ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Билік
Құқық
Экономика
Қоғам
Басты бет Экономика Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші

Қазалы ауданының 2018 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

 

Аудан бойынша 2018 жылдың 8 айында макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 8708 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,1 % - ды құрады.

Өнеркәсіптің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінде (81,6 %). 8 айдағы   өнім  7108 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем  индексі 100,9 %.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі 2814,2 млн. теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда   101,6 %-ды құрады (2017 жылдың 1 қыркүйегіне  2769,6 млн.теңге).

Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметіндегі салалар бойынша үлесі:

Өнеркәсіп 972,3 млн. теңге, үлесі 34,5%;

Ауыл шаруашылығы 218,6 млн. теңге, үлесі 7,8%;

Сауда 1210,1 млн. теңге, үлесі 43%;

Басқалары /қаржылық қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және коммуналдық қызмет/ 413,2 млн. теңге, үлесі 14,6%.

Субъектілер саны 4401 бірлікті құрап, 7,5 %-ға өсті (2017 жылдың                                 1 қыркүйегіне 4095 бірлік). Субъектілердің 266 заңды тұлғалар, 645 шаруа қожалықтары, 3490 жеке кәсіпкерлер.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 8827 адам болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55 бірлікке артты                (2017 жылдың 1 қыркүйегіне 8772 адам).

 

Бөлшек сауда көлемі 4871 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,2 %-ды құрады. (Бөлшек саудамен айналысып, есептілік тапсырып тұрған субъектілер:  «Медфарм», «Тамшы су», «Жарқынай и К», Ар-м-кон», «Нұр офис», «Мерей», «Еркебұланбек», «Айзерефарм», «Арнурфарм», «Тілеп», «Рза Мұнай-Газ- құрылыс», «Алтын дән» ЖШС-тері).  

Ауыл шаруашылығы саласында 8 айда  өндірілген өнім 4431,5 млн. теңге болып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,2%-ды құрады.

2018 жылдың 8 айында сауылған сиыр сүті 10192,6 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,9 пайыз, ет өндірісінің көлемі (сойыстық салмақпен) 1893,7 тонна болып, 104,4 пайызды құрады.

Есепті кезеңде алынған жұмыртқа 438,5 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7 пайызға орындалды.

2018 жылы барлығы 17 790 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары   орналастырылды, өткен жылмен салыстырғанда 435 гектарға артық           (2017 жылы 17355 га).

Оның ішінде дәнді дақылдар - 7477 гектар, негізгі дақыл күріш - 6800 гектар, мал азықтық дақылдары - 7410 гектар, картоп, көкөніс, бақша - 2262 гектар, майлы дақылдар - 641 гектар.

Үстіміздегі жылы өткен жылмен салыстырғанда мақсары - 111 гектарға, жаздық бидай - 155 гектарға, тары - 5 гектарға ұлғайтылса, арпа дақылы 103 гектар жерге орналастырылды.

Бұдан басқа ауданда тұңғыш рет «Рза-Агро» ЖШС-гі мал азықтық дақылдарын:  түйе жоңышқа 120 га, судан шөбі 50 га, сорго 50 га, соя дақылы 5 га жерге ексе, «Сыр маржаны» ЖШС-гі 20 гектар жерге картоп  екті.

Бүгінгі күнге жаздық бидай, арпа, мақсары  түгел жиналды. Егін жинау жұмыстары жалғастырылуда. Күріштің  1770 га (27,3 %) орылып, 1071  гектары (16,5 %) бастырылды.  Орта өнім гектарына 41,0  центнерді құрады.

Мал шаруашылығында қойдан басқа мал басында өсім бар.

Мал басы:

Ірі қара мал басы 37883 бас немесе 101,1 % (416  басқа көбейген);

Оның ішінде сиыр 14549 бас немесе 105,2 % (725 басқа көбейген);

Қой 62097 бас немесе 97,6 % (1517 басқа азайған);

Ешкі 49321 бас немесе 102,9 % (1375 басқа көбейген);

Түйе 9934 бас немесе 101 % (95 басқа көбейген);

Жылқы 27838 бас немесе 100,1 % (22 басқа көбейген);

Құс 6972 бас немесе 117,3 % (1029 басқа көбейген).

Қой санының азаюы аудандағы ірі ауылшаруашылық құрылымдарының қой малын сатып жіберуі, жеке жұртшылықтардағы уақ малды керегіне жаратуы, сонымен қатар тұрғындардың уақ малға қарағанда мүйізді ірі қара, жылқы малдарын өсіруге қызығушылық танытып отырғандығына байланысты болып отыр.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 2105 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда  128,2 % орындалды.

Есепті кезеңде 15479 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып                    (108 үй), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,2 % орындалды. 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2446 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,9 % орындалды. Өткен жылдың 8 айындағы көрсеткіш 6784 млн. теңге.

Жалпы, 2018 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің өткен жылғы деңгейге жету мүмкіндігі аз екендігі айтылып келеді.

Аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес  8 айдағы көрсеткіштің жоғарылауына төмендегі мекемелердің статистикалық есептіліктерінің де үлесі бар:

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 85,0 млн. тенге, «Қамқор вагон» ЖШС 1,4 млн. теңге, КТЖ Қызылорда АҚ филиалы 33,4 млн. теңге, облыстық автомобиль жолдары басқармасы 263,7 млн. теңге, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі 113,3 млн. теңге.

Ауылшаруашылық саласына 2018 жылдың 8 айында 13,4 млн. теңгенің инвестициясы тартылды.

 «РЗА» АҚ және Сыр Саржаны ЖШС 13,4 млн теңгенің техникасын алды. Маусым айының статистикалық есебіне енгізілді.

Бүгінгі күнге 5 дана техника алынды .«Агро Өркен» ЖШС, «Рза Агро» ЖШС 3 дана «Класс» маркалы комбайнын, «Рза Агро» ЖШС 1 дана «Магдон» маркалы жаткасы, Сыр Маржаны ЖШС 1 дана «Джон Дир» комбайнын лизинг негізінде  «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы алды. Қараша айына дейін сынақтан өту мерзімі белгіленген. Сынақтан өткен соң қабылданып, статистикалық есептілігі тапсырылады. Техникалар толық есепке алынған жағдайда ауылшаруашылық саласына тартылған инвестиция  350-400 млн теңгені құрайды (2017 жылы ауыл шаруашылығы саласына 190,2 млн. теңгенің инвестициясы тартылған).

Жыл соңына дейін шағын және орта кәсіпкерлік саласында  жалпы құны 445,0 млн. теңге құрайтын  11 жоба іске асырылады деп жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге 2 жоба  құрылысы аяқталды.

1. «Sinooil» ЖШС-нің жалпы құны 100,0 млн. теңге құрайтын «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойынан «Жанар-жағар май құю бекетін салу» жобасы. 2018 жылғы 17 қыркүйекте пайдалануға берілді;

2. Жеке кәсіпкер Ж.Наршабаеваның жалпы құны 15,0 млн. теңге құрайтын «Автокөлік қызмет көрсету орталығы» жобасы. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Пайдалануға қазан айында беріледі.

8 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтіледі.

1 жоба несие мәселесі шешілмеуіне байланысты іске асырылған жоқ.  «Нұрберген Транс» ЖШС-нің құны 10,0 млн.теңге құрайтын «Автопарк ашу» жобасы.

Жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың қорытындысымен 4,9% құрады (2016 жылы 5 %).

2017 жылы жұмыссыздар саны 1745 адам (2016 жылы 1833 адам). 8 айда  жұмыс іздеуші ретінде 1477 адам хабарласып, 707 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 411 адам, әлеуметтік жұмысқа 93 адам, жастар практикасына 186 адам жіберілді. Есепті кезеңде 903 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 890 тұрақты, 13 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. 2018 жылдың 8 айында бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1105672 мың теңгеге жоспарланып, нақты       1 600675 мың теңгеге немесе 144,8% орындалды. Республикалық бюджетке 246 957 мың теңге (жоспар 245 270 мың теңге), облыстық бюджетке 342 753 мың теңге (жоспар 22116 мың теңге), аудандық бюджетке 1 011 465 мың теңге (жоспар 838 286  мың теңге) түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 2018 жылдың 8  айында                   9 893 779 мың теңгеге жоспарланса, нақты игерілгені 9 612 878 мың теңге немесе 97,2 % орындалды.

Қазалы ауданының 2018 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы

 АНЫҚТАМА

Аудан бойынша 2018 жылдың 5 айында макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп өнімі 5745 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 112,4 % - ды құрады.

Өнеркәсіптің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінде (84,4 %). 5 айдағы   өнім  4785 млн. теңге немесе өткен жылдфың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем  индексі 108,5 %. Өңдеу өнеркәсібінің 67,8% тамақ өнімдерінің үлесінде.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі 1802,3 млн. теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда   100,6 %-ды құрады (2017 жылдың 1 маусымына 1791,8 млн.теңге).

Субъектілер саны 4355 бірлікті құрап, 0,6 %-ға өсті (2017 жылдың                                 1 маусымына 4330 бірлік). Субъектілердің 262 заңды тұлғалар, 613 шаруа қожалықтары, 3480 жеке кәсіпкерлер.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 8737 адам болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 бірлікке артты                (2017 жылдың 1 маусымына 8719 адам).

Бөлшек сауда көлемі 2855,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,6 %-ды құрады.  

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне өнеркәсіп, бөлшек сауда көрсеткіштеріне байланысты  жұмысты  қатаң бақылауға алып, жұмысты жандандыру тапсырылуы қажет деп есептеледі.

Ауыл шаруашылығы саласында 5 айда  өндірілген өнім 2339,1 млн. теңге болып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,6 % - ды құрады.

Мал шаруашылығында қойдан басқа мал басында өсім бар.

Мал басы:

Ірі қара мал басы 36908 бас немесе 102,4 % (853 басқа көбейген);

Оның ішінде сиыр 14479 бас немесе 101,9 % (270 басқа көбейген);

Қой 64056 бас немесе 96,9 % (2025 басқа азайған);

Ешкі 46110бас немесе 104,3 % (1921 басқа көбейген);

Түйе 9637бас немесе 115,7 % (1308 басқа көбейген);

Жылқы 26255 бас немесе 108,2 % (1995 басқа көбейген);

Құс 6251 бас немесе 126,6 % (1312 басқа көбейген).

Жалпы ауылшаруашылық саласындағы өндірілген өнім 6 айда және жылдық қорытындыда 100 пайыздан төмендемейді деп күтіледі.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 1066 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда  174,8 % орындалды. Өткен жылдың осы кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі өте аз (582,9 млн. теңге) болған.

Есепті кезеңде 10866 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып (76 үй), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0 % орындалды. 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1137 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,7% орындалды.Өткен жылдың 5 айындағы көрсеткіш 3726,3 млн. теңге.

Жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың қорытындысымен 4,9 % құрады (2016 жылы 5 %).

2017 жылы жұмыссыздар саны 1745 адам (2016 жылы 1833 адам). 5 айда  жұмыс іздеуші ретінде 1219 адам хабарласып, 524 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 363 адам, әлеуметтік жұмысқа 84 адам, жастар практикасына 115 адам жіберілді. Есепті кезеңде 593 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 580 тұрақты, 13 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. 2018 жылдың 5 айында бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 681,7 млн. теңгеге жоспарланып, нақты 1035,3  млн. теңгеге немесе 151,9 % орындалды. Республикалық бюджетке 172,7 млн. теңге (жоспар 167,5 млн. теңге), облыстық бюджетке 210,2 млн. теңге (жоспар 21,9 млн. теңге), аудандық бюджетке 476,9 млн. теңге (жоспар 319,2   млн. теңге) түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 2018 жылдың 5 айында 5052,8 млн. теңгеге жоспарланса, нақты игерілгені 5038,3 млн. теңге немесе 99,7 % орындалды.


Қазалы ауданының 2018 жылдың 2 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы АНЫҚТАМА


  Аудан бойынша 2018 жылдың 2 айында макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп. Өнім көлемі 2179,8 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 106,6 % - ды құрады.

Өнеркәсіп саласының 84,5 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 1845,4 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 108,1 %-ды құрады.

 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі 753,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,9 %-ды құрады (2017 жылдың 1 наурызына 914,5 млн.теңге).

Субъектілер саны 4228 бірлікті құрап, 0,9 %-ға төмендеді (99,1 %)                 (2017 жылдың 1 наурызына 4266 бірлік). Субъектілердің 255 заңды тұлғалар,                              549 шаруа қожалықтары, 3424 жеке кәсіпкерлер.

Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілері көлемінің төмендеу себебі, ауданда кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында аудандық кірістер басқармасымен тиісті жұмыстарды жүргізу нәтижесінде ұзақ мерзімді тоқтап тұрған 642 кәсіпкер 2017 жылы өз кәсіптерін жапты. Бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің санының төмен болуына әсер етті.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 8857 адам болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 бірлікке артты                (2017 жылдың 1 наурызына 8847 адам). 

Бөлшек сауда көлемі 975,1 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,1 %-ды құрады.  

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 900,8 млн. теңге болып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,6 % - ды құрады.

2018 жылдың 2 айында сауылған сиыр сүті 2015,7 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,8 пайыз, ет өндірісінің көлемі (сойыстық салмақпен) 543,8 тонна болып, 109,1 пайызды құрады.

Есепті кезеңде алынған жұмыртқа 63,6 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайызға орындалды.

Мал басы:

Ірі қара мал басы 33407 бас немесе 103 % (980 басқа көбейген);

Оның ішінде сиыр 14558 бас немесе 103,7 % (523 басқа көбейген);

Қой 44953 бас немесе 98% (935 басқа азайған);

Ешкі 36333 бас немесе 107,1 % (2418 басқа көбейген);

Түйе 8561 бас немесе 121,4 % (1511 басқа көбейген);

Жылқы 23697 бас немесе 109,8 % (2107 басқа көбейген);

Құс 6251 бас немесе 126,6 % (1312 басқа көбейген).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 214,1 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,5 %-ға орындалды.

Инвестиция көлемінің төмендеуі «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының құрылысының аяқталуы және ауданда мектеп, аурухана құрылыстарының аяқталуы есебінен қалыптасты. 

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі көрсеткіші бойынша ірі және орта кәсіпорындар құрылыс жұмыстарын жүргізбеген.

Есепті кезеңде 1701 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды (14 үй). 

Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың қорытындысымен  жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. (2015 жылы 5,1 пайыз) (2017 жылдың статистикалық есебі сәуір айында шығады).

2017 жылы жұмыссыздар саны 1833 адам (2016 жылы 1922 адам). Жұмыс іздеуші ретінде 542 адам хабарласып, 99 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 200 адам, әлеуметтік жұмысқа 48 адам, жастар практикасына 64 адам жіберілді. Есепті кезеңде 174 жаңа жұмыс орны ашылды, барлығы тұрақты жұмыс орындары. 

Бюджет. 2018 жылдың 2 айында бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 296 746 мың теңгеге жоспарланып, нақты 507 628,3  мың теңгеге немесе 171,1 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 83534 мың теңге, облыстық бюджетке 90 196 мың теңге, аудандық бюджетке 333 898 мың теңге түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 2018 жылдың 2 айында  1 837 466 мың теңгеге жоспарланса, нақты игерілгені 1 824 793 мың теңге немесе 99 пайызға орындалды.

 Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі





  Қазалы ауданының 2017 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы


АНЫҚТАМА

 

 Аудан бойынша 2017 жылдың 11 айында макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп. Өнім көлемі 10454,8 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 106,1 % - ды құрады.                

Өнеркәсіп саласының 87,2 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 9125,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  нақты көлем индексі 103,9 %-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі 3724,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,8 %-ды құрады (2016 жылдың 1 желтоқсанына  3555,7 млн.теңге).

Субъектілер саны 4153 бірлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 %-ды құрады (2016 жылдың  1 желтоқсанына 4155 бірлік). Субъектілердің 248 заңды тұлғалар, 522 шаруа қожалықтары, 3383 жеке кәсіпкерлер.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 8873 адам болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62 адамға көбейді.               (2016 жылдың 1 желтоқсанына  8811 адам).      

Бөлшек сауда көлемі 5901,7 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,9 %-ды құрады (2016 жылдың 1 желтоқсанына 5357,5 млн. теңге).

Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім 9903 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,8% - ды құрады (2016 жылдың 1 желтоқсанына 9117,1 млн. теңге).

Үстіміздегі жылы бекітілген егінді орналастыру картасына сәйкес барлығы 17355 гектар егін егілді.

дәнді-дақылдар  7230 га (күріш – 6800 га, жаздық бидай – 410 га,  тары – 20 га),

мал азықтық дақылдар – 7405 га, (ескі жоңышқа 4210 га, жаңа жоңышқа 2595 га, сүрлем жүгері 600 га),

майлы дақылдар 460 га (күнбағыс – 10 га, мақсары 460 га),

картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 2250 га, (картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 гектар).

Алынған өнім: күріш 30197 тонна (2016 жылы 32062 тонна), бидай 431,3 тонна (2016 жылы 582 тонна), тары 34 тонна (2016 жылы 34 тонна), майлы дақылдар 180 тонна (2016 жылы 47 тонна), картоп 3171 тонна (2016 жылы 3170 тонна), көкөніс 10125 тонна (2016 жылы 10125 тонна), бақша 14490 тонна (2016 жылы 14490 тонна).

2017 жылдың 11 айында сауылған сиыр сүті 13666,3 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7 пайызды, ет өндірісінің көлемі (сойыстық салмақпен) 2772,7  тонна болып, 101,8 пайызды құрады.

Есепті кезеңде алынған жұмыртқа 611,1 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6 пайызға орындалды.

Мал басы:

Ірі қара мал басы 35313 бас немесе 103,9 % (1326 басқа көбейген);

Оның ішінде сиыр 15106 бас немесе 105,1 % (737 басқа көбейген);

Қой 61031 бас немесе 105,9 % (3406 басқа көбейген);

Ешкі 45555 бас немесе 104 % (1748 басқа көбейген);

Түйе 9579 бас немесе 112,2 % (1043 басқа көбейген);

Жылқы 27102 бас немесе 120,6 % (4632 басқа көбейген);

Құс 5774 бас немесе 85,7 % (964 басқа азайған).

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9591,7 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2016 жылдың 1 желтоқсанына 2962 млн. теңге) 3,1 есеге артық  орындалды.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 4796 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда (2016 жылдың 1 желтоқсанына 926 млн. теңге)                  2,8 есеге  орындалды.

Есепті кезеңде 26719 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып,                        (188 үй)  өткен жылмен салыстырғанда (2016 жылдың 1 желтоқсанына 26104 шаршы метр - 187 үй) 102,4 %-ды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі. 2016 жылдың қорытындысымен  жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. (2015 жылы 5,1 пайыз).

2017 жылдың 11 айында жұмыс іздеуші ретінде 2901 адам хабарласып, 1114 адам жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орнына 99 адам, жастар практикасына 165 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 462 адам жіберілді.  Есепті кезеңде 1182 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 978 тұрақты,                          204 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. 2017 жылдың 11 айында бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1 521 459,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты                 2 091 394,9  мың теңгеге немесе 137,4 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 359 504,9 мың теңге, облыстық бюджетке 540 023 мың теңге, аудандық бюджетке 1 191 867 мың теңге түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 2017 жылдың 11 айында                           11 904 323,8 мың теңгеге жоспарланса, нақты игерілгені 11 662 228,7 мың теңге немесе 98  пайызға орындалды.

 

Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі





Қазалы ауданының 2017 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы


АНЫҚТАМА

 

Аудан бойынша 2017 жылдың 6 айында макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп. Өнім көлемі 4618,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 107,5 % - ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 4705,7 млн. теңге).

Өнеркәсіп саласының 85,9 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 3966,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  нақты көлем индексі 107,2 %-ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 4182,5 млн. теңге).

 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша «Дәулетэнерго» ЖШС-нің Қазалы филиалының электр қуатын тарату, "Қазалы теміржол жылу" МКК-ы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша 390,9 млн. теңгенің қызметін көрсетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 153,7 пайызды құрады.

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша Қазалы-Су Сервис МКК, «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшелері тарапынан суды жинау, өңдеу және бөлу жұмыстары бойынша көрсетілген қызмет көлемі 260,2 млн. теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 78,8 пайызды құрады.

 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі 1791,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,8 %-ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 1776,8 млн.теңге).

Субъектілер саны 4330 бірлікті құрап, 4,4 %-ға өсті (2016 жылдың 1 маусымына 4149 бірлік). Субъектілердің 242 заңды тұлғалар, 425 шаруа қожалықтары, 3660 жеке кәсіпкерлер.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 8719 адам болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 бірлікке артты                (2016 жылдың 1 маусымына 8697 адам).

 Бөлшек сауда көлемі 2590,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 115,3 %-ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 2059,9 млн. теңге).

 Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім 2053,3 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,9 % - ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 1881,6 млн. теңге).

2017 жылдың 5 айында сауылған сиыр сүті 6119,6 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызды, ет өндірісінің көлемі (сойыстық салмақпен) 1131 тонна болып, 105,8 пайызды құрады.

Есепті кезеңде алынған жұмыртқа 253,3 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызға орындалды.

Мал басы:

Ірі қара мал басы 36055 бас немесе 102,6 % (911 басқа көбейген);

Оның ішінде сиыр 14209 бас немесе 111 % (1409 басқа көбейген);

Қой 66081 бас немесе 98,4 % (1083 басқа азайған);

Ешкі 44189 бас немесе 97,7 % (1020 басқа азайған);

Түйе 8329 бас немесе 99,7 % (29 басқа азайған);

Жылқы 24260 бас немесе 111,6 % (2514 басқа көбейген);

Құс 4939 бас немесе 114,9 % (642 басқа көбейген).


Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3726,3 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2016 жылдың 1 маусымына 834,1 млн. теңге) 4,3 есеге артық  орындалды.

 

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 582,9 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда (2016 жылдың 1 маусымына 61,5 млн. теңге) 9,1 есеге артық  орындалды.

Есепті кезеңде 10763 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып (76 үй)  өткен жылмен салыстырғанда (2016 жылдың 1 маусымына 10514 шаршы метр - 76 үй) 102,4 %-ды құрады.

 

Жұмыссыздық деңгейі. 2016 жылдың қорытындысымен  жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. (2015 жылы 5,1 пайыз).

2016 жылы жұмыссыздар саны 1833 адам (2015 жылы 1922 адам). 2017 жылдың 5 айында жұмыс іздеуші ретінде 1189 адам хабарласып, 454 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орнына 67 адам, жастар практикасына 112 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 234 адам жіберілді.  Есепті кезеңде 395 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 362 тұрақты, 30 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. 2017 жылдың 5 айында бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 665 262,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты 742 943,9 мың теңгеге немесе 111,7 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 159 399,0 мың теңге, облыстық бюджетке 269,0 мың теңге, аудандық бюджетке 583 276,0 мың теңге түсті.

 

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 2017 жылдың 1 маусымына  4 796 400,8 мың теңгеге жоспарланса, нақты игерілгені 4 557 314,2 мың теңге немесе 95 пайыз, оның ішінде трансферттер бойынша 408 527 мың теңгеге жоспарланып, нақты 243 720,8 мың теңгеге немесе 59,6 пайызға орындалды.

 

 Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Кіру

×