ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Аудан Сайлау Сайлауға әзірлік пысықталды

Сайлауға әзірлік пысықталды

Сайлауға әзірлік пысықталды

 

         Ауданда өкілеттігі аяқталған 12 округте, атап айтқанда Ақжона, Алға, Аранды, Басықара, Бозкөл, Көларық, Қарашеңгел, Қызылқұм, Майдакөл, Майлыбас, Өркендеу, Мұратбаев ауылдық округтерінде және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Тасарық ауылдық округі мен Әйтеке би кенті әкімінің сайлауы осы жылы 7 тамызда өткізілмекші. Осыған орай аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылғы 28 шілдеде семинар-кеңес өткізіліп, оған аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, сайлауға қатысты мекемелер басшылары, әкімдікке кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары шақырылды.

         Семинар-кеңесте хабарлама  жасаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жалғасбай Жаппарберген Жақсығұлұлы өкілеттігі аяқталған және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған ауылдық округтер мен Әйтеке би кентіне ұсынылған кандидаттар мен олардың сенімді адамдарының сайлау науқаны кезіндегі міндеттеріне тоқталды.

         Сайлау өткізілгелі отырған 14 округтер әкімдігіне кандидаттыққа аудан әкімі 42 кандидатты ұсынды, оның 4-і жөніндегі ұсыным кері қайтарылды. Бүгінгі күнге әкімдікке кандидаттыққа 38 адам, оның сенім білдірген адамдары болып 45 адам тіркелді. Үстіміздегі жылғы 23 шілдеден бастап кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жұмыстары басталды, ол 5 тамызда түнгі сағат 00:00 де аяқталады. Әкімдікке кандидаттар аудандық  мәслихат депутаттары-таңдаушылармен кездесіп, оларды өз бағдарламаларымен таныстырды. Баспасөз беттерінде кандидаттардың өмірбаяндары, суреттері және  сайлауалды бағдарламалары жарық көруде, таңдаушыларға буклеттер жасалып, таратылуда.

         Кандидаттардың сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізуге жәрдемдеседі, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен,  аудандық сайлау комиссиясымен қарым-қатынаста кандидаттың мүдделерін білдіреді. Сайлау күні әр кандидаттың бір сенім білдірген адамы сайлау процесіне қатысып, дауыс санау нәтижелерін бақылап отыруына болады.

         Белгіленген сайлау заңдылықтарына сәйкес әкімдерді сайлау аудандық мәслихат депутаттары-таңдаушылар отырысында өткізіледі. Сайлауға таңдаушылардың түгел қатысуы қамтамасыз етілуі тиіс. Егер таңдаушылар отырысына аудандық мәслихат депутаттарының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болады. Аудандық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама жасайды. Таңдаушылар отырысы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жәрия еткеннен кейін жабылады.

         Таңдаушылардың дауысы тең болған жағдайда, қайта дауыс беру өткізіледі. Қайта дауыс беру сайлау күні өткізіледі. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты айқындауға мүмкіндік бермесе аудандық сайлау коммиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

         Семинар кеңесте қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Семинар кеңесті аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Жалғасбай қорытындылады.

Кіру