ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында аудан әкімдігімен қабылданған шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында аудан әкімдігімен қабылданған шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында аудан әкімдігімен қабылданған шаралар туралы

        Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында аудан әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі №190 қаулысымен сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында аудан бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті бесінші басымдық  ретінде бекітіп, «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты» деген болатын.

Осы орайда, аудан әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының жариялылығын қамтамасыз ету үшін және тұрғындарды сыбайлас жемқорлықтың көріністерін анықтауға бағытталған шараларды хабардар ету үшін аудан әкімдігінің Веб-сайты кеңінен пайдаланып отырмыз. «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі  жұмыс істейді.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі орынбасарларының және аудандық мекеме басшыларының  қатысуларымен аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы апта сайын өткізіліп келеді (12 айда аудан әкімі 2016 жылы – 300-дің үстінде жеке адамдарды қабылдады).

Мемлекеттік басқару органдарына сенімді арттыру мақсатында аудан басшылығының тұрғындармен кездесуі дәстүрге айналды. Онда  тұрғындарды толғандырып жүрген проблемалардың шешу жолдары қарастырылып,  нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жауаптылығын арттыру мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіліп, мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалып отыр.

Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық Кеңесі тұрақты жұмыс жасайды. Жыл көлемінде қоғамдық Кеңес мүшелері кестеге сәйкес азаматтарды қабылдап, бірлескен шешім қабылдау жүйесі қалыптасты.

Аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік органдарда ай сайын қызметтік іс жүргізу, жұмысты жоспарлау, заңдылық жағынан сауатты нормативтік актілер шығару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тәртіптік комиссияның жұмыстары туралы мәселелер жөнінде құқықтық оқулар ұйымдастырылды.

2017 жылдың 2 ақпанында аудан әкімдігінің мәжіліс залында барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібі туралы семинар кеңес өткізілді.   

Ағымдағы жылы мемлекеттік органға бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың және құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары басталды. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының жариялылығын арттыру мақсатында жергілікті баспасөздерде (аудандық 3 басылым) 2016 жылдың 12 айында 61 мақала жарияланса, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен  26 дөңгелек үстел, 21 халықпен кездесу, 15 отырыс, 42 семинар және 2 баспасөз мәслихаты өткізілді.

Аудан бойынша 6 баннерге (2 аудан орталығы, 2 Қазалы қаласында, 2 ауылдарда) жемқорлыққа қарсы тақырыпта ақпараттар ілінді.

Дегенмен де, қабылданып жатқан шараларға қарамастан 2016 жылдың 12 айында аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 32 қылмыс тіркелген.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ. Оның 3-і аудан әкімдігіне бағынысты органдарда (бұрынғы білім бөлімінің басшысы Е.Қалнияз бен кент әкімі С.Аманов, кызметтерін теріс пайдаланған, Алға ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі Л.Оспан, мемлекеттік қаржысынан өзіне артық ақша аударған), 1-і ішкі істер бөлімінде (Ө.Бұхарбаев, С.Садыков, пара алу фактілері), 28-і денсаулық сақтау саласында (Н.Кәрібаев) орын алған.

Статистикалық деректер көрсеткендей, аудан көлемінде жемқорлық қылмыстарының көбеюі бір ғана денсаулық сақтау ұйымы басшысының (Н.Кәрібаев) жүйелі жалғастырып келген әрекеттеріне байланысты болып отыр (28 қылмыс, 87,0 пайызы).

Осыған байланысты, облыстық денсаулық сақтау басқармасына аудандық аурухана қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 28 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның күн тәртібінде  «Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған іс-қимыл шаралары туралы» мәселе қаралып, хаттамалық шешім қабылданды.

Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратымен наурыз айында 2016 жылғы аудан әкімдігінің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, өткен жылы қылмыс тіркелген Әйтеке би кенті, Алға ауылдық округі әкімдерінің аппараттарына, аудандық білім және құрылыс бөлімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары басталды. Нәтижесі бойынша қабылданған шаралар туралы уәкілетті органда хабардар ететін боламыз.

Ендігі кезде, біздің қазіргі мақсатымыз аталған санаттағы қылмыстарды азайту болып отыр. 

Осыған орай, аудан әкімі тарапынан медицина ұйымдарының бас дәрігерлерінің, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілерінің тұрғындар көтерген мәселелер бойынша халыққа есеп беру әдістемесі әзірленуде. 

Аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдар ашықтық пен есептілік принципі бойынша қоғам алдында есеп беретін болады. Бұл жұмыстарға қоғамдық кеңесті және жергілікті қоғамдастықты кеңінен тартылып отыр.

Жемқорлықтың алдын алу үшін әр сала бойынша сауалнамалар жүргізіп, сауалнама нәтижелерін аудандық қоғамдық Кеңестің отырыстарында талқылап, мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтеміз.

Емханалар, білім беру ұйымдары, халыққа қызмет көрсету орталығында мерзімінде кезекке қоюдың тәртібін түсіндіру мақсатында ақпараттық насихаттық жұмыстары  күшейтілді. 

Аудан әкімдігі, ауданның денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, тіркеу, қабылдау, анықтамалық қызметтердің жұмысын қатаң бақылауға ала отырып, қызметкерлермен көрсетілетін медициналық қызметтерге, дәрі-дәрмектер үшін заңсыз ақы алмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге, сенім телефондарын қолдану тәртібі туралы тұрғындар кеңінен ақпараттандырылды.

Біз өз тарапымыздан, әрбір дербес бөлім басшыларына, кент, қала, ауылдық округ әкімдеріне қарамағындағы қызметкерлердің іс-әрекеттерінен жемқорлық сипатындағы теріс қылықтарды анықтаған жағдайда, ондай қызметкерлерді ұжым алдында әшкере етіп, жағымсыз себептермен қызметтен босатуға дейінгі қатаң тәртіптік шаралар қолданатын боламыз.

Елімізде жемқорлық сипатындағы әрбір қылмыстың төртіншісі мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі болса. Аталған салада ахуалды түбегейлі жақсарту үшін аудан әкімдігінің қаулысымен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Аудан әкімдігі мүдделі органдармен бірлесе отырып, жемқорлықпен ымырасыз күресті күшейтетін болады. 

Кіру