ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Өнеркәсіп


Қазалы ауданы бойынша өнеркәсіп саласының дамуы туралы

 

         Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың 8 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7352,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда                      103,0 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2017 жылдың 8 айында 6414,8 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады.

Оның ішінде:

Тамақ өнімдерін өндіру бойынша «Сыр маржаны» ЖШС, «Рза-Сүт» ЖШС, «Рза-Нан» ЖШС, «Рза-Агро», «Рза асыл-түлік» сүт, ет, күріш өнімдерін өңдеу және «СПК Қызылорда балық» ЖШС-і балық өнімдерін өңдеу жұмыстары бойынша   3836,5 млн.теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 94,8 пайызды құрады.

 

Сүт өндіру: 2017 жылдың 8 айында аудан бойынша 4158 тонна сүт өнімдері өндірілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңінде 5758 тоннаны құрады.

 

«Рза-Сүт» ЖШС-і тарапынан 2017 жылдың 8 айында 663,2 млн.теңгенің сүт өнімдерін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 74,9 млн.теңгеге кем болды (2016 жылы– 738,1 млн.теңге), немесе 89,8 пайыз көлемінде.

 

Нан және нан өнімдерін өндіру бойынша: 2017 жылдың 8 айында 1055 тонна нан өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,0 пайызды құрады.

 

Ет өнімдерін өндеу бойынша: 2017 жылдың 8 айында аудан бойынша                   191 тонна ет өнімдері (жас немесе тоңазытылған ет – 182 тонна, шұжықтар – 9 тонна) өндірілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңінде 162 тонна (жас немесе тоңазытылған ет – 154тонна, шұжықтар – 8 тонна) өндірілген.

 

Күріш өнімін өңдеу бойынша 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында           22856 тонна күріш өңделіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады.

 

 

Балық өнімін өңдеу бойынша 2017 жылдың 8 айында 419 тонна балық өңделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 89,5 пайыз көлемінде.

 

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласы бойынша

«Асыл-Ғани» ЖШС, «Жол құрылыс басқармасы» ЖШС, «Намыс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 13,9 млн. теңгенің құрылысқа қажетті пластикалық бұйымдары (есік, терезе) дайындалып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру көрсеткіші 87,5 пайызды құрады.

 

Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру бойынша «LCI-MK» ЖШС-нің, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Қазалы Жолшы» ЖШС, «Жол құрылысы басқармасы» ЖШС-і тарапынан 467,5 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 2016 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артық болды.

«LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы тарапынан 2017 жылдың 8 айында               376,4 млн. теңгенің құрылысқа қажетті темір-бетон бұйымдары өндірілсе,                 2016 жылдың тиісті кезеңінде 78,9 млн.теңгенің өнімдері өндірілді, немесе 4,7 есеге артық болды.

 

         Машина жасау бойынша көрсетілген қызмет пен өндірілген өнімі                         2023,7 млн. теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда                         97,4 пайызды құрады.

«Қамқор Локомотив» ЖШС-не қарасты «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» бойынша 2017 жылдың 8 айында өндіріс көлемі 1183,8 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 83,4 пайызды құрады.

 «Қамқор вагон» ЖШС-не қарасты «Қазалы вагон жөндеу депосы» тарапынан 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 894,6 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанды 136,0 пайызды құрады.

 

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша «Дәулетэнерго» ЖШС-нің Қазалы филиалының электр қуатын тарату, "Қазалы теміржол жылу" МКК-ы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша                        2017 жылдың 8 айында 442,4 млн.теңгенің қызметін көрсетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге артық болды.

         Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша "Сумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу және пайдалану" МКК, «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшелері тарапынан 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында суды жинау, өңдеу және бөлу жұмыстары бойынша көрсетілген қызмет көлемі 494,2 млн.теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 91,6 пайызды құрады.



Қазалы ауданы бойынша өнеркәсіп саласының дамуы туралы

(ІІ тоқсан 2017 жыл)

  

Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4618,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2017 жылдың 6 айында  3966,8 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,2 пайызды құрады.

Оның ішінде:

Тамақ өнімдерін өндіру бойынша «Сыр маржаны» ЖШС, «Рза-Сүт» ЖШС, «Рза-Нан» ЖШС, «Рза-Агро», «Рза асыл-түлік» сүт, ет, күріш өнімдерін өңдеу және «СПК Қызылорда балық» ЖШС-і балық өнімдерін өңдеу жұмыстары бойынша 2370,2 млн.теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 97,6 пайызды құрады.

 

Сүт өндіру: 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудан бойынша 2580 тонна сүт өнімдері өндірілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңінде 3510 тоннаны құрады.

 

«Рза-Сүт» ЖШС-і тарапынан 2017 жылдың 6 айында  368,5 млн.теңгенің сүт өнімдерін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 83,5 млн.теңгеге кем болды (2016 жылы– 452,0 млн.теңге), немесе 81,5 пайыз көлемінде.


Нан және нан өнімдерін өндіру бойынша: 2017 жылдың қаңтар-мамыр  айларында 683 тонна нан өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,6 пайызды құрады.


Ет өнімдерін өндеу бойынша: 2017 жылдың 6 айында  аудан бойынша 98 тонна ет өнімдері (жас немесе тоңазытылған ет – 93 тонна, шұжықтар – 5 тонна) өндірілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңінде 115 тонна (жас немесе тоңазытылған ет – 110 тонна, шұжықтар – 5 тонна) өндірілген.


Күріш өнімін өңдеу бойынша 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында 14342 тонна күріш өңделіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,4 пайызды құрады.


Балық өнімін өңдеу бойынша 2017 жылдың 6 айында  362 тонна балық өңделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 164,5 пайыз көлемінде.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласы бойынша

«Асыл-Ғани» ЖШС, «Жол құрылыс басқармасы» ЖШС, «Намыс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 12,0 млн. теңгенің құрылысқа қажетті пластикалық бұйымдары (есік, терезе) дайындалып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру көрсеткіші 2,5 есеге артық болды.

 

Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру бойынша «LCI-MK» ЖШС-нің, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Қазалы Жолшы» ЖШС, «Жол құрылысы басқармасы» ЖШС-і тарапынан 292,5 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 2016 жылмен салыстырғанда 6,1 есеге артық болды.

«LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы тарапынан 2017 жылдың 6 айында                186,9 млн. теңгенің құрылысқа қажетті темір-бетон бұйымдары өндірілсе,                 2016 жылдың тиісті кезеңінде 24,8 млн.теңгенің өнімдері өндірілді, немесе 7 есеге артық болды.

 

         Машина жасау бойынша көрсетілген қызмет пен өндірілген өнімі 1239,4 млн. теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда                         105,2 пайызды құрады.

«Қамқор Локомотив» ЖШС-не қарасты «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» бойынша 2017 жылдың 6 айында  өндіріс көлемі 721,5 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 91,4 пайызды құрады.

«Қамқор вагон» ЖШС-не қарасты «Қазалы вагон жөндеу депосы» тарапынан 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында 517,9 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанды 133,0 пайызды құрады.

 

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша «Дәулетэнерго» ЖШС-нің Қазалы филиалының электр қуатын тарату, "Қазалы теміржол жылу" МКК-ы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша 2017 жылдың 6 айында  390,9 млн.теңгенің қызметін көрсетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 153,7 пайызды құрады.

                 

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша " Қазалы-Су сервис" МКК, «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшелері тарапынан 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында суды жинау, өңдеу және бөлу жұмыстары бойынша көрсетілген қызмет көлемі 260,2 млн.теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 78,8 пайызды құрады.


Алдағы уақытта, аудан көлемінде жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту, салық базасын ұлғайту мақсатында бірнеше жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Атап айтқанда:

1.  «Рза» АҚ-ның  «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауыты жобасының ІІ кезеңін іске асыру» жобасы.

Қазіргі таңда зауытта 15 тоннаға дейін сүт өнімдері өңделуде. Ал 2-кезеңі іске асқанда зауыт қуаттылығы тәулігіне 30 тоннаға дейін жеткізілетін болады. Ол үшін зауытты қайта жарақтандырып, қажетті қуаттылықтағы инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару қажет.

Осы мақсатта жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен 13,5 млн. теңге қаржы бөлінді. 

         2. «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасы бойынша 2016 жылдың желтоқсан айында бордақылау алаңында мал басын 3000 басқа жеткізуге қорытынды алып, тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Алдағы уақытта жалпы құны 200 млн. теңге құрайтын, жылына 2000 тонна етті өңдеп, консервілейтін зауыт пен шұжық шығару цехын салу жоспарлануда.

         3. «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы бойынша биылғы жылы 300,0 млн.теңгеге қосымша цех құрылысын жүргізіп, балық түрлерін өңдеуді жоспарлауда.

         4. Жеке кәсіпкер Т. Игіліковтың «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы бойынша биылғы жылы балық өңдеу цехын қайта жарақтандыру мақсатында қосымша 360,0 млн.теңге несие қаражатын алып, балық түрлерін өңдеуді жоспарлауда.

Алдағы уақытта өңделген өнімді Европа және ТМД елдеріне экспорттау үшін «Еврокод» алу жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы балық өңдеу цехын кеңейту, қайта жарақтандыру  мақсатында қосымша 40,0 млн. теңге несие қаражатын алып, балықты тұздау, ыстау, кептіру цехтарын салу арқылы тыран, торта басқа балық түрлерін өңдеуді қолға алу жоспарланып отыр.

         5. «Жеңіс» шаруа қожалығының «Түйе, жылқы сүтін өндіру және мал бордақылау кешені» жобасы. Жоба бойынша салынатын нысанның жоба-сметалық құжаттары мен құрылыс салу жөніндегі жұмыс жобасы жасалған. Қазіргі таңда                   1,8 гектар жер учаскесіне кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен кезең-кезеңімен бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

         Алдағы уақытта жобаны толық іске асыруға «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру мәселесі зерттелуде.





Қазалы ауданы бойынша өнеркәсіп саласының дамуы туралы

(І тоқсан 2017 жыл)

  Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың ақпан айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1815,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2017 жылдың 2 айында 1493,1 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады.

Оның ішінде:

Тамақ өнімдерін өндіру бойынша «Сыр маржаны» ЖШС, «Рза-Сүт» ЖШС, «Рза-Нан» ЖШС, «Рза-Агро», «Рза асыл-түлік» сүт, ет, күріш өнімдерін өңдеу және «СПК Қызылорда балық» ЖШС-і балық өнімдерін өңдеу жұмыстары бойынша 946,6 млн.теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 92,0 пайызды құрады.

Сүт өндіру: 2017 жылдың ақпан айында аудан бойынша 1666 тонна сүт өнімдері өндірілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңінде 834 тоннаны құрады.

«Рза-Сүт» ЖШС-і тарапынан 2017 жылдың 2 айында 128,9 млн.теңгенің сүт өнімдерін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 83,0 млн.теңгеге кем болды (2016 жылы– 211,9 млн.теңге), немесе 60,8 пайыз көлемінде.

 Нан және нан өнімдерін өндіру бойынша: 2017 жылдың ақпан айында                  284 тонна нан өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,9 пайызды құрады.

Ет өнімдерін өндеу бойынша: 2016 жылдың 2 айында аудан бойынша 52 тонна ет өнімдері (жас немесе тоңазытылған ет – 50 тонна, шұжықтар – 2 тонна) өндірілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңінде 27 тонна (жас немесе тоңазытылған ет – 26 тонна, шұжықтар – 1 тонна) өндірілген.

Күріш өнімін өңдеу бойынша 2017 жылдың ақпан айында 5681 тонна күріш өңделіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызды құрады.

Балық өнімін өңдеу бойынша 2017 жылдың 2 айында 68 тонна балық өңделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,0 есеге артық болды.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласы бойынша

«Асыл-Ғани» ЖШС, «Намыс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 0,8 млн. теңгенің құрылысқа қажетті пластикалық бұйымдары (есік, терезе) дайындалып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру көрсеткіші 4,0 есеге артық болды.

Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру бойынша «LCI-MK» ЖШС-нің, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Қазалы Жолшы» ЖШС, «Жол құрылысы басқармасы» ЖШС-і тарапынан 96,3 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 2016 жылмен салыстырғанда 7,0 есеге артық болды.

«LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы тарапынан 2017 жылдың 2 айында               61,1 млн. теңгенің құрылысқа қажетті темір-бетон бұйымдары өндірілсе,                 2016 жылдың тиісті кезеңінде 14,1 млн.теңгенің өнімдері өндірілді, немесе 4,0 есеге артық болды.

         Машина жасау бойынша көрсетілген қызмет пен өндірілген өнімі                         428,8 млн. теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда                         106,4 пайызды құрады.

«Қамқор Локомотив» ЖШС-не қарасты «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» бойынша 2017 жылдың 2 айында өндіріс көлемі 267,5 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 98,3 пайызды құрады.

«Қамқор вагон» ЖШС-не қарасты «Қазалы вагон жөндеу депосы» тарапынан 2017 жылдың ақпан айында 161,3 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанды 123,4 пайызды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша «Дәулетэнерго» ЖШС-нің Қазалы филиалының электр қуатын тарату, "Қазалы теміржол жылу" МКК-ы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша                        2017 жылдың 2 айында 231,6 млн.теңгенің қызметін көрсетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 162,3 пайызды құрады.

         «Қазалы Теміржолжылу» МКК тарапынан 2017 жылдың ақпан айында           93,6 млн.теңгенің қызметі көрсетілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңінде                              87,4 млн.теңгенің қызметі көрсетілген, немесе 107,1 пайыз көлемінде.

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша "Сумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу және пайдалану" МКК, «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшелері тарапынан 2017 жылдың ақпан айында суды жинау, өңдеу және бөлу жұмыстары бойынша көрсетілген қызмет көлемі 90,7 млн.теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 73,1 пайызды құрады.

«Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесі 2017 жылдың 2 айында 70,6 млн.теңгенің қызметі көрсетілсе,                        2016 жылдың тиісті кезеңінде 87,1 млн.теңгенің қызметі көрсетілген, немесе  81,1 пайыз көлемінде.

«Қазалы-Су сервис» МКК тарапынан 2017 жылдың 2 айында 7,7 млн.теңгенің қызметі көрсетілсе, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,8 пайыз көлемінде.

Алдағы уақытта ауданымыз бойынша жүзеге асырылатын бірнеше инвестициялық жобалар іске асыру жоспарланып отыр.

 Атап айтқанда:

1. «Рза» АҚ-ның  «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауыты жобасының ІІ кезеңін іске асыру» жобасы.

2. «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасы бойынша 2016 жылдың желтоқсан айында бордақылау алаңында мал басын 3000 басқа жеткізуге қорытынды алып, тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Алдағы уақытта жалпы құны 200 млн. теңге құрайтын, жылына 2000 тонна етті өңдеп, консервілейтін зауыт пен шұжық шығару цехын салу жоспарлануда.

3. «Қазалы Керуен» БК» ЖШС-нің құны 158,0 млн.теңге құрайтын «Көлік, сауда-логистикалық орталығы» жобасының 1- кезеңі «Қалааралық автовокзал салу» жобасы.

4. «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы бойынша биылғы жылы 300,0 млн.теңгеге қосымша цех құрылысын жүргізіп, балық түрлерін өңдеуді жоспарлауда.

5. Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтың «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы бойынша биылғы жылы балық өңдеу цехын қайта жарақтандыру мақсатында қосымша 40,0 млн.теңге несие қаражатын алып, балық түрлерін өңдеуді жоспарлауда.

6. «Жеңіс» шаруа қожалығының «Түйе, жылқы сүтін өндіру және мал бордақылау кешені» жобасы. Жоба бойынша салынатын нысанның жоба-сметалық құжаттары мен құрылыс салу жөніндегі жұмыс жобасы жасалған. Қазіргі таңда                   1,8 гектар жер учаскесіне кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен кезең-кезеңімен бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта жобаны толық іске асыруға «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру мәселесі зерттелуде.

7. «Сыр маржаны и К» ЖШС-нің құны 498,0 млн.теңге құрайтын, «Sinoil» ЖШС-нің құны 100,0 млн.теңге құрайтын және жеке кәсіпкер А.Байсуганованың “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық автокөлік дәлізі бойынан сервистік қызмет көрсету орталығы» жобалары.

Аталған жобалар іске қосылған жағдайда негізгі капиталға салынған инвестицияның өсуіне мүмкіндік береді.

Кіру