ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Халықпен жұмыс

1. Қазалы ауданы әкімі аппаратында азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 2002 жылғы 4 қыркүйек N 974

2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 

12-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

    Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн. 
    Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

2. Қазалы ауданы әкімі аппаратында қала әкімінің, оның орынбасарлары және аппарат басшысының азаматтарды қабылдау кестесі мен байланыс телефондары:

Тегі, аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

Шамұратов

Нәжмәдин  Шәкизадаұлы

Аудан әкімі

 Әр аптаның бейсенбі күні сағ. - 16 00  ден-1900 –ге дейін

Әйтеке би  №60

79-2-80

            2  

Бабанаев

Совет  Кеңесұлы

Аудан  әкімінің орынбасары

Әр аптаның сейсенбі күні сағ. 16 00 ден

-1900 -ге дейін

Әйтеке би  №60

79-2-80

             3    

Мұратбаев

Жарасхан Нұрсұлтанұлы

Аудан  әкімінің орынбасары

Әр аптаның

дүйсенбі күні сағат 16 00 ден

-1900 -ге дейін

Әйтеке би  №60

79-2-80

             4

Қаржаубаев

Арман Молдабайұлы

Аудан  әкімінің орынбасары

Әр аптаның жұма  күні сағат 16 00 ден

-1900 -ге дейін

Әйтеке би  №60

79-2-80

5

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Әр аптаның сәрсенбі  күні сағат 16 00 ден

-1900 -ге дейін

Әйтеке би  №60

79-2-80

3. 2017 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша Қазалы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу барысы жөнінде ақпарат.

2017 жылдың ІІ тоқсанында аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 377 өтініш келіп түсті.

Жоғары органдардан келіп түскен 31 өтініш,оның ішінде:

- Қызылорда облысы әкімі аппаратынан –26;

- Аудандық  прокуратурадан - 5;

Барлық келіп түскен өтініштерді аудан әкімі және тиісті сала бойынша жетекшілік жасайтын сала басшылары қарап, өтініштер зерделеніп, орындалуына бақылау жүргізеді.

Барлық 273 өтініштер бақылауға алынып, қолданыстағы заңдылықтарда көрсетілген мерзім ішінде жауап әзірленіп, өтініш иесіне жолданды.

Түскен өтініштердің негізгі бөлігі жер телімі бойынша – 160, тұрғын үй бөлу туралы – 8, жұмыспен қамту - 18, коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 16 және басқа да мәселелер жөнінде – 54, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны - 17.

Сонымен қатар, аудан  әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау тұрақты жүргізіледі.

Осы уақыт ішінде аудан әкімінің жеке қабылдауында 89 азамат, аудан әкімінің орынбасарларында – 15 азамат болды. Жеке азаматтарды қабылдау кезінде басым бөлігі азаматтардан туындаған жұмыспен қамту,тұрғын үй бөлу жөнінде, коммуналдық шаруашылық, жер телімін бөлу және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірмелер беріліп, жазбаша түрде уақытылы жауаптары жолданды.

Осы өтініштерді талдау барысында аудандық жер қатынастары және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және хал  актілерін  тіркеу  бөлімі, жұмыспен қамту орталығына қатысты мәселелер болып отыр.

Өтініш берушілердің көпшілігі - жұмыссыздар, зейнеткерлер, тұрмысы төмен азаматтар, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер.

Басшылардың жеке қабылдауына алдын ала жазылуды аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау  бөлімі ұйымдастырады.

Байланыс телефоны :8(724-38) 21-7-78, 79-2-80.

4. Азаматтарды қабылдау тәртібі

Аудан әкіміне, оның орынбасарларына және аппарат басшысына жеке қабылдауға жазылуды аудан әкімі аппаратының  құжаттамалық қамтамасыз ету  және бақылау бөлімі іске асырады.

Азаматтарды қабылдау бөлмесі мына мекенжай бойынша орналасқан:  Қазалы ауданы ,  Әйтеке би кенті, 60, № 11 кабинет.

Азаматтарды қабылдау бөлмесі күн сайын сағат 9-дан 18-ға дейін жұмыс істейді. Байланыс телефондары: 8(724-38)21-7-78,79-2-80

Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі

Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтінішінде – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке арыз иесі қол қоюы не ол электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.

Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауа­зымы, тегі және аты-жөні, өтініш жа­сау себептері мен талаптары көрсетіледі.

Қарауға жатпайтын өтініштер: мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәлі­меттер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш; мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.

Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.

Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

Егер өтініште баяндалған мәселе­лерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.

5.Қазалы ауданы әкімі аппаратында қала әкімінің, оның орынбасарлары және аппарат басшысына электронды сауалнама қою және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына сілтеме арқылы көре аласыз:өту(Kazaly.gov.kz) 

6. «Электрондық үкімет» порталына өтініш беру 

«Электрондық үкімет» порталында «Электронды өтініштер» сервисі арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына өтініш жазып, жіберу мүмкіндігі бар. Сіз өтінішіңіздің тиісті жеріне жету және оның мәртебесін бақылау кепіліне ие болып, жауабын «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіңізден ала аласыз.

3. 2017 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазалы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу барысы жөнінде ақпарат.

2017 жылдың І тоқсанында аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 232 өтініш келіп түсті.

Жоғары органдардан келіп түскен 17 өтініш,оның ішінде:

- Қызылорда облысы әкімі аппаратынан –14;

- Аудандық  прокуратурадан - 3;

Барлық келіп түскен өтініштерді аудан әкімі және тиісті сала бойынша жетекшілік жасайтын сала басшылары қарап, өтініштер зерделеніп, орындалуына бақылау жүргізеді.

Барлық 188 өтініштер бақылауға алынып, қолданыстағы заңдылықтарда көрсетілген мерзім ішінде жауап әзірленіп, өтініш иесіне жолданды.

Түскен өтініштердің негізгі бөлігі жер телімі бойынша – 129, тұрғын үй бөлу туралы – 4, жұмыспен қамту - 11, коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 7 және басқа да мәселелер жөнінде – 24, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны - 13.

Сонымен қатар, аудан  әкімі аппаратында бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау тұрақты жүргізіледі.

Осы уақыт ішінде аудан әкімінің жеке қабылдауында 44 азамат, аудан әкімінің орынбасарларында – 6 азамат болды. Жеке азаматтарды қабылдау кезінде басым бөлігі азаматтардан туындаған жұмыспен қамту,тұрғын үй бөлу жөнінде, коммуналдық шаруашылық, жер телімін бөлу және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамалар бойынша түсіндірмелер беріліп, жазбаша түрде уақытылы жауаптары жолданды.

Кіру