ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Экономика Индустриялды-инновациялық даму

Индустриялды-инновациялық даму

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы туралы

 Қазалы ауданында бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне                             2010-2014 жылдары жалпы құны 4176,44 млн.теңге құрайтын 21 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.

16 жоба толық іске қосылып, 204 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бағдарлама аясында іске қосылған жобалар:

1. «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы. Қазіргі таңда асыл тұқымды мал саны 1743 басты құрап отыр. Нақты кезеңде 566 сауынды сиырдан күніне орташа есеппен 28 литрден сүт сауылуда. Германия және Италия мемлекеттерінің жоғары технологиялық құрал жабдықтарымен жабдықталған зауытта 2,5%, 3,2%, 6,0% пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май өнімдері шығарылады. Жоба аясында 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы. Еуропа елдеріне өнімді экспорттау мақсатында «еврокод» алынып, Дания, Германия, Австрия және т.б. елдерге экспортталуда. Жоба аясында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

3. «Қазалы құрылыс» ЖШС-нің жалпы құны 120,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауыты» мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехын іске қосу» жобасы. Жоба бойынша сағатына 60 тонна өнім шығаратын асфальт зауыты мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын 2 шағын цех пайдалануға беріліп, 5 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

4. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының жалпы құны 120,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобасы. Дайындалған бұйымдар стандарттарға сәйкес дайындалып, республика аумағында пайдалануда. Полигонда айына 20-30 түрлі темір-бетон блоктар, плиталар өндіріледі. Жоба аясында 12 жаңа жұмыс орны ашылды.

5. «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің жалпы құны 41,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауытын іске қосу» жобасы. Тәулігіне 200 тонна асфальт өндіретін зауыт әкелініп, іске қосылды.  6 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

6. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының  құны 30,0 млн теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдары цехын кеңейту» жобасы. Мұнда электр бағаналарын дайындау цехының қондырғылары әкелініп, сұранысқа сәйкес өнімдер шығарылуда. 3 жаңа жұмыс орны ашылды.

7. «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы». 3,0 млн. теңге қаражатқа қондырғы әкелініп, балық өнімдерінен фарш өндірілуде. 2 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

8. «РЗА» АҚ-ның жалпы құны 20,9 млн. теңге құрайтын «Нан өнімдерін өндіру цехын кеңейту» жобасы. Жобаны іске асыру үшін «Цесна банк» арқылы несие қаражаты алынып, нан өнімдерін өндіретін «JafPartners» ЖШС-мен келісімшарт жасалынды. Еуропалық стандартты «Ревента» нан пісіру пешін орнатылып, іске қосылды. 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

9. Жеке кәсіпкер Л.Мырзағұлованың жалпы құны 66,0 млн. теңге құрайтын «Нан және кондитер өнімдерін өндіру цехын іске асыру» жобасы. Нан және кондитер өнімдерін шығару ғимараттарының құрылысы салынып, 10 адам жұмыспен қамтылды.

10. Жеке кәсіпкер Б.Әбдреймованың жалпы құны 70,0 млн. теңге құрайтын              «Тәулігіне 5 тонна нан өнімдерін дайындау зауыты мен 200 тонналық ұн сақтау қоймасын жасақтау жобасы». Жоба бойынша 10 адам жұмыспен қамтылды.

11. Жеке кәсіпкер К.Абдраманованың жалпы құны 5,2 млн. теңге болатын «Ағаш өңдеу цехын кеңейту жобасы». Қажетті құрал-жабдықтар алынып, 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

12. Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің жалпы құны 65,0 млн. теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу цехын іске асыру жобасы».  Балық өңдеу, сақтау ғимараттарының құрылысы салынып, 5 адам жұмыспен қамтылды.

13. Жеке кәсіпкер Б.Бердымұратовтың жалпы құны 45,0 млн.теңге құрайтын «Полипропиленді қапқа флексобаспа жасау және ламинаттау цехын кеңейту жобасы». Цех ғимаратының құрылысы салынып, тиісті қондырғылары әкелінді. 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

14. Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжановтың жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын темірбетон бұйымдарын шығару жобасы. Жоба бойынша Әйтеке би кентінен ұйымдастырылып жатырған «Өндірістік аймақтан» 1 га жер учаскесін алып, цех құрылысы салынды. Маусымдық кезеңде 21 адам жұмыспен қамтылды.

15. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,6 млн. теңге құрайтын құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру жобасы. Жоба іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды.

16. Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 355,5 млн.теңге құрайтын                             «500 басқа арналған мал бордақылау кешенін салу» жобасы. Жоба  бойынша  16 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

2015 жылы жалпы құны жеке кәсіпкер Е.Урумбаевтың 11,0 млн.теңге құрайтын «Медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату бойынша қызмет көрсету» жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытынды алып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы қаржыландыру мәселесі шешілуде.  

Сонымен қатар, облыс әкімі жанындағы эксперттік комиссия қарауына жалпы құны 1271,0 млн.теңге құрайтын «Тұран-Қазалы ЖШС-нің «10 мың басқа арналған құс фермасының құрылысын салу» жобасының және «Ақарыс» ЖШС-нің «Ешкі және қой өсіру базасында, сүт және ет өндіру» жобаларының құжаттары ұсынылды. Аталған жобалар аясында 45 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Алдағы уақытта аталған бағдарлама аясында Қазалы ауданы бойынша «Асыл-Ғани» ЖШС-нің «Кірпіш шығару цехын кеңейту» жобасы мен «Сыр Маржаны» ЖШС «Кірпіш шығару» жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.

Кіру