ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Экономика
Билік
Құқық
Экономика

Аудан әкімінің орынбасарлары



Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жарылқағанов Әлімжан Мұратбайұлы 1958 жылы 18 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ұялы елді мекенінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1984 жылдары Қазақтың С.Киров атындағы мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша, 1999 жылы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық уиверситетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1975 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, еңбекшілер  депутаттары Қазалы поселкелік кеңесі атқару комитетінің, әскери-есеп инспекторы болып бастаған. 1976 жылдың ақпан-шілде айларында Қызылорда облысы, Қазалы аудандық колхозаралық құрылыс мекемесінде жұмысшы, 1976-78 жылдары Кеңес әскері қатарында, 1978-79 жылдары Алматы қаласында Қазақ дене тәрбиесі институтында қамтамасыз ету агенті, 1979-84 жылдары Алматы қаласында Қазақтың С.Киров атындағы мемлекеттік университетінің тыңдаушысы, 1984-87 жылдары Целиноград қаласында Целиноград облыстық телерадиокомитетінің радио тілшісі, аға редакторы, 1988-92 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қаласында Қапшағай  қалалық  радиотарату  редакциясының  жауапты  редакторы, 1992-94 жылдары Қазақ мемлекеттік  телерадио хабарларын тарату компаниясының Алматы қаласы мен облысына радиохабарларын тарату  бас редакциясының бас редакторы (төраға дәрежесінде), 1994-95 жылдары «Қазақстан теледидары және радиосы» корпорациясының халықаралық 3 каналының басшысы, 1995-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігіі Баспасөз орталығының бастығы, Министрдің баспасөз хатшысы, 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі көліктегі Бас Ішкі Істер Басқармасы кадр жұмысы Басқармасы бастығының орынбасары, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің әйелдер, қоныс және жасөспірімдер колонияларындағы сотталғандар арасында тәрбие жұмыстары жөніндегі қызмет бастығы, 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің ақпарат, қоғаммен байланыс және мемлекетік тілді дамыту басқармасының бастығы, 2004 жылдың тамыз-қазан айларында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі көліктегі Орталық Ішкі Істер Басқармасы Астана станциясындағы Желілік Ішкі Істер бөлімі бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, 2004-2007 жылдары ҚР Ішкі Істер Министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы, 2007-2008 жылдары Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  көліктегі Батыс ішкі істер Департаменті бастығының кадр  жөніндегі орынбасары, 2008-2009 жылдары Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің   өкілетті өкілі (Штаб Департаменті бастығының орынбасары құқығында), 2010-11 жылдары Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Жазаларды орындау», «Исполнение наказании» журналының директоры, 2011-12 жылдары Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы, 2012-13 жылдары Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы – баспасөз хатшысы, 2013-14 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2014-15 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы, 2015-17 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы, 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Запастағы полковник, филология ғылымдарының кандидаты. 2017 жылдың қараша айынан бастап Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.



Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы 4 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін жерге орналастырушы  мамандығы, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1997 жылы Шаған агрофирмасында жұмысшы болып бастаған. 2006-2007 жылдары «Қызылордажер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник қызметкері, инженер, 2007-2008 жылдары «Қызылордажер 2» Жер-сәулет фирмасында жеке еңбек шарты негізінде «жер қатынастары және заңдастыру» бөлімінің бастығы, 2008-2012 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші, бас маманы, бастығы, 2012-2016 жылдары Қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бастығы,
2016-2017 жылдары «ГосГрадКадастр» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры, 2017-2018 жылдары Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан бастап Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.



Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Бабанаев Совет Кеңесұлы - 1965 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1986 жылы Қарағанды кооперативтік институтын экономист мамандығы, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазалы аудандық дайындау кеңсесінде қосалқы ауылшаруашылығының есепшісі болып бастаған. 1992 жылдан бастап салық инспекциясында 24 жылдан астам уақыт қызмет атқарып, Қызылорда облысы бойынша салық инспекциясының бөлім бастығынан, Ақмола облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары,Арал, Қазалы, Жалағаш аудандары бойынша салық басқармасының басшысы, 2014-2016 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.




Кіру

×