ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика

Қаржы

2018 жылдың II тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Кірістер

      2018 жылдың 1 шілдеге  аудан  бюджетінің  нақтыланған  түсімдер болжамы 7268758,6 мың теңге болса,  нақты 7452151,2 мың  теңгеге немесе 102,5  пайызға орындалып,  оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 598111,5  мың теңге 740856,7  мың  теңгеге  немесе 123,9 пайызға орындалды.

     Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 6488547,1 мың теңге осы күнге  (100,0 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде  субвенция –5460866,0 мың теңге (100,0 пайыз),  ағымдағы  нысаналы трансферттер 421394,9 мың  теңге  (100,0 пайыз), ағымдағы кезеңде нысаналы даму трансферттері 606286,2 мың теңгеге өтелді.

Шығындар

      Аудан бойынша 2018 жылдың 1 шілдеге шығындар жоспары 7382041,6 мың теңге болса, нақты 7375872,5 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалып, 6169,1 мың теңге қаражат қалдықта тұр.

      Оның ішінде: республикалық бюджеттен 407,2 мың теңге (99,9 пайыз), облыстық бюджеттен 301,6 мың теңге (99,9 пайыз), жергілікті бюджеттен 5 460,3 мың теңге (99,9 пайыз), атап айтқанда,

Аудандық білім бөлімінен 202,6 мың теңге (99,9 пайыз),

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен 2756,0 мың теңге (99,5 пайыз),

Әйтеке би кенті әкімінің аппаратынан 540,3 мың теңге (99,9 пайыз),

Ақжона ауылдық округінен 286,1 мың теңге (97,7 пайыз),

Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен 217,8 мың теңге (99,9 пайыз),

Аудандық жұмыспен қамту орталағынан 372,5 мың теңге (99,9 пайыз).

Қаражаттардың игерілмеуінің  негізгі себептері – мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаздың анықталмауынан, мемлекеттік сатып алу конкурсынан және әр түрлі бағдарлама ерекшеліктерінен  үнемделген қаржылар.

      Алдағы уақытта мекемелердің қаржылық жеке жоспарындағы қаражатты толығымен игеруде сапалы жұмыс жүргізу күнделікті бақылауға алынып,  бағдарлама әкімшілерімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.   

2018 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар


Аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Кірістер

      2018 жылдың 1 сәуіріне  аудан  бюджетінің  нақтыланған  түсімдер болжамы 2 761 959,0 мың теңге болса,  нақты 2 761 959,0 мың  теңгеге немесе 106,6  пайызға орындалып,  оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 246 286,0  мың теңге 408 271,9  мың  теңгеге  немесе 165,8 пайызға орындалды.

     Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 2 515 673,0 мың теңге осы күнге  (100,0 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде  субвенция –2 421 179,0 мың теңге (100,0 пайыз),  ағымдағы  нысаналы трансферттер 94 494,0 мың  теңге  (100,0 пайыз), ағымдағы кезеңде нысаналы даму трансферттері болжанбаған, бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша есепті кезеңге болжанбаған болса да, нақты 19 680,2 мың теңгеге өтелді.

Шығындар

      Аудан бойынша 2018 жылдың 1 сәуіріне шығындар жоспары 2 763 865,0 мың теңге болса, нақты 2 754 341,6 мың теңгеге немесе 99,7 пайызға орындалып, 9 523,4 мың теңге қаражат қалдықта тұр.

      Оның ішінде: республикалық бюджеттен 258,7 мың теңге (99,7 пайыз), облыстық бюджеттен 3 436,9 мың теңге (79,6 пайыз), жергілікті бюджеттен 5 827,6 мың теңге (99,8 пайыз), атап айтқанда,

Аудандық білім бөлімінен 6 000,7 мың теңге (99,6 пайыз),

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен 1031,4 мың теңге (91,5 пайыз),

Әйтеке би кенті әкімінің аппаратынан 550,9 мың теңге (91,5 пайыз),

Алға ауылдық округінен 300,1 мың теңге (98,0 пайыз),

Қаражаттардың игерілмеуінің  негізгі себептері – мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаздың анықталмауынан, мемлекеттік сатып алу конкурсынан және әр түрлі бағдарлама ерекшеліктерінен  үнемделген қаржылар.

      Алдағы уақытта мекемелердің қаржылық жеке жоспарындағы қаражатты толығымен игеруде сапалы жұмыс жүргізу күнделікті бақылауға алынып,  бағдарлама әкімшілерімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.   


2017 жыл бойынша атқарылған жұмыстар


 

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Кірістер

2018 жылдың 1 қаңтарына  аудан  бюджетінің  нақтыланған  түсімдер болжамы                    13 270 184,1 мың теңге болса,  нақты 13 319 703,4 мың  теңгеге немесе 100,4  пайызға орындалып,  оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 1 250 274,0  мың теңге  1 288 145,3  мың  теңгеге  немесе  37 871,2 мың теңгеге артық болып, 103,0 пайызға орындалды.

Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 11 627 798,1 мың теңге осы күнге (100 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде субвенция-9 859 974,0 мың теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер 980 270,1 мың теңге (100 пайыз), дамуға арналған нысаналы трансферттер  787 554,0  мың теңге(100 пайыз), бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша 68 780,0 мың теңге 80 428,1 мың теңгеге (116 пайыз) өтелді.

 Шығындар

            Аудан бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына  шығындар  жоспары 13 457 046,2 мың теңге болса, нақты 13 329 985,2  мың  теңгеге  немесе  99,1  пайызға орындалып,  127061,0 мың теңге   қаражат қалдықта тұр.

Оның ішінде: республикалық бюджеттен  538,5 мың теңге (99,9 пайыз), облыстық бюджеттен 30359,3 мың теңге (97,7 пайыз), жергілікті бюджеттен 96163,2   мың теңге (99,2 пайыз),  атап айтқанда:

Аудандық құрылыс  бөлімінен 16443,8 мың теңге (97,5 пайыз)

            Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 4134,4 мың теңге (99,5 пайыз)

            Аудандық білім бөлімінен 67809,0 мың теңге (99,0 пайыз)

Әйтеке би кенті әкімінің аппаратынан 11474,5 мың теңге (98,8 пайыз)

          Қаражаттардың игерілмеуінің  негізгі себептерімемлекеттік сатып алу конкурсынан және әр түрлі бағдарлама ерекшеліктерінен  үнемделген қаржылар.

         Жалпы бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша 2017 жылға қабылданған міндеттемелер толығымен орындалды.   





2017 жылдың II тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Кірістер

      2017 жылдың 1 шілдесіне  аудан  бюджетінің  нақтыланған  түсімдер болжамы 6 707 698,0 мың теңге болса,  нақты 6 854 995,5 мың  теңгеге немесе 102,2  пайызға орындалып,  оның ішінде өз кірістеріміз бойынша болжамы 575 144,0  мың теңге 682 012,5  мың  теңгеге  немесе 118,6 пайызға орындалды.

     Есепті кезеңде республикалық және облыстық бюджеттерден 5 877 292,0 мың теңге осы күнге  (100,0 пайыз) трансферттер алынды, оның ішінде  субвенция –5 278 575,0 мың теңге (100,0 пайыз),  ағымдағы  нысаналы трансферттер 182 362,0 мың  теңге  (100,0 пайыз), дамуға  арналған  нысаналы трансферттер 416 355,0 мың теңге (100 пайыз), бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша есепті кезеңге болжанбаған болса да, нақты 40 429,0 мың теңгеге өтелді.

Шығындар

      Аудан бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне шығындар жоспары 6 841 351,8 мың теңге болса, нақты 6 516 289,3 мың теңгеге немесе 95,2 пайызға орындалып, 325 062,5 мың теңге қаражат қалдықта тұр.

      Оның ішінде: республикалық бюджеттен 305 573,9 мың теңге (56,8 пайыз), облыстық бюджеттен 11 242,1 мың теңге (92,4 пайыз), жергілікті бюджеттен 8 246,5 мың теңге (99,9 пайыз), атап айтқанда,

Аудандық құрылыс бөлімінен 304 777,4 мың теңге (31,5 пайыз),

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 13 572,2 мың теңге (83,6 пайыз),

Алға ауылдық округінен 2 175,2 мың теңге (94,7 пайыз),

Қаражаттардың игерілмеуінің  негізгі себептері – мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаздың анықталмауынан, мемлекеттік сатып алу конкурсынан және әр түрлі бағдарлама ерекшеліктерінен  үнемделген қаржылар.

      Алдағы уақытта мекемелердің қаржылық жеке жоспарындағы қаражатты толығымен игеруде сапалы жұмыс жүргізу күнделікті бақылауға алынып,  бағдарлама әкімшілерімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.   

 Мемлекеттік сатып алу  туралы

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңының  талаптарына сәйкес Қазалы ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар (92 мемлекеттік заңды тұлға) 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын бекітіп, мемлекеттік сатып алудың веб-порталына бекітілген жылдық жоспарларын толықтай орналастырды. Заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулары порталға ай сайын 1 реттен енгізіліп келеді. 

            Аудандық қаржы бөлімі тарапынан бюджетті сапалы, уақытылы игеру мақсатында мемлекеттік сатып алуға байланысты, оның ішінде, конкурстық тәртіптердің орындалуына және мерзімінен кешікпей өткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізіліп келеді. 

 Ауданның коммуналдық меншігі туралы

Аудан бойынша барлығы 135 заңды тұлғалар жұмыс жасауда оның ішінде 85 мемлекеттік мекеме, 46 мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, 3 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.

ҚР Премьер-Министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №64-Ө өкімімен бекітілген «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы біріңғай оператор яғни «Ақпараттық есептеу орталығы» акционерлік қоғамы мемлекеттік мүліктің деректеріне қол жеткізуді ұсыну оның деректерін коммуналдық меншіктегі объектілері бойынша қамтамасыз ету үшін келісім-шарт жасалды. 

            Осыған сәйкес аудан көлемінде орналасқан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламасын пайдалана отырып, ГосРеестр сайтына енгізу үшін «Ақпараттық есептеу орталығы» акционерлік қоғамына электронды түрде тоқсандық есептіліктерін тапсырып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» №212 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 679 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес, жыл басынан бері өз өтініштеріне сәйкес 13 жеке және 2 заңды тұлғалармен жалға беру туралы келісім шартқа отыру арқылы (буфет, асхана)  мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі ғимараттарынан жекелеген бөлмелері кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға беріліп, нәтижесінде жергілікті бюджетке      499,5 мың теңге түскен.





Кіру

×