ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Жер қатынастары

Қызылорда облысы Қазалы ауданының жер қатынастары саласы бойынша  атқарылған  шаралар туралы


Қазалы ауданының 2016 жылғы 1 қарашадағы жылдық жер есебі бойынша аудан территориясы  3 759 706 гектар жерді құрайды, оның ішінде санаттар байынша ауыл шаруашылық жері 235337 гектар, елді- мекен жерлері 100 759  гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлері  4050 гектар, орман қорының жерлері 1 785 580 гектар, су қорының жерлері 13043 гектар, мемлекеттік жер қоры 1 519 101 гектар, басқа мемлекеттің пайдалануындағы жер қоры  101 836 гектар құрайды.

Аудандағы жер қорын нысаналы мақсатына қарай бөлетін болсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 235337 гектар, оның ішінде шаруашылық субектілері бойынша 354 шаруа қожалықтың жерлері   129526,45 гектар, яғни 55,0 пайызды құрайды.

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жер қатынастары саласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу, халыққа қызмет көрсету мақсатындағы жаңадан салынатын мектеп, балабақша, денсаулық сақтау әлеуметтік обьектілердің жер учаскелеріне жерге орналастыру жұмыстары ұдайы бақылауға алынып құжаттары уақытылы дайындалды.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу туралы.

Ұлт жоспары – «Бес институтционалдық  реформаны іске асыру» бойынша 100 нақты қадамның 35-36 қадамдары бойынша көзделген жер қатынастары саласы бойынша ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, барлық пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға тарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

          2017 жылдың 1-тоқсанға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған 7 жеке және заңды тұлғалардан көлемі 932 гектар жерлері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

2017 жылға Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен ауылшаруашылығы жерлерін айналымға қосуға 12 000 гектар бекітіліп, 6 жеке және заңды тұлғаларға көлемі 2300 гектар жер учаскесі рәсімделді.

          ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес қала, кент, және ауылдық округтер бойынша аукцион, конкурстар арқылы сатуға жататын жер учаскелерінің тізбесі жасақталып, 2 рет аукцион өткізілді, аукцион өткізу жұмыстары бөлімде тұрақты тәжірибеге енгізілген.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

 2017 жылдың 3 айы бойынша  «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»мемлекеттік көрсетілетін қызмет 131 болса, оның  басым бөлігі ХҚКО арқылы 122-і көрсетілді, қалған 9-ы кеңсе арқылы көрсетілді.

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық

(бағалау) құнын бекіту мемлекеттік көрсетілетін қызмет ХҚКО арқылы  17-і көрсетілді.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінен 2-уі көрсетілді.

         Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдерін сақтау бойынша ақпарат «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдістемесінің 7-қосымшасына сәйкес  ай сайын ұсынылып отыр.

Мемлекеттік орган мен ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер мерзімдерінің бұзылуы болған жоқ.

 «Аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі көпшілікке көрінетін, жарық жерге ілінген.

Кіру