ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Бизнес Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы

2017 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласында

атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

Аудан бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары  барлығы 17 340  гектар жерге орналасты. Оның ішінде дәнді дақылдар 7260 га, майлы дақыл  470 га, картоп, көкөніс, бақша 2250 га,  мал азықтық дақылдар 7360 га.

Негізгі дақыл күріш 6800 гектар егіліп, меже 100 пайызға орындалды.

Бүгінгі таңда, егілген егістікті сумен қамтуда проблемалық мәселелер жоқ. Су көлемі жеткілікті.

Басықараға жоғарыдан 69,70 текше метр су түсіп, төменге секундына 368 текше метр су тасталуда. Ал, Оңжаға магистралды каналына 30,0 және Солжаға магистралды каналына 30,0 текше метр жіберілуде. 

Егілген егістіктен межеленген өнім алу мақсатында шаруашылықтар биылға барлығы 4221 тонна минералдық тыңайтқыш (о.і. аммоний сульфаты 1044,6 тонна, карбамид 1491 тонна, фосфор 60 тонна, аммиак селитрасы 64 тн, байытылған суперфосфат 1472 тонна) және егіс арамшөптеріне қарсы барлығы 5140 литр гербицид (Салито 500 литр, Рейнбоу 4600 литр, Лятрин 40 литр) сатып алды.

Бүгінгі күні шаруашылықтар күріш егісінің  2870 гектар (меже 5850 га) үстеп қоректендіріп, 5500 гектар (меже 5500 га 100 %) жерге арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізді.

Сонымен қатар, егілген 600 гектар сүрлемдік жүгері дақылының 100 гектарына 1 рет култивация жүргізіліп, үстеп қоректендіру жұмыстары жасалынды.

Сондай-ақ, күтімге алынған 4210 га ескі жоңышқаның 600 га тұқымға қалдырылып, бүгінгі күнге ораққа түсуге тиіс 3610 гектар түгелімен орылып, 2358 тн жоңышқа шөбі жиналып және 350 тн пішендеме (орта өнім 8,2 цн/га) қамбаға салынды. Екінші орым 15 шілдеден соң басталатын болып межеленуде.

Сонымен қатар, бүгінге 16,0 мың (меже 86 мың)  тонна табиғи шөп дайындалды.

 2017 жылға егіншілік саласында мемлекеттік қолдауға байланысты субсидиялау жұмыстары жалғасын тауып, қазіргі таңда субсидиялауға байланысты өтінімдер қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге аудан бойынша минералды тыңайтқыштар үшін 40,5 млн теңгеге ( «Сыр Маржаны» ЖШС 25,5 млн теңге, «Жалаңтөс батыр» ЖШС 7,2  млн теңге, «Агро Өркен» ЖШС 5,1 млн теңге,  «Ақмаржан» ШҚ 2,4 млн теңге, «Аймаханов» ШҚ 0,25 млн теңге ) Субсидиялау жұмыстары алдағы уақытта гербицид, тұқым, суармалы су қызметіне және басым дақылдар үшінде жүргізіледі. 

Аудан көлемінде 2017 жылы ерекше қауіпті шегіртке (италиялық прус пен азиялық шегіртке) зиянкестеріне қарсы межеленген 23 900 гектар (о.і. италиялық прус 12 430 га, азиялық шегіртке 11 470 га)  фитосанитарлық жұмыстар жүргізу толығымен аяқталды. Аталған зиянкестерге 1- әуе ұшағымен (дельтаплан) «Дельта-Юг», 1-жер агрегатымен (ОШУ-50)«Өсімдік қорғау» ЖШС және 2- жер агрегатымен(УМО-3) «Фитосанитария» РМК-ны жүргізеді. Шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына 694,5 литр Даклоприд, 1500 литр Комбат, 60 литр Геркулес инсектицидтері алынып пайдаланылды. Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары  атқарылды.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 2820 га (о.і. 1620 га шаруашылық жер, 1200 га мемлекеттік қор жері) жерге саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары межеленіп бұл жұмыстарда толығымен аяқталды.  

Мал шаруашылығы саласы бойынша: Aудандық статистика басқармасының жедел есеп мәліметіне сәйкес 2017 жылдың 1 маусымға ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2053,3 млн теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда нақты индекс көлемі 103,9% құрап отыр.

Өндірілген өнім бойынша ағымдағы жылдың 5 айында сүт өндірісі 6 119,6  тонна (2016 жылы 6 004,7 тонна) 101,9%, ет өндірісі 2073,4 тонна (2016 жылы 1287,9 тонна) 158,3 %, жұмыртқа өндірісі 253,3 мың дана (2016 жылы 252,4 мың дана) 100,4%-ға артығымен орындалып отыр.

Аудан бойынша барлық мал басының 4,5% ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесінде, 26,6%шаруашылық құрылымдарының үлесінде ал, 68,8%  жеке жұртшылыққа тиесілі.

Асыл тұқымды шаруашылықтардағымал басының үлес салмағы:

МІҚ малы бойынша 1 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудандағы МІҚ мал басының 4,0% құрайды. («РЗА» АҚ 01.07.2016 ж 1445 бас);

Жылқы малы бойынша 4 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудан бойынша барлық жылқы мал басының 8,3%(2033 бас) құрайды. («Шекер» - 507 бас, «Жеңіс» шқ – 418 бас, «Аржиков Б» шқ – 485 бас, «Атамекен-2» шқ – 623 бас);

Түйе малы бойынша 4 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудан бойынша барлық түйе мал басының 19,8%(1653 бас) құрайды. («Жеңіс» шқ –468 бас, «Аян» шқ– 230 бас, «Байқоңыргаз» ЖШС – 547 бас, «Серимов К» шқ – 408 бас).

Мал басы: 2017 жылдың 1маусымдағы МІҚ 36 055 басқа жетіп, (2016 жылы 35 144 бас)өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 911 басқа (102,6пайыз) өскен;

оның ішінде аналық сиыр 14 209 бас(2016 жылы 12 800 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1409 басқа (111,0 пайыз) өскен;

қой 66081 бас(2016 жылы 67164 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1083 басқа (98,4 пайыз) азайған;

ешкі 44189 бас(2016 жылы 45 209 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1020 басқа (97,7 пайыз) азайған;

жылқы 24260 бас(2016 жылы 21746 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2514 басқа (111,6 пайыз)өскен;

түйе 8 329 бас(2016 жылы 8 358 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29 басқа (99,7 пайыз) азайған;

құс 4 939 бас(2016 жылы 4297 бас) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 642 басқа (114,9 пайыз) өскен.

 Алайда, 2017 жылдан бастап мал басын бірдейлендіру жұмысын атқаруға МІҚ , жылқы және түйе малдарының сырғаланбауы мал басы есебінің нақты жүргізілуіне кедергі болуда.

Аудан бойынша ағымдағы жылы 1 маусымға 1438 МІҚ малын қолдан ұрықтандырылып отыр. Оның ішінде 454 бас елді- мекенкдерде, 984 бас «РЗА-Асыл түлік» ЖШС-де қолдан ұрықтандырылды.

«Сыр Маржаны» ЖШС-де«Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасы» аясында салынған МІҚ малын бордақылау алаңында бүгінгі күні 405 бас МІҚ малы бордақылануда. Жыл басынан бері 128 бас сойылып, етке өткізілді.

Сонымен қатар,«Сыр Маржаны» ЖШС-нің базасында халықаралық стандарттарға сәйкес жылына 2 мың тонна ет өндірілетін ет комбинатының құрылысын салу жоспарлануда. Ол үшін ИранИслам Республикасымен келісім жүргізілуде.

2010 жылдан бастап өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген «Рза» АҚ-ның 660 басқа арналған ірі қара комплексі және сүт өндеу зауытының бірінші кезеңі бойынша күніне 15 тонна сүт өндіру жоспарланып, қазіргі таңда аталған қуаттылық толық көлемде игерілуде. Жобаны толық қуатылықта жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге 2017 жылы аудандық бюджет есебінен 13,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

Алдағы жылы, ірі қара комплексінде  мал басын 1200 басқа ұлғайтып, жобаның  екінші  кезеңін іске асыруды жоспарлануда. Жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылған уақытта тәулігіне 30,0 тоннадан астам сүт өндірілетін болады.

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 2017 жылға  262 бас аналық сиыр мен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланып, осыдан бүгінгі күнге 3 шаруашылық 10,35 млн теңгеге 4 бас асыл тұқымды бұқа және 58 бас аналық сиырсатып алды.Сонымен бірге 1 шаруашылық  3,5 млн теңгеге  21 бас аналық және 1 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға құжаттар дайындалып өткізіліп отыр, жоспар 22,1% орындалды.

Сонымен қатар  «Сыбаға» бағдарламасы аясында сатып алынған асыл тұқымды бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау талаптарына сәйкес,шаруашылықтар бойынша 51 бас бұқа ауыстырылды.

Бұдан басқа ағымдағы жылы өз қаржысы есебінен 3 шаруашылық бір бастан3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынып, бағдарламаға қатысуда.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2017  жылға 125 бас аналық қой 5 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған, алайда әзірге сатып алғандар болмауда.

«Құлан» бағдарламасы арқылы 2017  жылға 62  бас аналық бие, 5 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күнге 3 шаруашылық 23,1 млн теңгеге 81 бас аналық бие және 7 бас асыл тұқымды айғыр сатып алып, жоспар 130,6% орындалды.

Аталған бағдарламаларға осы уақытқа дейін Аранды, Бозкөл, Бірлік, Тасарық, Сарбұлақ, Қызылқұм ауылдық округтері мүлде қатыспай отыр.

Қаржыландыру. Үстіміздегі жылы КС «Қазалы несие» ЖШС арқылы барлығы 85200,0 млн теңге көлемінде АШТӨ несие алуға қол жеткізді. Оның ішінде, мал шаруашылығы саласы 38,2 млн теңге(Ботабай ШҚ 3,2 млн теңге, ЫрысНұр ШҚ 4,5 млн теңге, Шолпан ШҚ 9,3 млн теңге, Даулет ШҚ 10,0 млн теңге, Зейнеп ана  ШҚ 11,2 млн теңге,).

Субсидия. Мал шаруашылығы саласы бойынша  2016 жылы 744804,9 млн  теңге қаржы қаралып 63 шаруашылық мемлекеттің қолдауын алуға қол жеткізді. Мемлекеттің тұрақты түрде қолдауының арқасында мал шаруашылығы саласының дамуының оң динамикасы қалыптасып отыр. Мал шаруашылығы саласын субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №30 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.

Биылғы жылы субсидиялаудың тиімділігін арттыру мақсатында мүйізді ірі қара малына жүргізілген селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды субсидиялау екі бөлініп, базалық норматив бойынша аналықтың басына 10,0 мың теңге және қараша айының 20 дейін төл шығымына қарай 60 %- ды қамтыса 6,0 мың теңге, 80%- ды қамтыса қосымша 8,0 мың теңге төленетін болады. Сонымен қатар ауылшаруашылығы кооперативтеріне басым бағыт беріп, ет өндірісі бойынша 1 бас МІҚ малына 20,0 мың теңге, сүт өндірісі бойынша 1 литр сүтке 10 теңгеден субсидия қаралды.

2017 жылы жергілікті бюджеттен 1408,2 млн. теңге қаралған.Бұл қаржы асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға және ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыруға кеткен шығындарды 50%-ға дейін өтеуге жұмсалатын болады. Бүгінгі күнге субсидиялауға байланысты «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды бұқа сатып алған шаруа қожалықтарға облыстық  бюджеттен 15 шаруа қожалыққа 7,350 мың теңге және сүт өндірісі бойынша 63,6 млн теңгеге субсидия төленді.

Су шаруашылығы саласы бойынша: Қазалы ауданы бойынша Азия Даму Банкісінің қаржысы есебінен 4720,28 гектар суармалы жерді айналымға қосу үшін, 2016 жылғы желтоқсан айындағы кезектен тыс Х сессиясымен 2017 жылға облыстық бюджеттен 79,4 млн теңге бөлінген болатын.

Қазіргі таңда, аудан аумағында орналасқан тоғыз ауылдық округтің қаржылық жоспарына 35,7 млн теңге және Қазалы ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің қаржылық жоспарына 43,7 млн теңге салынды.

 Осыған байланысты, ішкі шаруашылық каналдар мен шаруашылық каналдарды құжаттандыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда:

Майдакөл ауылдық округіндегі Еңбек каналының жер актісін жасату үшін 1 150,3 мың теңгеге конкурс жарияланып, «КазЮжПроект» ЖШС-гі жеңімпаз атанып жерге орналастыру жұмыстары жасалды. Қазіргі кезде, техникалық құжаттарын жасату үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал, 50 жыл КазССР каналының техникалық құжаттарын жасатуға 758,0 мың теңге бөлініп, «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Коорпарациялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы, жер кадастрі және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінің Қазалы бөлімшесі» арқылы 758,0 мың теңгеге келісім-шартқа қол қойылып, техникалық құжаттары дайындалды, қазіргі кезде бағалау жұмыстары атқарылуда.

Мұратбаев ауылдық округіндегі 2х2 және Р-2-2 каналдарын жер актісін жасату үшін 1 698,2 мың теңгеге конкурс жарияланып, «КазЮжПроект» ЖШС жеңімпаз атанып 755,0 мың теңгеге жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, Қырғыз каналының техникалық құжаттарын жасатуға 1 961,0 мың теңге қаралып, «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Коорпарациялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы, жер кадастрі және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінің Қазалы бөлімшесі» арқылы 635,2 мың теңгеге келісім шартқа қол қойылып техникалық құжаттары дайындалды, қазіргі кезде бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Көларық ауылдық округіндегі 3х-6 каналының жер актілерін жасатуға 734,7 мың теңгеге конкурс жарияланып, «КазЮжПроект» ЖШС-і арқылы 360,0 мың теңгеге жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Аранды ауылдық округіндегі Жайқонақ, Бозаша, Теріскенді каналдарының техникалық құжаттарына 4 622,9 мың теңге қаралып, «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Коорпарациялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы, жер кадастрі және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінің Қазалы бөлімшесі» арқылы келісім-шартпен 2 679,3 мың теңгеге техникалық құжаттары дайындалып, қазіргі кезде бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Өркендеу ауылдық округіндегі 1х-5-2, Бахы, 1х-5, Жылуан-1, х.в Бахы каналдарының техникалық құжаттарын жасату үшін 5 563,6 мың теңге бөлініп, «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Коорпарациялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы, жер кадастрі және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінің Қазалы бөлімшесі» арқылы келісім-шартпен 2 670,0 мың теңгеге техникалық құжаттары дайындалып, қазіргі кезде бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Қарашеңгел ауылдық округіндегі 5х-1, 5х-2, 5х4, Р-1, Шалабай каналдарының  техникалық құжаттарын жасату үшін 6 141,9 мың теңге бөлініп, «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Коорпарациялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы, жер кадастрі және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінің Қазалы бөлімшесі» арқылы келісім-шартпен 2 424,9 мың теңгеге техникалық құжаттары дайындалып, қазіргі кезде бағалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қазалы ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығымен табыстылған ішкі шаруашылық каналдарына 19172,0 мың теңгеге конкурс жарияланып, «Гео-Орда Проект» ЖШС-гі жеңімпаз атанып, 6 999,9 мың теңгеге келісім-шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда, ішкі шаруашылық каналдарына жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ескертпе: Алға ауылдық округіндегі 6-МК каналы 2013 жылы иесіз су шаруашылығы нысандарын есепке алу кезінде атауы қате жазылып, сот шешімі шығып, 2014 жылы Алға ауылдық округінің теңгеріміне берілген. Қазіргі уақытта, 6-МК каналының атауын 6-3К атауымен өзгерту үшін аудандық сотқа қажетті құжаттары жолданды. Сот ұйғарымы шыққан соң, тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

Ақжона ауылдық округіндегі Ақшүнгіл каналының жер актісін жасату үшін конкурс жарияланып, алайда конкурсқа түскен мекемелер тиісті құжаттарын толық тапсырмау салдарынан, конкурс уақыты 21 маусым күні ашылады. Ал,  Ақарық және Талды аша каналдарының жер актісі жасалынған, алайда техникалық құжаттарын жасату барысында қаулыларынан қателіктер кетіп, түзету жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта осы аталған екі округпен шұғыл жұмыстар жүргізілетін болады.

«Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің I-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

 

   Егіс көлемі. Инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестірудің 2015-2022 жылдар аралығындағы бірыңғай схемасын басшылыққа ала отырып 2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру  барлығы 17 340 гектарға межеленіп отыр  (2016 жылы 16848 га), оның ішінде;

-      дәнді дақылдар 7260 га (2016 жылы 7140 га),

-      мал азықтық дақылдар 7360 га (2016 жылы 7348 га),

-      картоп, көкөніс, бақша 2250 га (2016 жылы 2250 га),

-      майлы дақылдар 470 га (2016 жылы 110 га),

            Басты дақыл күріш егісінің көлемі 6800 гектар (2016 жылы 6670 га).

Дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді. Осының нәтижесінде майлы дақылдар 360 га, мал азықтық дақылдар 12 га ұлғайып, бақша дақылдары егісін өндірістік негізде өсіруді 400 га дейін жеткізу жоспарлануда.

Аудан көлемінде ерте егілетін дақылдар егу жұмыстары. Жаңа жоңышқа 2550 га (781 га 31 %), жаздық бидай 440 га (150га 34 %)  және мақсары 460 га (85 га 18%) орындалды. Сондай-ақ, 4210 га (33%) ескі жоңышқа тырмаланып, суғарылып, күтімге алынуда.

Тұқым дайындау. 2017 жылдың егісі үшін 3175 тн (қажеті 2100 тн) күріш тұқымы, 102 тн (қажеті 76 тн) жаздық бидай, 28,2 тн (қажеті 25 тн) жоңышқа және 27 тн (қажеті 14 тн) мақсары дақылы тұқымдары дайындалды.

Дайындалған күріш дақылы тұқымының 2235 тн (70,4 %) І-ші, 450 тн (14,2 %) ІІ-ші репродукциялы, 210 тн (6,6 %) ІІІ-ші репродукциялы, 280 тн (8,8 %) ІҮ-ші репродукциялы. Оның 230 тн Маржан, 370 тн КазЕр-6, 600 тн Новатор, 65 тн Лидер және 1910 тн Янтарь сорттары құрайды.

Бұдан басқа, сүрлемдік жүгері дақыл үшін қажетті 18 тн (оның ішінде франциядан обелин 6250 кг, сигента 3750 кг) тұқымын сатып алуға байланысты тиісті жерлермен алдын-ала келісімдер жүргізілді. Қалған тұқымдар шаруашылықтардың өздерінде бар.

«Казагрэкс» АҚ тұқым сараптау зертханасы мәліметі бойынша бүгінгі күнге барлығы жаздық бидай 102 тн, күріштен 2360 тн жоңышқа тұқымы 19,2 тн. барлығы         835 тн 35 %, жаздық бидайдан 102 тн 100 %, жоңышқа тұқымы             19,2 тн 100 %,), жүгері тұқымы 2,6 тн 77%   себу дәрежесіне жеткізілгендігі анықталып отыр. Қазіргі таңда шаруашылықтарда күріш тұқымын тазалап, себу дәрежесіне жеткізу  жұмыстары жалғасуда.

 «Рза-Агро» ЖШС-гі Түгіскен шаруашаылғынан 30 тн элита тұқымын, «Сыр Маржаны» ЖШС-гі Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінен 10 тн Фоварит тұқымын, Астрахан қаласынан 10 тн Новатор тұқымын алуға келісім шартқа отырды.

Сонымен қатар, алдағы жылдың егісі үшін 5105 га (меже 6385 га) сүдігер көтеріліп, 150 га (меже 150 га) жер қандыра суғарылса, 12,0 мың га (меже 20,0 мың га) шабындық пен жайылымдық суландырылды.

Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер дайындау. Аудан бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 4221 тн минералды тыңайтқыш  және күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын 5175 литр гербицид қажет.

Осыдан бүгінгі күнге дейін, барлығы 1852 тн (45,4 %) тыңайтқышы жеткізілді.

Техника дайындығы 2017 жылдың наурыз айындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 204 трактор, 55 соқа, 30 тұқым сепкіш, 49 автомашина және 80 трактор тіркемесі бар. Барлығы 100,0% жөндеуден өтті.

Жанар-жағар май. Көктемгі егіс дала жұмыстары үшін арзандатылған 1405 тн (наурызға 350 тн, сәуірге 485 тн, мамырға 570 тн) дизель отыны бөлініп, жеткізіп беруші оператор болып «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС және 1 литр жанар-жағармай 123 теңге болып белгіленді.

Көктемгі егіс дала жұмыстарын бастау үшін шаруашылықтар арзандатылған дизель отынын «Рза Агро» ЖШС- гі 65 тн, «Агро Өркен» ЖШС-гі 65 тн және «Сыр Маржаны» ЖШС-гі 65 тн  алды.                                                                                                            

Суармалы сумен қамтамасыз ету және су жүйелерінің дайындығы. 2017 жылы орналасатын ауыл шаруашылығы дақылдарын вегетациялық кезеңде тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 411,36 млн м3 және экологиялық қажеттілікке 270,0 млн м3 барлығы 681,36 млн м3 суармалы су лимитіне келісім алынды.

2017 жылдың егісіне су шаруашылығы нысандарын дайындауға байланысты бүгінгі күнге ішкі шаруашылық каналдарында 9 000 п/м су жолдары қамыстан тазартылып (жоспар 10000 п/м), 3 дана гидропост (жоспар 5 дана)  және  9 дана су сору қондырғылары  жөндеуден өтті.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру

Бүгінгі күні, КС «Қазалы несие» ЖШС арқылы барлығы 94,65 млн теңгенің несиелендіру жұмыстарына байланысты құжаттар дайындалып, «Сыр Маржаны» ЖШС 40,15 млн, РЗА-Агро ЖШС 12,0 млн, Жалаңтөс батыр ЖШС 35,0 млн  қаржысын алды.Қалған  Ақмаржан ШҚ-ғы 7,5 млн  теңгені сәуір айына дейін беріледі деп күтілуде.

Мал шаруашылығы. 2017 жылдың 1 сәуірге статистика басқармасының болжамдыжедел есеп мәліметі бойынша өндірілген ет көлемі (тірідей салмақта) 917,0 тн (2016 жылдың 866,6 тн)105,8 пайыз, сүт – 2040,7 тн (2016 жылы 1966,4 тн)103,8 пайыз, жұмыртқа – 62,9 мың дана (2016 жылы 62,4 мың дана) 100,8 пайызға орындалып отыр.

Мал басы.

МІҚ 32427 бас (2016 жылы 31817 бас) 610 басқа өскен(101,9 %), о.і.

аналығы14035 бас (2016 жылы 12851 бас)1184 басқа өскен (109,2 %),

қой 45888 бас(2016 жылы 46707 бас) 819 басқа азайған(98,2%),

ешкі 33915 бас(2015 жылы 34969 бас) 1054 басқа азайған (97,0%);

жылқы 21590 бас(2016 жылы 19012 бас) 2578 басқа өскен (113,6%);

түйе 7050 бас(2016 жылы 7136бас) 86 басқа өскен(98,8%);

құс 4939 бас(2016 жылы 4297 бас)642 басқа өскен (114,9%).

Аудан бойынша барлық мал басының 4,8 % ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесінде  27,1 % шаруа қожалықтардың үлесінде, 68,1 % жеке жұртшылық үлесінде.

Асыл тұқымды шаруашылықтардың мал басының үлес салмағы.

МІҚ малы бойынша1 асыл тұқымды шаруашылықта мал басы барлық  МІҚ мал басының 4,9% құрайды («РЗА» АҚ 01.04.2017 ж 1616 бас);

Жылқы малы бойынша 4 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудан бойынша барлық жылқы мал басының 8,4 пайызын құрайды. («Шекер» ШҚ - 412 бас, «Жеңіс» ШҚ– 356 бас, «Аржиков Б» ШҚ– 474 бас, «Атамекен-2» ШҚ– 563 бас);

Түйе малы бойынша 4 асыл тұқымды шаруа қожалығындағы мал басы аудан бойынша барлық түйе мал басының 19,7 пайызын құрайды. («Жеңіс» ШҚ– 381 бас, «Аян» ШҚ– 186 бас, «Байқоңыргаз» ЖШС – 488 бас, «Серимов К» ШҚ– 334 бас).

Мал бордақылау алаңы.«Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасы» аясында «Сыр Маржаны» ЖШС-де 500 басқа арналып салынған МІҚ малын бордақылау алаңында жыл басынан бері 128 бас мал (тірілей салмақта 5227 кг)  бордақыланып,  81 бас(тірілей салмақта 16222кг) сатып алынып Осыдан, бүгінгі күнге 100 басы (тірілей салмақта 50752 кг) сойылып сатылды.

Бүгінгі күні  алаңның қуатылығын 3000 басқа ұлғайтылып жұмыс жасауда. Сонымен қатар, осы жерге консерві зауытын қою жоспарланып, ет кластерін жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге, алаңда 109 бас мал бордақылануда.

Ресей мемлекетінің Астрахан қаласы әкімшілігімен 20 тонна ет өнімін экспортқа шығару үшін екі жақты меморандумға  отыру үшін келісімдер жүргізілуде.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында2017 жылы 262 бас аналық сиыр мен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған.Әзірге қатысушылар жоқ.

«Құлан»2017 жылы 62 бас аналық бие, 5 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланып, осыдан бүгінгі күнге 1шаруашылық11200,0 млн теңгеге 39 бас бие және 4 басасыл тұқымды айғыр сатып алды(Әйтке би кенті «Зейнеп ана» ШҚ)

«Алтын асық»бағдарламасы 2017 жылы 125 бас аналық қой мен 5 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. Әзірге сатып алушылар болмауда.

КС «Қазалы несие» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша ауданымызда 2017 жылы алынған несие 75200,0млн теңгені құрады.

р/с

Шаруашылықтар атауы

бағыты

Млн теңге есебімен

 

КХ Зейнеп ана

Құлан бағдарламасы бойынша

11200,0

 

КХ Ботабай

Мал шаруашылығы бойынша

3200,0

 

КХ Ырыс Нұр

Мал шаруашылығы бойынша

4500,0

 

КХ Шолпан

Мал шаруашылығы бойынша

9300,0

Барлығы

28200,0

 

2010 жылдан бастап өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген «Рза» АҚ-ның 660 басқа арналған ірі қара комплексі және сүт өндеу зауытының бірінші кезеңі бойынша күніне 15 тонна сүт өндіру жоспарланып, қазіргі таңда аталған қуаттылық толық көлемде игерілуде.

Алдағы жылы, ірі қара комплексінде  мал басын 1200 басқа ұлғайтып, жобаның  екінші  кезеңін іске асыруды жоспарлануда. Жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылған уақытта тәулігіне 30,0 тоннадан астам сүт өндірілетін болады.

Ауылшаруашылығы кооперативі. Аудан бойынша үстіміздегі жылы 31 ауылшаруашылығы кооперативі құрылып әділет басқармасынан тіркеуден өтіп 245 мүше бірігіп жұмыс жасауда.

Жеке секторлардың әлеуетін арттыру мақсатында 40 адам бірігіп құрылған «Шеңгелді» кооперативі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы «Береке» бағдарламасы аясында 160,0 млн теңге несие алды. Қазіргі таңда кооператив мүшелері мал бордақылау үшін жеке секторлардан 543 бас МІҚ  мал сатып  алып, әлі де жұмыстары жалғасуда.

«Нұр Аль-фараби» ауыл шаруашылығы кооперативі  60 бас сауын түйеден  сүт сауып өткізуде. Әрі қарай мал бордақылаумен айналысу үшін, өз қаржысы есебінен қора-жайлар салуда.

«Kazaly Agro» кооперативіне 24 адам бірігіп,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы    65,6 млн теңге несие алып жұмыс жасауда.

Жәрмеңке. 2017жылы 20 наурызда  аудан орталығында ауылдық округтер мен жеке кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы тауар өндірушілерініңқатысуымен ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өткізілді.  Онда жалпы құны 3830,0 мың теңгеге 12,5 тонна өнімдер нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен сатылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2017 жылға «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды әске асыру» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 95 маманға 323 332,0 мың теңге, көтерме жәрдемақы мен 3 пайызды төлеуге 39 872,0 мың теңге қаржы қаралып, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында игеріледі деп жоспарлануда.

Су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру. Аудан бойынша Азия Даму Банкісі арқылы іске асырылатын 4720,28 гектар айналымнан шыққан суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына сәйкес, 2016 жылғы желтоқсан айындағы кезектен тыс Х сессиясымен 2017 жылға облыстық бюджеттен 79,4 млн теңге бөлінді.

Осыдан, ауылдық округтердің теңгеріміндегі шаруашылық каналдарды құжаттандыруға 35,7 млн теңге және Қазалы ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің теңгеріміне алынатын ішкі шаруашылық каналдарын құжаттандыруға 43,7 млн теңге беріліп, белгіленген тәртіппен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты, 9 (тоғыз) ауыл округ теңгеріміне алынған 6 каналдың жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылдың наурыз айында конкурс жарияланып, 17 каналдың техникалық құжаттарын жасату үшін «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Коорпарациялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы, жер кадастрі және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінің Қазалы бөлімшесі» арқылы   жұмыстар жүргізілуде. Ал, ішкі шаруашылық каналдарды теңгерімге алу барысында 6 (алты) шаруашылықпен тиісті жұмыстар жүргізіліп, шаруашылықтардан өтініш хаттары мен шаруашылық құрлымдарының жалпы жиналысының хаттамалары алынып, аудан әкімінің қаулысы әзірленді.

Ішкі шаруашылық каналдарының құжаттарын заңдастыруға байланысты «Қазалы ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы ашық конкурс жарияланды.

Алдағы уақытта, аталған су шаруашылығы нысандарының құжаттарын жасау үшін жеңімпаз анықталған соң, заңдылықтарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.


Кіру