ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Қоғам
Билік
Қоғам
Басты бет Билік «Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» партиясы


«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының 2018

жылдың 12 айында атқарған

 жұмыстары жөнінде мәлімет

         «Нұр Отан» партиясы қазіргі таңда Қазақстандағы ең қуатты партия екендігін сөзімен де, ісіменде дәлелдеп келе жатқан партия. Бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы  ішкі партиялық тәртіпті сақтау, партия Жарғысын орындау, партияның стратегиялық бағыттарын қолдау  барысында, Орталық партия аппаратының «Аумақтық партия филиалдарының жұмыс регламенті» ережесіне сәйкес жұмысын жүргізіп отыр.

          «Нұр Отан»  партиясы Қазалы аудандық филиалында 143 партиялық топ  36 БПҰ біріккен. 2018 жылдың 01 қаңтарынан 5516 партия мүшесі тіркелген болса, 2018 жылдың 12 айында партия қатарына 40 адам партия мүшелігіне өтсе, 119 адам түрлі себептермен  партия қатарынан шыққан, қазіргі таңда  2019 жылдың 01 қаңтарында 5437 адам бар.

Кіру

×