 5 мектептің құрылысы жалғасын тауып және 1 мектепке қосымша құрылыстар салуға, 1 мектептің құрылысын салуға облыстық бюджеттен 2017 жылғы 2432,909 млн.теңге бөлінді. Атап айтқанда:

1. Майдакөл ауылындағы 200 орындық №98 мектеп құрылысына 255,9 млн. теңге. Бас мердігері «Өмірзақ» ЖШС-і. Жоба құны 439,679 млн.теңге.

2. Лақалы ауылынан 100 орындық мектеп құрылысына 243,6 млн. теңге. Бас мердігері «Жылу ХХІ» ЖШС-і. Жоба құны 374,897 млн.теңге.

3. Шилі ауылынан 20 орындық балабақшасы бар 50 орындық №259 мектеп құрылысына 305,2 млн. теңге. Бас мердігері МФК «Тұран» ЖШС-і. Жоба құны 332,097 млн.теңге.

4. Бірлік ауылындағы 140 орындық №102 мектеп құрылысына 492,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Бас мердігер «Аман-құрылыс» ЖШС-гі. Жоба құны 519,740 млн.теңге.

5. Шәкен ауылынан салынатын 100 орындық  мектеп-интернат ғимаратының құрылысына 636,7 млн. теңге. Бас мердігері «Өмірзақ» ЖШС-і. Жоба құны 669,796 млн.теңге.

6. Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыстар салуға 190,0 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 193,940 млн.теңге. Бас мердігері ПРК «Сапақ» ЖШС-і.

7. Әйтеке би кентінен 300 орындық мектеп құрылысын бастауға 308,702 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 883,050,0 млн.теңге. Нысан 2018 жылға өтпелі. Бас мердігері «Жабдықтау» ЖШС-і.

Бүгінгі күнге Бірлік, Лахалы, Мйдакөл, Шилі елді мекеніндегі мектептерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Шәкен, елдімекеніндегі мектеп құрылысы және Әйтеке би кентіндегі №216 мектептің қосымша құрылысы үстіміздегі жылдың тамыз айында тапсыру межеленуде.

Спорт саласы бойынша Жанқожа батыр ауылынан салынатын спорт кешенінің құрылысына 50,0 млн.теңге. Жоба құны 194,807 млн.теңге. Бас мердігері «Намыс құрылыс» ЖШС-і. Нысан 2018 жылға өтпелі

Мәдениет саласы бойынша: Жалаңтөс батыр ауылынан 150 орындық ауылдық клуб құрылысы. Жалпы сметалық құны 219,484 млн. теңге. Жобалаушы «АбзалПроектКонсалтинг» ЖШС-гі. 2016 жылға бөлінген қаржы 9,787 млн. теңге. 2017 жылға бөлінгені 203,429 млн.теңге. Бас мердігері «Болашақ» ЖШС-і. Нысанды үстіміздегі жылдың қыркүйек айында тапсыру межеленуде.

Денсаулық саласы бойынша Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысына 3620,0 млн. теңге. Жоба құны 4285,313 млн.теңге. Бас мердігері «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС-і. Құрылысты тапсыру мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айы.

Аталған нысандардың тапсырыс берушісі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саласы бойынша 3 жаңа және 1 өтпелі нысанға 2017 жылға барлығы республикалық бюджеттен 404,632 млн.теңге, облыстық бюджеттен 42,186 млн. теңге  қаржы бөлінді. Оның ішінде:

1. Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау құрылысы жалғасын тауып, республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 11,723 млн.теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. Үстіміздегі жылдың 30 маусымында пайдалануға берілді.

Жобада ВЛ-10 кВ-4,163 км, ВЛ-04 кВ-29,591 км электр желісі, 6 дана КТПН 250 кВА трансформатор қондырғысы және 1 дана КТПН 160 кВА қондырғысын орнату қаралған. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға берілді.

2. «Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» (жол салу) құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Жоба құны 472,952 млн.теңге. Нысан өтпелі тапсыру мерзімі 2018 жыл.

Жобада 28,016 шақырым қиыршық тасты жол қаралған.

3. Осы жобаның электрмен жабдықтау құрылысына республикалық бюджеттен 104,632 теңге, облыстық бюджеттен 10,463 млн.теңге қаржы бөлінді. Жоба құны 195,126 млн.теңге.

Жобада ВЛ-10 кВ-4,263 км, КЛ-10 кВ-0,195 км, ВЛ-04 кВ-29,591 км, КЛ-04 кВ-0,661км, 5 дана КТПН 630 кВА трансформатор қондырғысы және 1 дана ТП 160 кВА қондырғысын КТПН 250 кВА қондырғысына, 1 дана КТПН 250 кВА қондырғысын КТПН 400 кВА қондырғысына ауыстыру жұмыстары қаралған. 907 тұрғын үй электр жарығымен қамтылады.

4. Әйтеке би кентінен алты 18 пәтерлі арендалық тұрғын үйді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жылу, ауыз су, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10,0 млн.теңге қаржы бөлінді.  Жоба құны 253,795 млн. теңге.

Жобада ВЛ-10 кВ-0,342км, ВЛ-04 кВ-0,330км, КЛ-04 кВ-0,375км электр желісі, жылумен жабдықтау-0,424 км, сумен жабдықтау-0,757 км, кәріз жүйесі-4,473 км (2 желі), телекомуникация-2,045 км, газбен жабдықтау-0,524 км желісі қаралған. Нысан іске асқан жағдайда 18 пәтерлі 6 тұрғын үй яғни 108 пәтер инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылатын болады.

Жоғарыда аталған жобалардың  құрылысына 2017 жылдың 06 наурыз күні мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекетік сатып алу электронды конкурстары  жарияланып, 2017 жылдың 28 наурыз күні ашылды. Әр конкурсқа 5 әлеуетті өнім берушіден барлығы 15 әлеуетті өнім берушілер қатысты. Мемлекеттік сатып алу электронды конкурсының алдын ала рұқсат беру рәсімі аяқталып, 31 мамыр күні қорытынды хаттамасы шықты. Конкурс хаттамасына сәйкес аталған үш нысан бойынша 1 әлеуетті өнім беруші жібергендіктен конкурс өтпеді деп танылды. Бүгінгі күнге «Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» (жол салу) құрылысы және осы жобаның электрмен жабдықтау құрылысы бойынша конкурстық комиссияның конкурсты қайта өткізу туралы шешімі қабылдынып, үстіміздегі жылдың 14 маусымында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жарияланды, бүгінде конкурстық процедуралары жүруде.

Ал Әйтеке би кентінен алты 18 пәтерлі арендалық тұрғын үйді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жылу, ауыз су, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) құрылысы бойынша конкурстық комиссия бір көзден алу тәсілімен шешім қабылдап, жіберілген 1 әлеуетті өнім беруші «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативімен келісім шартқа отырып, құрылысы басталды.

Сонымен қатар аудандық бюджеттен Қазалы қаласында жүгіру жолдары бар футбол алаңы мен 300 орындық трибуна құрылысына 48795,4 мың теңге қаржы, Қазалы ауданы Абай, Шәкен елді мекендерінде мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысына 23516,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, конкурстық процедуралары жүруде.

Сондай-ақ жаңадан ашылатын тұрғын аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласынан көлемі 261 гектар, Әйтеке би кентінен көлемі 446 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу, ауыз сумен, электрмен, газбен жабдықтау)» жобаларын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюдеттен 97,063 млн.теңгеқаржы бөлінді. Қаржыларын игеру үстіміздегі жылдың шілді, тамыз айлары.

Атап айтқанда:

Қазалы қаласы бойынша 81 гектар жер учаскесіне жолдар салу, электрмен, ауыз сумен, гзбен жабдықтау жобасына және  180 гектар жер учаскесі бойынша газбен жабдықтау жобасына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 42,7 млн.теңге қаржы бөлініп, оның ішінде 81 гектар жер учаскелерінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамту жобасының жолдар салу, ауыз сумен қамту жобасын жобалаушы мекеме «Сарытөбе» ЖШС-і, осы жобаның электрмен,газбен жабдықтау жобаларын «Сыр жоба» ЖШС-і жеңімпаз атанып, келісім-шарт жұмыстары жүруде. Ал 180 гектар жер учаскесі бойынша газбен жабдықтау жобасына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жариялауға берілді.

Сондай-ақ Әйтеке би кентінен 210 және 56 гектар жер учаскелері бойынша ауыз сумен, гзбен жабдықтау жобасына және  180 гектар жер учаскесі бойынша газбен жабдықтау жобасына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 54,3 млн.теңге қаржы бөлінді.

Бүгінгі күнге «Әйтеке би кентіндегі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамту (ауыз сумен, газбен жабдықтау)» жобаларының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жобасы бойынша жобалаушы мекеме «КБ МұнайГаз инжиниринг» ЖШС-і, 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамту (ауыз сумен) жобасы бойынша «Сарытөбе» ЖШС-і, осы жобаның газбен жабдықтау жобасы бойынша «Сыр жоба» ЖШС-і және 180 гектар жер учаскесі бойынша газбен жабдықтау жобасына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге жобалаушы мекеме «КАТЭК» ЖШС-і арқылы жобалар әзірленуде.



Аудандық құрылыс бөлімі бойынша 2017 жылға жоспарланған жұмыстардың I-тоқсанда атқарылуы туралы анықтама

Қазалы ауданы бойынша құрылыс нысандарын салуға 2017 жылы барлығы 6387,772 млн. теңге қаржы бөлініп, 13 нысанның құрылысы жүргізілетін болады. Оның ішінде білім саласы бойынша 5 мектептің құрылысын жалғастыруға және 1 мектептің құрылысын бастауға, денсаулық саласы бойынша 150 төсектік  орталық аудандық аурухана құрылысын жалғастыруға, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратының құрылысын жалғастыруға, Әйтеке би кентінен 4 нысанды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысы.

Атап айтқанда:

Білім саласы бойынша апаттық жағдайдағы 5 мектептің құрылысы жалғасын тауып және 1 мектепке қосымша құрылыстар салуға облыстық бюджеттен 2017 жылғы 2127,540 млн.теңге бөлінді. Атап айтқанда:

1. Майдакөл ауылындағы 200 орындық №98 мектеп құрылысына 255,9 млн. теңге .

2. Лақалы ауылынан 100 орындық мектеп құрылысына 243,6 млн. теңге.

3. Шилі ауылынан 20 орындық балабақшасы бар 50 орындық №259 мектеп құрылысына 305,2 млн. теңге.

4. Бірлік ауылындағы 140 орындық №102 мектеп құрылысына 492,2 млн. теңге. Жобалаушы «Сартөбе» ЖШС-гі. Бас мердігер «Аман-құрылыс» ЖШС-гі. Келісім-шарт сомасы 504,437 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі: 2017 ж.

5. Шәкен ауылынан салынатын 100 орындық  мектеп-интернат ғимаратының құрылысына 636,7 млн. теңге.

6. Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыстар салуға 190,0 млн.теңге бөлінді. Жоба құны 193,940 млн.теңге.

Спорт саласы бойынша Жанқожа батыр ауылынан салынатын спорт кешенінің құрылысына 50,0 млн.теңге. Жоба құны 194,807 млн.теңге.

Мемлекеттік мекемелер бойынша: Әйтеке би кентінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратының құрылысы жалғасын тауып, 2017 жылға 185,6 млн.теңге қаржы бөлінді. Жалпы сметалық құны 197,627 млн. теңге.

Денсаулық саласы бойынша Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысына 3620,0 млн. теңге.

Аталған нысандардың тапсырысшысы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саласы бойынша 4 нысанға 2017 жылға барлығы 404,632 млн.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:

1. Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау құрылысы жалғасын тауып, 100,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Пайдалануға беру мерзімі 2017 жылдың 10 шілде.

2. Әйтеке би кентінен көлемі 210 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» (жол салу) жобасы құрылысына 100,0 млн.теңге, Жоба құны 472,952 млн.теңге.

3. Осы жобаның электрмен жабдықтау құрылысына 104,632 млн.теңге қаржы бөлінді. Жоба құны 195,126 млн.теңге.

4. Әйтеке би кентінен алты 18 пәтерлі арендалық тұрғын үйді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жылу, ауыз су, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) құрылысын бастауға 100,0 млн.теңге қаржы бөлінді.  Жоба құны 253,795 млн. теңге.

Сонымен қатар жаңадан ашылатын тұрғын аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласынан көлемі 261 гектар, Әйтеке би кентінен көлемі 446 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (жолдар салу, ауыз сумен, электрмен, газбен жабдықтау)» жобаларын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюдеттен 97,063 млн.теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге аталған нысандар бойынша конкурстық процедуралар жүруде.

Сондай-ақ 2016 жылы Қазалы ауданының 6 елді мекенінен мал тоғыту ваннасының құрылысы, Әйтеке би-Басықара автожолы бағытындағы көлемі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (кірме жол, электрмен жабдықтау) құрылысы, Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау құрылысы, Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы 2-кезегі, Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы 3-кезегі, Қазалы қаласындағы жаңа тұрғын үй кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы жұмысына 485,114 млн.теңге қаржы бөлініп, инженерлік инфрақұрылым жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Жоғарыда алаған нысандарды тиісті мекемелердің теңгеріміне беру мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі мен мен техникалық паспортын рәсімдеу үшін және осы жобаларды Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуден өткізуге барлығы 18,777 млн.теңге қаржы бөлініп, 15,0 млн.теңгесі игерілді. Бөлінген қаржыға Қазалы ауданының 6 елді мекенінен мал тоғыту ваннасының құрылысы, Әйтеке би-Басықара автожолы бағытындағы көлемі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (кірме жол, электрмен жабдықтау) құрылысы, Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау құрылысы, Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы 2-кезегі, Әйтеке би кентінің жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы 3-кезегі, Қазалы қаласындағы жаңа тұрғын үй кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы нысанының тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі әзірленді.


Кіру