ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Бизнес Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес

Қазалы ауданы бойынша 2017 жылғы қаңтар-маусым айындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар туралы

 

 

Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың алғашқы 6 айында 4330 шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынып, 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артты. (2016 жылдың 6 айында 4149 бірлік).

Оның ішінде: 245 заңды тұлға (2016 жылы 191 бірлік), 3660 жеке кәсіпкер (2016 жылы 3654 бірлік), 425 шаруа қожалығы (2016 жылы 304 бірлік) болып табылады.

2017 жылы жаңадан 285 кәсіпкерлік тіркеліп, жұмыс жасауда.

Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 8719 адам жұмыспен қамтылған.

 

Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың 6 айында айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4618,0 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2017 жылдың 6 айында 3966,8 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,2 пайызды құрады.

 

2017 жылдың алғашқы 6 айында бөлшек сауда айналымы 2590,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,3 пайызды құрады.  Ауданда 5 сауда базары, 2 мал базары, 9 ірі сауда орталықтары, 15 сауда үйі  мен 800-ден астам шағын сауда дүкендері тіркелген.

 

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазалы ауданы бойынша тиісті шаралар қабылданып жүзеге асырылуда.

Ауданда бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2015 жылдары жалпы құны 4187,4 млн.теңге құрайтын 22 жоба ұсынылып,                        17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.

-«Рза» АҚ-ның «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы аясында 2017 жылдың 3 айында  1510 тонна сүт өңделіп, Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларындағы ірі сауда орталықтарында сатылуда(Магнум, Смол, Анвар сауда орталықтары).

-«СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы аясында 2017 жылдың 3 айында 238 тонна балық өңделіп, Еуропа елдеріне экспортталды.

 

Индустрияландыру картасына Қазалы ауданында іске асырылатын бірнеше инвестициялық жобаны енгізуге тиісті жұмыстар жасалып, құжаттары жинақталуда.

Атап айтқанда:

1) «РЗА» АҚ-ның «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II-ші кезеңін іске асыру» жобасы;

2) «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасы;

3) «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы;

4) Жеке кәсіпкер Т. Игіліковтің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы;

5) «Жеңіс» шаруа қожалығының «Түйе, жылқы сүтін өндіру және мал бордақылау кешенін ұйымдастыру» жобасы.

 

Аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 2017 жылдың 5 айында 62 өтініш бойынша жалпы көлемі 440,5 млн.теңге несие берілген. (2016 жылдың 6 айында 49 өтінішке 400,82 млн.теңге несие берілген).

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2017 жылы құны 200,4 млн.теңге құрайтын 7 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы субсидиялануда.

Аталған бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 4 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 81,0 млн.теңге кепілдік берілді.

Сонымен қатар, өз ісін бастау үшін аталған бағдарлама аясында 1 кәсіпкерімізге 500,0 мың теңге қайтарымсыз негізде грант берілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы арқылы ағымдағы жылы 54 адам оқып, сертификаттарын алды.

2012-2016 жылдар аралығында жалпы құны 778,6 млн.теңге құрайтын 29 жоба бойынша екінші деңгейлі банктерден 569,6 млн.теңгенің несиесі алынып, «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы субсидияланды. Аталған жобалар аясында 188 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

 «Даму-Аймақтар» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы «Рза Агро» ЖШС айналым қаражатын толықтыру мақсатында 50,0 млн.теңге несие алды.

2016 жылы «Сыр маржаны» ЖШС-нің құны 60,0 млн.теңге құрайтын «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ-ы арқылы қаржыландырылып, «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы кепілдендірілуде.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты аясында ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы №31 бұйрығымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру Ережесі негізінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға ниеттілерді таңдау тәртібіне сәйкес тестілеуден өткізіліп, ағымдағы жылдың 5-сәуірден бастап 5-мамыр аралығына дейін бір ай мерзімде оқытылды. 

Бүгінгі күнге 34 тыңдаушы оқу курсына белсене қатысып өңірлік Кәсіпкерлік Палата филиалы комиссиясының отырысы аясында 26 бизнес-жобалар қаралып, а.ж. 11 мамырында облыстық кәсіпкерлер палатасына барып, бизнес-жобаларын қорғады.

Қаралған бизнес-жобалар: Әйтеке би кентінен – 15, Қазалы қаласынан – 3, Сарыкөл а/о – 1, Өркендеу а/о – 2, Мұратбаев а/о – 1, Арықбалық а/о – 2, Бірлік а/о – 2, Көларық а/о – 1, Аранды а/о -1. Барлығы – 28.

         Оның ішінде, 13 жоба мал шаруашылығын дамытуға, 5 жоба монша салуға, 3 жоба дәмхана ашуға, 2 наубайхана, 1 шаштараз, 1 макарон цехы және 1 жоба құс шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.

 

Сонымен қатар, 15 мамырдан бастап аталған оқытудың екінші тобына 42 адам тестілеуге қатысып, 40 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсынан өтуде.

Сондай-ақ, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіріп, ішкі нарықпен қатар экспортқа өнім шығару мақсатында биылғы жылы 33 ауылшаруашылығы кооперативі құрылып, қазіргі таңда мал шаруашылығын дамыту, бордақылау алаңдарын ұйымдастыру, ет-сүт өнімдерін өндірумен қатар жеміс-жидек, көкөніс, бақша өнімдерін өңдеу бағытындағы жұмыстар қолға алынуда.

Бұл бағытта мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылып, өнімді егуден бастап тұтынушыға дейін жеткізуге дейінгі аралықтағы барлық жұмыстар үйлестірілуде.

Осы жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы аудан бойынша бақша дақылдары егісін өндірістік негізде өсіруді 620 гектарға ұлғайтып, 12-15 мың тонна бақша өнімдерін өндіру жоспарланып отыр.

 

Қазалы ауданы бойынша «Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы бойынша 12,7 га жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 159,7 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Қазіргі таңда аудан кәсіпкерлері тарапынан жалпы құны 428,1 млн.теңгені құрайтын жаңа 10 жоба бойынша жер учаскелері алынды. Оның ішінде жалпы құны 70,0 млн.теңге құрайтын 3 жоба іске қосылып, 33 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ал, қалған жобалар бойынша іске асыру мерзімдеріне сәйкес толық бақылауға алынып, жобалардың қаржыландыру жолдары зерттелуде.

 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолы бойында Арал ауданы шекарасынан 1451 шақырымы мен Қармақшы ауданының шекарасына дейін 1547 шақырымдарының аралығында 96 шақырымы Қазалы ауданы аумағынан өтеді.

Бүгінгі таңда, «Сыр маржаны и К» ЖШС-нің жалпы құны 170,0 млн.теңге құрайтын автокөлік дәлізі бойынан «В» санатты жол бойы қызмет көрсету кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Sinooil» ЖШС-і жанар-жағар май станциясы құрылысын салу жөніндегі жобасы бойынша жоба-сметалық құжаттары сараптамадан өткізіліп, қаржыландыру жолдары шешілуде.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкер А.Байсуганованың трассаның 1475+500 шақырымынан «С» санатты, «ДинГул» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Т.Басенов тарапынан 1521+392 шақырымынан «Еңбекші қазақ бекеті» учаскесінен «С» санатты және «Global Alatau Group» ЖШС-нің «D» санатты жол бойы сервистік қызмет көрсету кешенін салу жобалары облыс әкімі жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесінен оң қорытынды алып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданымыздың даму жоспарына сәйкес Әйтеке би кентінің 14 мыңнан астам халқы бар 5 квартал аумағынан тұрғын үй мақсатында игерілетін 210 га жер учаскесінен халыққа берілетін тұрғын үймен қатар 40 га аумаққа кәсіпкерлік қызмет көрсету нысандарын орналастыру жоспарланып отыр.

Аталған жоба аясында қонақ үй қызметі, түрлі ұлттық  дәмханалар, сауда орталықтары мен шағын базарлар, ұлттық нақыштағы қызмет көрсету орындары (қараша үйлер), автокөліктерге техникалық жөндеу орталықтары мен жанар-жағар май бекеттерін орналастыру және жағажай жасау жоспарланып отыр.

Жалпы ауданда өндірілетін «Рза» АҚ-ның 8 түрлі сүт өнімдері, балық зауыттарында өңделген 6 түрлі балық өнімдері, ет өнімдері, жергілікті шұбат, қымыз, айран өнімдерін және бау-бақша, көкөніс өнімдерін сататын орындарды ашу көзделуде.

Аталған жер учаскесіне инфрақұрылым желілерін жүргізуге, оның ішінде автомобиль жолы мен электр желісін жүргізуге сметалық құны 668,0 млн.теңгені құрап, бірінші кезекте электр желісімен қамтамасыз етуге 115,0 млн. теңге, жол салуға 110,0 млн.теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, су және газ желілерін жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 29,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Бұл жоба іске асқанда аудан тұрғындары мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойынан өтетін жолаушыларға да қызмет көрсетілетін болады. Және 400-ден астам адам жаңа жұмыспен қамтылмақ

 

 

Қазалы ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға жаңадан іске асырылатын инвестициялық жобалар:

РЗА» АҚ-ның «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II кезеңін» іске асыру жобасы бойынша. Қазіргі таңда зауытта 15 тоннаға дейін сүт өнімдері өңделуде. Алдағы уақытта құны 2,5 млрд. теңге болатын жобаның 2-кезеңі іске асырып, зауыт қуаттылығы тәулігіне 30 тоннаға дейін жеткізілетін болады. Ол үшін зауытты қайта жарақтандырып, қажетті қуаттылықтағы инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару қажет.

Осыған сәйкес аудандық бюджеттен жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 13,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта ұсынысымызға байланысты инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс жасалатын болады.

- «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС-нің «Көлік, сауда-логистикалық орталық» жобасы бойынша «Сенім-Табиғат» ЖШС «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, 1-кезекте құны 158,0 млн.теңгені құрайтын «Қалааралық автовокзал құрылысын» салу жобасын іске асыруда. Жобаны іске асыруға Әйтеке би кентінен 2,5 гектар жер учаскесі берілді.

Жобаны іске асыруға 49 пайызбен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 77,4 млн.теңге ал, серіктестік 51 пайызбен 80,4 млн.теңге қаражат бөліп отыр.

Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, нысан қыркүйек айына пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жобаны іске асыруға инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен жоба сметалық құжаттарын жасатуға  6,7 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекемелер тарапынан жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Жоба құны 215,0 млн.теңге.

Осы аталған екі жобаның инфрақұрылым желілерін жүргізуге аудандық бюджеттен 20,0 млн.теңге көлемінде қаржы бөлініп, жалпы құны 1,0 млрд-тан астам қаражатты республикалық бюджеттен инвестиция есебінде тарту көзделуде.

«Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасы бойынша 2016 жылдың желтоқсан айында бордақылау алаңында мал басын 3000 басқа жеткізуге қорытынды алып, тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Алдағы уақытта жылына 5000 тонна етті өңдеп, консервілейтін зауыт пен шұжық шығару цехын салу жоспарлануда.

Аталған жобаны бірлесіп іске асыру мақсатында Иран Ислам Республикасының кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізіліп, жоба жасалынуда.

Бүгінгі таңда ет комбинатының орналасатын жер учаскесі белгіленді.

«СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы бойынша. 2008 жылдан бастап балық өнімдерін өңдеуді қолған алған серіктестік «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен біріккен кәсіпорын құрып, «Балық өнімдерін өңдеу цехы жобасы» бойынша тәулігіне 2,0 тоннаға дейін балық өңдейтін цех арқылы өткен жылы 550 тоннаға жуық балық сүбесі Европа және Дания елдеріне экспортталды.

Сонымен қатар, серіктестік өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресей елінің Димитровград қаласынан бірлескен «Балық өңдеу зауытын» іске қосып, шетел нарығына жол ашты.

Биылғы жылы 350,0 млн. теңгеге балық өңдеу цехын кеңейту мақсатында қосымша цех құрылысын жүргізіп шортан, тыран, торта басқа балық түрлерін өңдеуді қолға алу жоспарланып отыр

- Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы бойынша тәулігіне 3,0 тоннаға дейін балық өңдейтін цех арқылы өткен жылы 100 тоннаға жуық балық сүбесі өңделіп еліміздің нарығына сатылды.

Кәсіпкер тарапынан өңделген өнімді Европа және ТМД елдеріне экспорттауға «Еврокод» сертификаты алынды.

Биылғы жылы балық өңдеу цехын кеңейту, қайта жарақтандыру  мақсатында қосымша 40,0 млн. теңге несие қаражатын алып, балықты тұздау, ыстау, кептіру цехтарын салу арқылы тыран, торта басқа балық түрлерін өңдеуді қолға алу жоспарланып отыр

- «Жеңіс» шаруа қожалығының «Түйе, жылқы сүтін өндіру және мал бордақылау кешені» жобасы. Жоба бойынша салынатын нысанның жоба-сметалық құжаттары мен құрылыс салу жөніндегі жұмыс жобасы жасалған. Қазіргі таңда 1,8 гектар жер учаскесіне кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен кезең-кезеңімен бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жоба бойынша қымыз, шұбат өндіру, мал сою пунктін салу және барлық мал түрлерін бордақылау жұмыстары атқарылатын болады.


Кіру