ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Сыбайлас жемқорлықпен күрес 2017 жылдың 1 жарты жылдығында «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысының А Н Ы Қ Т А М А С Ы

2017 жылдың 1 жарты жылдығында «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысының А Н Ы Қ Т А М А С Ы

2017 жылдың 1 жарты жылдығында

«Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген

ішкі талдау қорытындысының

А Н Ы Қ Т А М А С Ы

 

«Қазалы ауданы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12  бұйрығында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Осы талдау Қазалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №250 өкімімен бекітілген «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінiң қызметінде талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдаумен өкімде белгіленген аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Аудан әкімі аппаратында 6 бөлім бар, олар: Мемлекеттік құқықтық жұмыстар, Персоналды басқару (кадр), Электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі, Ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы, Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау, Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімдері.

Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына  мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдары тарапынан және Әділет департаменті тарапынан  қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтар коллизиялар мен олқылықтар нормаларының қайталануы анықталмаған.

Аудан әкімдігімен 137 (6 нқа тіркеуден өтті) қаулы, аудан әкімімен 205 өкім, 3 (1 нқа тіркеуден өтті) шешім қабылданған.

Сонымен қатар Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия аудан әкімдігінің қаулысымен құрылып, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жоспар және аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарларға сай тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша қажетті  шаралар  қабылдануда.

Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша: Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Құқықтық статистика органдарының деректерiне сәйкес есептi кезеңде Аппарат қызметiнде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзып тәртіптік жауапкерлікке тартылғандар фактілері жоқ.

Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылған. Барлық қызметкерлер  белгіленген мерзімде декларация тапсырған.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: Аудан әкімі аппараты Мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

Бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша: Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау  Функциялары  жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың толықтығы, объективтілігі, негіздемесі қорытындылап, қарастырылды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталады. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

2017 жылдың 6 айы бойынша аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 377 өтініш келіп түсті.

Жоғары органдардан келіп түскен 31 өтініш, оның ішінде:

- Қызылорда облысы әкімі аппаратынан –26;

- Аудандық  прокуратурадан - 5;

Барлық келіп түскен өтініштерді аудан әкімі және тиісті сала бойынша жетекшілік жасайтын сала басшылары қарап, өтініштер зерделеніп, орындалуына бақылау жүргізеді.

Барлық 273 өтініштер бақылауға алынып, қолданыстағы заңдылықтарда көрсетілген мерзім ішінде жауап әзірленіп, өтініш иесіне жолданды.

Түскен өтініштердің негізгі бөлігі жер телімі бойынша – 160, тұрғын үй бөлу туралы – 8, жұмыспен қамту - 18, коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 16 және басқа да мәселелер жөнінде – 54, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны - 17.

Сонымен қатар, аудан  әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау тұрақты жүргізіледі.

Аудан әкімінің жеке қабылдауында 89 азамат, аудан әкімінің орынбасарларында – 15 азамат болды. Жеке азаматтарды қабылдау кезінде басым бөлігі азаматтардан туындаған жұмыспен қамту,тұрғын үй бөлу жөнінде, коммуналдық шаруашылық, жер телімін бөлу және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірмелер беріліп, жазбаша түрде уақытылы жауаптары жолданды.

Жергілікті «Қазалы», «Тұран Қазалы» газеттерінде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметiне қатысты сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің атына сын айтылған теріс  мақалалар жарияланбаған.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ұсыныстар:

1. Аудан  әкімі  аппаратының  қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдалану, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын  жүргізуде  әлеуметтік  желілерді,  интернет-ресурсты  кеңінен  қолдану;

2. Аудан әкімдігінің  интернет  ресурсын  жүргізуде  Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 16 қарашадағы  «Ақпаратқа  қол жеткізу  туралы»  Заңының  талаптарының  сақталуын  қадағалау;

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысын одан әрі қамтамасыз ету.

Кіру