ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастыру
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген.
Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Сондықтан бедел азаматтардың мемлекеттік органдарға қатысты мінез-құлқын едәуір негіздей отырып, қоғамның мемлекеттік қызметті және оны реформалау бағдарламасын қолдау деңгейін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру аталған әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуінің және дамуының, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметі мен мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.
Бедел, яғни имидж (ағылшын тілінің image сөзінен) – тұлғалардың белгілі бір тобына эмоционалды-психологиялық ықпал етуге бейімделген мақсатты қалыптастырылатын бейне, образ (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесі).
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс.
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген.
Сонымен, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшінің өзі жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция, патриоттық сезім сияқты қасиеттерге ие болып, мемлекеттік қызметшінің моралдік бейнесі болуы тиіс.
Тәртіптік теріс қылық жасағаны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге мынадай жазалаулар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн. 
Мемлекеттік қызметшілердің 8 этикалық нормалары.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың  2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен.
Мемлекеттік қызметші мынадай этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. 2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
5. Кез келген орында, кез келген лауазымда, қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.
8. Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
 
Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы беделі және рөлі
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген. Әлемдік өркениетте мемлекет ұғымы қоғам өмірінің төрінен ойып тұрып орын алады. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты үшін мемлекеттік қызмет беделін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік жүйені дамыту басым бағыттар болып табылады. Өзінің тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміз үшін алдағы орында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын қалыптастыру ісінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі негізгі рөлді атқарады. Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік қызметкердің бойынан табылуға тиіс мінез-құлқының, адамгершілігінің, абыройының негізгі белгілерін атап өткен.  Бұл құндылықтар - жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және патриот болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру идеологиялық, саяси әрі мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды».  Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен жүріп-тұру ұстанымдары барлығына мәлім. Оның абыройы – мемлекеттік билік абыройының бір бөлігі. Халық нақты бір мемлекеттік қызметшінің және биліктің барлық тармағындағы мемлекеттік орган басшыларының жұмысын бағалай отырып, мемлекеттік билікке жалпылай баға береді. Бұдан мемлекеттік қызметшілерге қандай үлкен жауапкершілік артылғанын аңғаруға болады. Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке үміткер өз халқының алдындағы асқан жауапкершілікті сезіне отырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруы қажет. Мемлекеттік қызметші өз өкілеттігімен, билігімен дұрыс қолдана білуі әрі әділ болуы керек. Ол мемлекеттік қызметте өз игілігі үшін емес, елінің береке-бірлігі үшін жұмыс істеуі, өз қалтасын мемлекеттік қаражатпен шатастырмауы, олардың аражігін ажырата білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің өмір салты заң талаптарына толық сәйкес болуы шарт. Қандай да бір лауазымда болмасын, кез келген жағдайда, мемлекеттік қызметші өз елінің азаматтары мен халқының сенімінен айырылмай жұмыс істеуі керек.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Кіру