ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика

ЖҰМЫС ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

(2018 жыл Iтоқсан)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында Қазалы ауданы бойынша сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының жариялылығын қамтамасыз ету және тұрғындарды сыбайлас жемқорлықтың көріністерін анықтауға бағытталған шараларды хабардар ету үшін аудан әкімдігінің Веб-сайты кеңінен пайдаланылады. «Сенім телефоны»,  жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі жұмыс істейді.

Мемлекеттік басқару органдарына сенімді арттыру мақсатында аудан басшылығының тұрғындармен кездесуі дәстүрге айналды. Онда тұрғындарды толғандырып жүрген проблемалардың шешу жолдары қарастырылады.

Сондай-ақ, тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырыстары аудан әкімінің төрағалығымен өткізіліп, мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалды (Денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері туралы, Қазалы қаласы әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы, Әйтеке би кенті әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы, Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің профилактикалық  шаралары  туралы, Сыбайлас  жемқорлыққа  «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін жүргізілген насихаттық шаралар туралы).

Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық Кеңесі тұрақты жұмыс істейді. Қоғамдық Кеңес мүшелері кестеге сәйкес азаматтарды қабылдап, бірлескен шешім қабылдау жүйесі қалыптасты.

Аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік органдарда ай сайын қызметтік іс жүргізу, жұмысты жоспарлау, заңдылық жағынан сауатты нормативтік актілер шығару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тәртіптік комиссияның жұмыстары туралы мәселелер жөнінде құқықтық оқулар ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауыныңтоғызыншы міндеті - Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралары қабылданды.

Сонымен қатар, «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен құрылған мобильдік топ апта сайын еңбек ұжымдарында өз жұмыстарын жүргізуде.

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық марафоны сәуір айында Қазалы ауданында ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша алғышарттар қабылдап, алдын алу шараларын күшейтудеміз.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!», «Пара беру-бұл қылмыс», «Пара алу-бұл қылмыс» тақырыптарында түсіндірме парақшалар, «Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарлаған немесе онымен күресуге атсалысқан азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, біржолғы ақшалай сыйақы алады және мемелекет қорғауында болады» тақырыптарында жадынама таратылып, «Парасыз қоғам-Ұлт болашағы», «Адалдық пен сатылмайтындық Атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгісі», «Еліміздің өркендеуі адал және сатылмайтын азаматтардың қолында»  тақырыптарында кент, қала және ауылдық округтердің көрнекі орындарында бильборттар ілінді.



Сыбайлас жемқорлықпен күрес

(2018 жыл I тоқсан)


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазалы ауданында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен шаралар қабылданып жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жауаптылығын арттыру мақсатында аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіліп, мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалып келеді.

Атап айтқанда, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында, «Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған іс-қимыл шаралары туралы», «Ішкі істер бөлімінде жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған іс-қимыл шаралары туралы», «Қазалы қаласы әкімінің аппаратымен жемқорлықтың алдын алу және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру туралы» мәселелері қаралып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары жүргізілуде.

Комиссия шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына және кент, қала, ауылдық округі әкімдеріне, мүдделі мемлекеттік орган басшыларына жемқорлықпен күресті күшейту, өз аппараттарында жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күнделікті қатаң бақылау алу міндеттелді.

Оған қоса аппараттық мәжілістерде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына мемлекеттік және еңбек тәртіптерін қатаң сақтау, қаржылық заң бұзушылықтарға жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсету және т.б. мәселелері қатаң ескертіліп отыр.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында аудан әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі №190 қаулысымен сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында аудан бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

2018 жылдың 30 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық бойынша мобильдік топтың отырысы өтті.

Мемлекеттік органға бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың және құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!», «Пара беру-бұл қылмыс», «Пара алу-бұл қылмыс» тақырыптарында түсіндірме парақшалар, «Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарлаған немесе онымен күресуге атсалысқан азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, біржолғы ақшалай сыйақы алады және мемелекет қорғауында болады» тақырыптарында жадынама таратылып, «Парасыз қоғам-Ұлт болашағы», «Адалдық пен сатылмайтындық Атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгісі», «Еліміздің өркендеуі адал және сатылмайтын азаматтардың қолында»  тақырыптарында кент, қала және ауылдық округтердің көрнекі орындарында бильборттар ілінді.


Кіру

×