ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Экономика Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші


Қазалы ауданының 2017 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

 

Аудан бойынша 2017 жылдың 6 айында макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы статистикалық мәліметтерге сәйкес төмендегіше қалыптасты:

Өнеркәсіп. Өнім көлемі 4618,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 107,5 % - ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 4705,7 млн. теңге).

Өнеркәсіп саласының 85,9 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 3966,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  нақты көлем индексі 107,2 %-ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 4182,5 млн. теңге).

 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша «Дәулетэнерго» ЖШС-нің Қазалы филиалының электр қуатын тарату, "Қазалы теміржол жылу" МКК-ы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша 390,9 млн. теңгенің қызметін көрсетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 153,7 пайызды құрады.

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша Қазалы-Су Сервис МКК, «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшелері тарапынан суды жинау, өңдеу және бөлу жұмыстары бойынша көрсетілген қызмет көлемі 260,2 млн. теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 78,8 пайызды құрады.

 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметі 1791,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,8 %-ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 1776,8 млн.теңге).

Субъектілер саны 4330 бірлікті құрап, 4,4 %-ға өсті (2016 жылдың 1 маусымына 4149 бірлік). Субъектілердің 242 заңды тұлғалар, 425 шаруа қожалықтары, 3660 жеке кәсіпкерлер.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 8719 адам болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 бірлікке артты                (2016 жылдың 1 маусымына 8697 адам).

 Бөлшек сауда көлемі 2590,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 115,3 %-ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 2059,9 млн. теңге).

 Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім 2053,3 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,9 % - ды құрады (2016 жылдың 1 маусымына 1881,6 млн. теңге).

2017 жылдың 5 айында сауылған сиыр сүті 6119,6 тонна болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызды, ет өндірісінің көлемі (сойыстық салмақпен) 1131 тонна болып, 105,8 пайызды құрады.

Есепті кезеңде алынған жұмыртқа 253,3 мың дананы құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызға орындалды.

Мал басы:

Ірі қара мал басы 36055 бас немесе 102,6 % (911 басқа көбейген);

Оның ішінде сиыр 14209 бас немесе 111 % (1409 басқа көбейген);

Қой 66081 бас немесе 98,4 % (1083 басқа азайған);

Ешкі 44189 бас немесе 97,7 % (1020 басқа азайған);

Түйе 8329 бас немесе 99,7 % (29 басқа азайған);

Жылқы 24260 бас немесе 111,6 % (2514 басқа көбейген);

Құс 4939 бас немесе 114,9 % (642 басқа көбейген).


Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3726,3 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2016 жылдың 1 маусымына 834,1 млн. теңге) 4,3 есеге артық  орындалды.

 

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 582,9 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда (2016 жылдың 1 маусымына 61,5 млн. теңге) 9,1 есеге артық  орындалды.

Есепті кезеңде 10763 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып (76 үй)  өткен жылмен салыстырғанда (2016 жылдың 1 маусымына 10514 шаршы метр - 76 үй) 102,4 %-ды құрады.

 

Жұмыссыздық деңгейі. 2016 жылдың қорытындысымен  жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады. (2015 жылы 5,1 пайыз).

2016 жылы жұмыссыздар саны 1833 адам (2015 жылы 1922 адам). 2017 жылдың 5 айында жұмыс іздеуші ретінде 1189 адам хабарласып, 454 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орнына 67 адам, жастар практикасына 112 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 234 адам жіберілді.  Есепті кезеңде 395 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 362 тұрақты, 30 уақытша жұмыс орындары. 

Бюджет. 2017 жылдың 5 айында бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 665 262,0 мың теңгеге жоспарланып, нақты 742 943,9 мың теңгеге немесе 111,7 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 159 399,0 мың теңге, облыстық бюджетке 269,0 мың теңге, аудандық бюджетке 583 276,0 мың теңге түсті.

 

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 2017 жылдың 1 маусымына  4 796 400,8 мың теңгеге жоспарланса, нақты игерілгені 4 557 314,2 мың теңге немесе 95 пайыз, оның ішінде трансферттер бойынша 408 527 мың теңгеге жоспарланып, нақты 243 720,8 мың теңгеге немесе 59,6 пайызға орындалды.

 

 Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Кіру