ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика

Аудан әкімі

Шамұратов Нәжмадин Шәкизадаұлы - Қазалы ауданының әкімі

Сұрақ қою

Қабылдау кестесі



Өмірбаян

 Нажмадин Шәкизадаұлы Шамұратов – 29.03.1963 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1980 жылы Қазалы ауданындағы № 64 жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмысшы ретінде бастаған.

1981-1986 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоротивтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын бітірген. Мамандығы- инженер-гидротехник.

1996-1999 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2002-2005 жылдары Алматы қаласындағы «Қайнар» Университетінен Экономист мамандығын бойынша бітірген.

1986-1989 жылдары №64 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, құрылыс шебері, инженер ПТО;

1989-1992 жылдары Қазалы аудандық комсомол комитетінің І хатшысы;

1992-1993 жылдары аудан әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы;

1993-1997 жылдары Жаңақазалы поселкелік мемлекеттік құрылыс-жөндеу бөлімшесінің бастығы;

1997-2000 жылдары «Нұр» өндірістік кооперативтің төрағасы;

2000-2002 жылдары «Қазалы-құрылыс» ЖШС директоры;

2002-2004 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары;

2004 жылы Қазалы ауданының әкімі;

2005-2010 жылдары аралығында Қызылорда облысынының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы;

2010-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы;

2011-2013 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры;

2013 жылдың ақпан-маусым айларында Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы;

2013 шілде-2015 маусым бастап Қармақшы ауданы әкімі;

«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрмет белгісімен,

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен,

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке 10 жыл» Алғыс хатымен марапатталған.

2015 жылдың маусым айынан бастап Қазалы ауданының әкімі


Функционалдық міндеттері:



1) аудан әкімдігінің, қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының жұмысына басшылық жасау. Орталық атқарушы органдардың барлық аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің келісімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аудан мүддесін білдіру;

штаттан тыс орын алған жағдайларда және қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғау және басқа органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық жедел штабтың жұмысына басшылық жасау;

2) әлеуметтік-экономикалық саладағы реформаларды тереңдету;

ауданды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын жүзеге асыру;

аймақтық инвестициялық саясатты жүзеге асыру;

ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту;

кадр саясатын жүргізу;

аудан аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыру;

3) ведомствоаралық консультативті-кеңесші органдардың жұмысына басшылық жасау.



Кіру