ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Аудан Сайлау Брифингтегі хабарламасы

Брифингтегі хабарламасы

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Жалғасбайдың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізілетін Брифингтегі хабарламасы

Аудандық мәслихат депутаты Н.Кәрібаевтың оз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі өтінішін қараған аудандық сайлау комиссиясы мәжілісінің 5 қаңтардағы хаттамалық шешімімен оның өтініші қанағаттандырылды.

Аудандық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 18 қаңтардағы қаулысымен №3 Қазыбек би сайлау округі бойынша өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған аудандық мәслихат депутатының орнына сайлау 26 наурызға тағайындалды. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, олардың орналасқан жері, сайлау учаскесі мен округінің шекаралары аудандық «Қазалы» газетінің 21 қаңтардағы санында жарияланды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 26 қаңтар 26 ақпан аралығында депутаттыққа кандидаттарды ұсыну жүргізіліп, осы мерзімде «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы  1 азаматты және 3-і өзін-өзі ұсынды. 26 қаңтар -1 наурыз аралығында кандидаттарды тіркеу жүргізіліп,4-де тіркелді, бірақта  депутаттыққа кандидат Қ.Әбілов өз өтінішіне сәйкес кандидаттықтан бас тартты. Кандидаттарды тіркеу жөніндегі хабарламалар  аудандық  «Қазалы» газетінің 22 және 28 ақпандағы санында жарық көрді.

Күнтізбелік жоспар бойынша 2 наурыздан басталып, 24 наурыз күні сағат 24-00-ге дейін депутаттыққа кандидаттардың сайлаудағы үгіт жұмыстары басталады. Оларға үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленді, кандидаттардың сайлаушылармен  кездесуі үшін шарттық негізде үй жайлар беріледі. Бұл хабарлама «Қазалы» газетінің 28 ақпандағы санында жарық көрді.

Аудандық кірістер басқармасы арқылы депутаттыққа кандидаттар мен олардың зайыбының тапсырған декларациялары тексерілу үстінде. Оның қорытындысын салық органдары кандидат тіркелгеннен кейін 15 күн ішінде тексеретін болады.

Депутаттыққа кандидаттардың берген өтініштеріне сәйкес олардың сайлау науқанын өткізуге жәрдемдесетін сенім білдірген адамдары (әрқайсысы – 2 адамнан)  округтік сайлау комиссиясында тіркелді. Сайлауды өткізуге барлығы  2036,0 мың теңге қаралып отыр, әрбір кандидатқа сайлау алды үгіт жұмыстарына 153,0 мың теңге бөлінді.

Қазір сайлаушылар тізімін нақтылау жүріп жатыр. Осы жылғы 6 наурыздан кешіктірмей Әйтеке би кенті әкімдігі сайлаушылар тізімін актімен учаскелік сайлау комиссиясына тапсыратын болады. Ал, учаскелік сайлау комиссиясы тізімді тағыда нақтылап 11 наурыздан кешіктірмей сайлаушыларға таныстыру үшін сайлау учаскесі ғимаратына ілетін болады.

Сайлау күні дауыс беру  сағат 7-00-ден  20-00-ге дейін жүргізіледі. Сағат 20-00 де сайлау учаскесі жабылады және дауыстарды санау жүргізіледі. Сайлау бюллетендері  учаскелік сайлау комиссиясына сайлау басталатын күннен 2 күн бұрын жеткізіліп беріледі және полиция қызметкерлерінің қарауында болады.  Учаскелік сайлау комиссиясы барлық сайлаушыларының сайлау өтетін күні, уақыты және дауыс беретін орын жөнінде хабардар етуге тиісті.

№57 учаскелік және №3 Қазыбек би округтік сайлау комиссияларының құрамында өзгерістер жоқ. Сайлау комиссиялары мүшелерінің барлығы бұрын сайлау науқандарына қатысып жүрген азаматтар мен азаматшалар.

Сондықтан аудандық мәслихат депутатын сайлау ұйымшылдықпен өткізіледі деген сенімдеміз. №57 сайлау учаскесіне қарайтын сайлаушылардың сайлау күні өзі қалаған депутаттыққа кандидатқа дауыс беріп, өзінің конституциялық құқығын, азаматтық парызын өтейді деген сенімдеміз.

Кіру