ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Қазалы ауданының әкімдігі Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
 
Инвестициялық субсидиялау қандай ережеге сәйкес беріледі?
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 01 ақпандағы №48 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес төленеді.
 
Жер телімдерін алу жолдары қалай?
1.ҚР азаматтарына және оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру тәртібі «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 27.03.2015 жылғы №255 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
2.«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік жолының бойынан көліктерге қызмет көрсететін соңғы үлгідегі кешен (қонақ үй, мейрамхана, дәмхана автотұрақ т.б.) салып, кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскесін алу бойынша.
Аталған мақсаттарға жер алудың 2 жолы бар:
Біріншісі - тікелей сауда-саттық арқылы.
Екіншісі - жобаны өңірлік үйлестіру кеңесіне енгізіп, қолдауын тауып, сауда-саттықсыз тікелей алу.
Бұдан бөлек, «Қазавтожол» акционерлік қоғамының келісімі міндетті түрде алынуы керек.
3.Сонымен қатар, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер санатынан шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алу "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 жылғы №290 бұйрығына сәйкес  жүзеге асырылады. Яғни аталған мақсаттағы жер учаскелері сауда-саттықтар (конкурстарда, аукциондарда) арқылы уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табысталады.
 
Арнайы мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ жас маманға қалай жұмысқа орналасуға болады?
Жоғары білім алған  жас маман  тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет. Жұмыспен қамту орталық мамандары бос жұмыс орындарын ұсынады. Бос жұмыс орындары болмаған жағдайда,  мамандығы бойынша жастар тәжірибесі арқылы тәжірибеден  өтуге жолдама алуға мүмкіндігі бар. 
 
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі? 
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік саласына үкіметтік және салалық бағдарламалар шеңберінде көрсетіліп жатқан қолдау шаралары аз емес. Мәселен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау негізінде кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие қаражаттары, 3 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант қаражаттары ұсынылып, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымдар жеткізілуде.
Сонымен бірге, «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде банктер арқылы 180 млн. теңгеге дейінгі несие қаражаттары 8,5 пайызбен 5 жыл мерзімге ұсынылуда.
Бұдан бөлек, ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлері үшін «Микробизнес-Қызылорда» жобасы шеңберінде 10 млн. теңгеге дейінгі несие қаражаттары 10 пайызбен кепіл мүліктері (жер учаскелері, каркасты тұрғын үй, , өндірістік және әкімшілік ғимараттар) негізінде ұсынылуда.
Тұрғын үйге мұқтаж адамдарға кімдер жатады? 
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 69-бабына сәйкес, егер:
1.есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;
2.есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;
3.осы елдімекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ болса;
4.өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
5.жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
6.отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
 
Атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады?
Атаулы әлеуметтік көмек алуға  отбасының (азаматтың)  орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда құқылы.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет: 
1)белгіленген үлгідегі өтініш;   
2)жеке басын куәландыратын құжат; 
3)қағидадағы нысанға сәйкес бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
4)қағидадағы нысанға сәйкес бойынша өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;
5)қағидадағы нысанға сәйкес бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
6)өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
7)жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жасалған жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.
Құжаттардың тұпнұсқасымен көшірмесін тұрғылықты жері бойынша  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –не, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына»; кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне  көрсету  қажет.
 
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтаманы қайдан алуға болады?
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қалалық және аудандық білім бөлімдерімен «Азаматтар үшін  үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы, бұған қоса  «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
«Азаматтар үшін үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы:
1.нысан бойынша өтініш;
2.көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3.бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс  жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
порталда:
4.көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда)  «Азаматтар үшін үкімет»  мемлекеттік корпорациясы қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады
Кіру

×