ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Инфрақұрылым Cәулет-құрылыс бақылау

Cәулет-құрылыс бақылау

Қазалы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2017 жылдың 6-айында атқарған жұмыстары туралы

 

          Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Жер кодексін және де басқа заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, өз құзіретінде жұмысын атқаруда.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі аудан бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеп, есебін жүргізуде. Осыған сәйкес ай сайын тиісті статистикалық есептіліктерін тапсырып тұр. Үстіміздегі жылдың 6 айында меншік иелерімен өз бетiнше 88 жеке тұрғын үй жалпы алаңы 12342,7 ш/м қабылданды, 2016 жылымен (88 үй, алаңы 12057,8 ш/м) салыстырғанда жеке тұрғын үйлер құрылысы 102,4% пайызға орындалып тұр. Сонымен қатар, объектілерді пайдалануға қабылдау актілерімен 11 құрылыс нысандары қабылданды – 200, 140, 100 орындық, 20 орынды балабақшасымен 50 орындық мектептер, «Бордақылау алаңы», «Шымкент-Қандыағаш» магистралдық талшықты оптикалық байланыс желісі, тойхана, кафе, антенна мұнарасы құрылыстары, автомобиль жолдарын жөндеу, жаңа тұрғын кварталдарының көшелерін электрмен жабдықтау жұмыстары.

Үстіміздегі жылы аудан әкімі жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесінің 2 рет отырысы өтіп, онда әртүрлі өзекті мәселелер талқыланды,      

Басықара бабаның 260 жылдық мерейтойына байланысты Басықара аулының, Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың 100 жылдық мерейтойына байланысты Үрмәш Түктібаев аулының абаттандыру жұмыстарының, Әйтеке би кентіндегі Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №114 «Г» учаскесінде салынатын «Кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын ғимараты», Әйтеке би көшесі, орталық базарға кіре берісінен орналастыратын «Сауда дүнгіршегі» құрылыстарының, Әйтеке би көшесі №66 учаскесіндегі «Кафе» ғимаратының жанындағы жер учаскесінің абаттандыру нобайлық жобалары, т.б. жаңа құрылыстар қаралды.

Сәулет-қала құрылысы Кеңесінің шешімдерін орындалуға, құрылыстардың мақұлданған эскиздік жобаларға сәйкес болуына бөлім тарапынан бақылау жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

          Бөлім тарапынан аудан бойынша көркейту-абаттандыру жұмыстарына сметалық құнын есептеліп, нобайлық жобалары әзірленуде.

          Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Әйтеке би кентінің солтүстік беткейінен кәсіпкерлік мақсатындағы көлемі 57 гектар жаңа аумақтың құрылыс салу жобасы әзірленді. Жоба бойынша қонақ, сауда үйлері, дәмхана, ашық базарлар, монша, жанар-жағармай бекеттері, автокөліктерге қызмет көрсету орталықтары, қоймалар нысандары орналасады.          

          Сонымен қоса, Қазалы қаласы, Басықара, Үрмәш Түктібаев, Ақтан батыр ауылдарының абаттандыру мақсатында нобайлық жобалары жасалды. Жобаларда жаңа орталық алаңдары, жастар саябақтары, спорт және балалар ойын алаңдары қарастырылған және де мерекелік іс-шаралардың орналасу сызбалары жасалып тұр.

          «Қызылқұм» шекара заставасына Жанқожа батыр есімі берілуіне байланысты абаттандыру жұмыстарына нобайлық жобасы әзірленді. Жоба бойынша саптық алаң (плац) брусчаткіленді, керамогранит тақтайшаларымен қапталған бетонды іргетасына мәрмәр тастан (мрамордан) батырға ескерткіш тақтасы орнатылды, алаңша темір шынжыр тізбегімен қоршалды.

          Қазіргі уақытта бөлім тарапынан бекітілген стандарпен регламеттерге сәйкес мемлекеттік қызметтің төрт түрі көрсетілуде: жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөніндегі анықтамалары, сәулет-жоспарлау тапсырмалары, «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімдері Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілсе, «эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» туралы өтініштер тікелей бөлімде қабылдануда.

          2017 жылдың 6 айында тұрғын үйдің, нысандардың, жер учаскелерінің реттік нөмірін анықтауға, мекен-жай анықтамаларын алуға 256 өтініш түсті. Осыған орай жер учаскелерінің басына барып, зерттеліп, реттік нөмірлері анықталып, барлық өтініштер бойынша тиісті бұйрықтары әзірленді.

          Сонымен қатар, үстіміздегі жылы 2 жаңадан салынатын құрылыс нысандарына, техникалық шарттарымен сәулет-жоспарлау тапсырмалары берілді. Атап айтқанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры құрылысы» және жеке кәсіпкер С.Кукелекованың «Жеңіл көлік жөндеу қызметін көрсету ғимараты».

           Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын қайта жабдықтауға 6 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.

           Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығы бойынша тұрғын үй құрылысы жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай, үстіміздегі жылдың 6 айында               152 нобайлық жобаларға келісімі берілді.

           Халыққа қызмет көрсету орталығынымен бірлесіп бөлімде көрсетілетін 3 мемлекеттік қызметтер бойынша әдістемелік кеңес беру кестесі бекітілді, осы жоспар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында 3 оқу-семинары өткізілді. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттері көрсетілген ақпараттық тақтасы ілініп, арыз шағым жәшігі орнатылған.

Қазалы ауданы бойынша қала құрылыстық регламенттер талаптарының сақталуын - қызыл сызықты, сәулеттік келбетін бұзу, рұқсатсыз құрылыстар салу, жер телімдерін рұқсатсыз пайдалану және тағы басқа да заң бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, ауылдық округ әкімі аппараты, жер қатынастары бөлімімен бірлесіп елді мекендерде тексеру рейдтері жүргізілуде.

Әйтеке би кенті бойынша рұқсат құжаттары рәсімделмеген объектілер кездесуде. Рұқсатсыз тұрғын үй құрылысын салып жатқан        8 азаматқа жазбаша ескертулер берілді. Сонымен қатар, Әйтеке би кентінде қызыл сызықтан шығып мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алған 14 азаматтар анықталды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 145 бабы бойынша анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен қарауға Әйтеке би кенті әкімі аппаратына тізімдері жолданды.

          Аудан әкімі жанындағы Тұрақты кеңесінің тапсырмасына сәйкес бөлім тарапынан Әйтеке би кентінде орналасқан ғимараттардың түнгі жарық шамдармен қамтамасыз ету жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізіліп тұр. Кенттегі мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын түнгі жарық шамдармен, прожекторлармен жарықтандыру сызбалары, қаржының көлемі есептеліп, таратылып берілді. Нәтижесінде көптеген мекемелерде түнгі жарық орнатылды. Алайда бұл жұмыстар былтырдан бері жүргізіліп жатса да, өз дәрежесіне жеткен жоқ. Түнгі жарықпен мүлдем қамтамасыз етілмеген 26 кәсіпкерлік ғимараттар анықталды. Осыған байланысты аталған кәсіпкерлік нысандарының иелеріне тиісті ұсыныс хаттар таратылды. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер тарапынан түнгі жарықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде, дегенмен әліде болса өз деңгейінде емес.

          Аудан әкімінің 2016 жылғы 14 қазандағы №335 өкіміне сәйкес кресло–арбамен жүретін мүгедектердің әлеуметтік обьектілеріне кедергісіз кіріп шығуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 183 мекеменің (36-білім, 37-денсаулық сақтау,                             110-әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт объектілері) ғимараттарының пандустарының құрылыс нормативтеріне сәйкестігі тексерілді.                            181 ғимаратқа бейімдеу жұмыстары жоспарланған болса, бүгінгі күнге 126 мекеме бейімдеуден өткізілген, үстіміздегі жылы 25 мекемеге бейімдеу жұмыстары жүргізіледі деп межеленуде.

          Қазіргі таңда, осы жұмыстардың негізгі бағыты алдымен стандартқа сәйкес пандустар болуына, көп қабатты нысандарға ең болмағанда бірінші қабатына кіруіне және де мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар бірінші қабатында осы азаматтарды қабылдауға, мемлекеттік қызмет көрсетуге арнайы бөлмелермен қамтамасыз етілуіне жұмыстарын жүргізуде.    Сонымен қатар, жаңа құрылыс объектілеріннің мүгедектерге кіреберістер жолдары, автотұрақта арнайы орын, ғимараттарда пандустар, кресло-арбасы өтетін құрылғылар орнатуға талаптар қойылуда.



Қазалы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің

2017 жылдың 3-айында атқарған жұмыстары туралы.

 

          Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Жер кодексін және де басқа заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, өз құзіретінде жұмысын атқаруда.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы №1278 қаулысына сәйкес меншік иелері жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға өз бетiнше қабылдап, қабылдау актілерін аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне тіркеуде. Бөлімде аудан бойынша жаңадан қабылданған жеке тұрғын үйлердің тізімі жүргізіліп, ай сайынғы статистикалық есептілігі тапсырылып тұр. Үстіміздегі жылдың 3 айында аудан бойынша 40 жеке тұрғын үй жалпы алаңы 5686,8 ш/м қабылданды, 2016 жылымен (40 үй, алаңы 5565,4 ш/м) салыстырғанда жеке тұрғын үйлер құрылысы 102,2% пайызға орындалып тұр.

          Бөлім тарапынан аудан бойынша көркейту-абаттандыру жұмыстарына сметалық құнын есептеліп, нобайлық жобалары әзірленуде.

          Әйтеке би кентінің 210 гектар көлеміндегі түбегейлі-жоспарлау жобасы бойынша жаңа аумағының, Қазалы қаласы, Ақтан батыр ауылын абаттандыру мақсатында нобайлық жобалары әзірленді. Жобада кәсіпкерлік нысандар, жаңа орталық алаңдары, жастар саябақтары, спорт және балалар ойын алаңдары қарастырылған.     

           Қазіргі уақытта бөлім тарапынан мемлекеттік қызметтің төрт түрі көрсетілуде: жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын анықтау жөніндегі анықтамалары, сәулет-жоспарлау тапсырмалары, «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешімдері Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілсе, «эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» туралы өтініштер тікелей бөлімде қабылдануда.

          2017 жылдың 1 тоқсанында тұрғын үйдің, нысандардың, жер учаскелерінің реттік нөмірін анықтауға, мекен-жай анықтамаларын алуға 105 өтініш түсті. Осыған орай жер учаскелерінің басына барып, зерттеліп, реттік нөмірлері анықталып, барлық өтініштер бойынша тиісті бұйрықтары әзірленді.

          Үстіміздегі жылы жаңадан салынатын құрылыс нысандарына сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру туралы өтінішітер түскен жоқ.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы   30 қарашадағы №750 бұйрығы бойынша тұрғын үй құрылысы жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай үстіміздегі жылдың 3 айында                   43 нобайлық жобаларға келісімі берілді.

           Халыққа қызмет көрсету орталығынымен бірлесіп бөлімде көрсетілетін 3 мемлекеттік қызметтер бойынша әдістемелік кеңес беру кестесі бекітілді, осы жоспар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында 2 оқу-семинары өткізілді. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттері көрсетілген ақпараттық тақтасы ілініп, арыз шағым жәшігі орнатылған.

 Қазалы ауданы бойынша қала құрылыстық регламенттер талаптарының сақталуын - қызыл сызықты, сәулеттік келбетін бұзу, рұқсатсыз құрылыстар салу, жер телімдерін рұқсатсыз пайдалану және тағы басқа да заң бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, ауылдық округ әкімі аппараты, жер қатынастары бөлімімен бірлесіп елді мекендерде тексеру рейдтері жүргізілуде.

          Әйтеке би кенті бойынша рұқсат құжаттары рәсімделмеген объектілер кездесуде. Рұқсатсыз тұрғын үй құрылысын салып жатқан        7 азаматқа жазбаша ескертулер берілді.

          Аудан әкімі жанындағы Тұрақты кеңесінің тапсырмасына сәйкес бөлім тарапынан Әйтеке би кентінде орналасқан ғимараттардың түнгі жарық шамдармен қамтамасыз ету жағдайына тексерулер жүргізіліп тұр. Түнгі жарықпен өз денгейінде және де мүлдем қамтамасыз етілмеген мекеме басшылары, коммерциялық нысандардың иелері ескертіліп, ғимараттардың түнгі жарықтандыру жобалары әзірленіп берілді.




Кіру